Ел ертеңінің арқауы – Президент жолдауы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіндеМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің халыққа жолдауы, талқыланды. Бұл жолдау 1қыркүйек білім күніне орай ел жүрегіне жол тартты. Еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске қадам басқалы тұрған осы бір ерекше кезеңде жасалған бұл жолдаудың Қазақстан халқы үшін орыны бөлек, берері мол жолдау болды. Өйткені мемлекет басшысы жолдау барысында жұрт көңілінде жүрген түйткілді мәселелерді ортаға қойып, оны қалай шешу жолдарын айқындап, алдағы жылдары атқарар міндеттерімізді белгілеп берді.
Президент жолдауын біздер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары бастан аяқ зор ықыласпен тыңдап, әрбір тармағына дейін талқыға салып, рухын бойымызға сіңіре білдік.
Жолдау – белгілі мерзімде ел дамуына арналған басты құжаттардың бірі екендігі белгілі. Бүгінгі Жолдау стратегиялық тұрғыдан да, нақтылығымен де сипатталып отыр. Президент жолдауының негізгі бөлігі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге бағытталды. Соның ішінде жолдаудың білім беру мен ғылым саласына арналған бөлігі аса маңызды. Әсіресе жолдауда айтылған, кейбір оқу орындарындағы «Білім саласын бизнеске айналдырып алған» жәйттерін сынға ала отырып, еліміздегі маңызы зор Ұлттық университеттің ұстаздары ретінде бұндай жәйтке әсте жол бермей, ел болашағы жастарға жүйелі білім беру жолында қажыр-қайратымызды аямау керектігі алға тартылды. Жемқорлық пен парақорлық кез-келген мемлекет үшін өте қауіпті. Бұндай дерт жайлаған қоғамда даму, өркендеу болмайды. Осы қатерлі дерттің білім беру, ғылым саласында орын алуы, мемлекеттің дамуына тигізер кері әсері өте ауыр болатындығы белгілі. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірнеше жылдан бері «Таза сессия», «Жеморлықтан арылған университет» акцияларын іске асыруда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің басшылығымен 2020 жылдың 19 тамызында «Коррупцияға қарсы күрес мәселесі атты» Кеңесте атап өткен «Жүйелік негізде коррупцияның алдын-алу» міндетін орындауға мүмкіндік беретін бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде антикоррупциялық мәдениет пен антикоррупциялық сана қалыптастыруды көздейтін «ғылыми-ағарту» кластері құрылған. Аталған кластер аясында «Саналы ұрпақ» жобалық офисі, «Антикоррупциялық технологиялар» ғылыми-зерттеу институты және «Азаматтық бақылау» атты қоғамдық қабылдау офисі жұмыс атқаруда. Бұдан өзге, университетіміздің 16 факультетінде «Этикалық комиссия» және «Университеттің антикоррупциялық комиссиясы» белсенді жұмыс істеуде. «Саналы ұрпақ» студенттер клубы жұмыс істейді.
Антикоррупцияның жүйелі түрде алдын алу шараларының бірі- оқытушылардың қоғамдағы мәртебесі мен тұрмыстық жағдайын көтеру екендігі белгілі. Бұл үшін Президентіміз де бар жағдайды жасайтынын да мәлімдеді. Мәселен: «2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыру туралы шешім қабылданды. Президент, одан кейінгі уақытта да жалақы кезең-кезеңімен өсетін болады» , – деді .
Жолдауда Жоғары оқу орындарының да атқарар міндетінің ауыр екені атап көрсетілді: «Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек.»- деді Президент.
Қашан да жастарды қолдауды алдыңғы орынға қоятын мемлекет басшысы бұл жолдауда да: «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарау керек. Біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз» деп атап айтты. Сонымен қатар ғылым саласындағы ахуалға да ерекше назар аударуды талап етті. «Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз», отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді?»-дей келіп, Президент көкейімізде жүрген аса ауқымды мәселерге назар аударғанын университет ұжымы ықыласпен қабылдады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде Мемлекет басшысының биылғы тарихи маңызға ие жолдауын талқылай келе ұстаздар қауымы жолдау рухын негізге ала отырып, әлеуетті, дамыған Қазақстан құру жолында ұрпақ санасына ақаусыз білім нәрін себеуіміз керек екенін тағы да бір санамызға ұялатқандай болды. Жолдаудың негізгі мазмұнынан шығатын қорытынды мынау: әр сала қызметкерлері өз ісінің шебері болса, еліміздің болашағы бұдан да кемел, ұлт мәртебесі бұдан да биік болмақ.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгідайындық кафедрасының оқытушылары:
М.Ш. Тойғанбекова, Ө.Д.Сандықбаева, А.М.Какенова