Жыныс жолының ауруы көбеюде
Қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған, жазылмайтын ауру – СПИД яғни АИТВ яғни адамның имундік тапшылығы вирусы аймағымызда да тіркелді. Аталмыш індетті ел көлемінде 300-ден астам адам жұқтырған. Сонымен қатар басқа да жыныс жолының жұқпалы мерез, гонорей, трихомониаз қатарлы аурулар аймағымызда тіркеліп отыр. Дегенмен бұл аурулар 2020 жылмен салыстырғанда біршама азайған. Мәселен аймағымыз көлемінде 2020 жыл 34 адам трихомониаз, 113 адам соз немесе гонорей ауруын, 44 адам мерез ауруын жұқтырса, 2021 жылы 20 адам трихомониаз, 88 адам гонорей, 27 адам мерез ауруын жұқтырған. Бұл аурулардан алдын-ала сақтану үшін әр азамат өз жұбына адал болып, кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту керек дейді мамандар.