ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ СЕНБІЛІК
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде Монғолия, ҚХР, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Иран, Ауған Ислам Республикасы тағы басқа елдерден келген отандастар білім алуда. Шетелден келген жастарды аз уақыттың ішінде тілді меңгертіп, Қазақстан тарихынан мол мәліметтер беріп, өз отанын сүйюге, құрметтеуге, патриотты азамат болып шығуына көп үлес қосуда. Сонымен қатар қоғамға еркін араласып кетуіне бағыт-бағдар беру істерінің маңызын арттырып, осы мақсатта ауқымды іс атқарып келеді. Шетелден келген қандастар тілдік ортаға тез бейімделіп, қалаған мамандықтарын игеру үшін мұнда, дәрістен тыс атқарылатын тәрбиелік және қоғамдық іс-шаралар өткізіп отыру жоспары жақсы жолға қойылған. Осының арқасында шетелден келген отандастардыңда, қоғамымызға қосылған ауқымды мәдени істерге, өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ факультет, кафедра жанынан ашылған оқытушылардың клуб, үйірме жұмыстары да, осы мақсатта жұмыс атқарып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ерекшелігі, барлық шетелден келген жастарының шоғарланған жері болғандықтан, оларға Қазақстанның дамуы туралы дұрыс пікір қалыптастырып, бір үйдің баласындай бауырмал болып бейбітшілікте тұруын қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының татулығын көрсету. Қонақ жай халқымыздың ұлттық руханиятын еселеуге, оны дәріптеуге жастардың рухани дамуына, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына қалыптастыруда шын мәнінде мағыналы, пайдалы деп айта аламыз. Фаультетімізде қазақ диаспора өкілдерімен бірге бұл жерде әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік азаматтар осындай танымдық білім алып, қазақ тілін үйреніп, қазақтың салт-дәстүрімен танысып, тарихын, мәдениетін игеруде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып, білім алу – кез-келген жастың арманы. Оған ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының білікті ұстаздары кәсіби білім беріп, жоғары деңгейде оқуға түсуге еңбек сіңіруде. Айтпағымыз, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті тазалық денсаулық кепілі ретінде «Бүкіл қалалық сенбілікке» факультет, кафедра басшылары, оқытушылар тобымен шығып аула тазалығына ат салысып, қызу белсенділік көрсетті. Қоршаған ортаның тазалағына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда жасалып жатқан сенбіліктер, қала тынысының кеңеюіне үлесін қосады деген ойдамыз. Бұндай сенбіліктер біздің қоғамымызға керек шаралардың бірі. Өйткені ұжымдық рухты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып тұру үшін маңызы зор. Біріншіден жастарды еңбекке баулу болса, екінші жағынан денсаулыққа пайдалы іс-шаралар. Тазалық табалдырықтан басталады демекші, бұл өздері білім алып жатқан оқу орнына, сонымен қатар өздері ауасын жұтып жүрген қаласына деген құрметті білдіреді. Тазалық жанашырлары оқу корпустарының айналасын қоқыстан тазартып, айналаның көркейуіне өз үлестерін қосты. Бұл шаралар адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынасы мен қамқорлығын көрсетеді. Қалалық атқарылған сенбілік жоғары деңгейде атқарылып өз мәресіне жетті.
ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
Сандықбаева Ө.Д., Мажиқызы Н., Ибрагимова М.Н.