Наурызбаева Зүбайра Айдарқұлқызының өлеңдері
Ақын Абай
Ақиық, арда ақын, Абай ақын
Ұлылығын көрсетіп өткен ақын.
Қараңғылық қамалын жалғыз бұзып,
Түрен жолды тың жерден тартқан ақын.
Мәңгүрттікті ерттеп мінген мешеулікке,
Шам жағып сәуле нұрын шашқан ақын.
Көзі ашық көрсоқырды жолға салып,
Бұлақ көзін бір-бірлеп ашқан ақын.
Кемтарғабөліпберіп, қолдабарын.
Зорлыққа қарсы шыққан жайсаң ақын.
Жетімді жебей жүріп, төрге оздырып,
Малдыға басын имей өткен ақын.
Ұрпағын сара жолға сала жүріп,
Еліне даңғыл жолды ашқан ақын.
Көкте тұр темірқазық, жол көрсетіп.
Ал, Абай, жерде жанған дара жұлдыз.
Жаһанның бағдаршамы, болғаны анық.
Көзі ашық, кемел жандар ерте оянған
Ақынның айтар ойын бұрын ұққан.
Әлемнің бар ғалымын, бас идірген.
Қазақтың кемеңгері болған Абай.
НаурызбаеваЗүбайраАйдарқұлқызы (Байдан)
Әл-Фараби атындағыҚазақҰлттықуниверситеті, қызметкер
11.08.2023 ж.
Түп сана
Түркілердің тұмары,
Текті қала Түркістан.
Түп тамырың жайлаған,
Мекеніңболдыжайғасқан.
Екінші мекке атанған,
Зиярат еткен қанша жан.
Топырағын тәу етіп,
Бас июге зар болған,
Жете алмай жүр көп адам.
Ұлылар жатқан бұл қала,
Тарихта қалған түп сана.
Жатқанда жайың құт болып,
Жұмақтан болғай жайыңыз.
Әзірет-Сұлтан бабамыз,
Тәу етіп келіп тұрамыз.
Қасыңа келген пендеге,
Шапағат етіп тұрасыз.
Наурызбаева Зүбайра Айдарқұлқызы (Байдан)
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, қызметкер
23.05.2024ж.
Ұлықорған
Сары ыраң басқан сары дала,
Қиыннан қиыс жол тартқан.
Қазына қымбат жауһарлар,
Тарихтан терең сыр шерткен.
Ұлы қорған Сауранның,
Топырағы киелі.
Сүткеилеген саз балшық,
Кесек болып құйылған.
Қолдан қолға өткізіп,
Әзірет-Сұлтан мешіті.
Сол кесектен қаланған,
Білесің оны тарихтан.
Үш ұлылық бірігіп,
Көрсетіп тұр тектілік.
Көне қалаТүркістан,
Әзірет-Сұлтан мешіті
Осы жерге салынған.
Бой тұмарың Түркістан,
Әзірет-Сұлтан жайғасқан.
Құт береке дарыған,
Тайқазаның орныққан.
Көк күмбезі көз тартар,
Аспан менен таласқан.
Тіреуіш жоқ бақан жоқ,
Күмбезі қалай салынған.
Әзірет-Сұлтан мешіті,
Ұлылар жатқан құт мекен.
Сәулетті әсем кесене,
Күншілік жерден көрінген.
Ұлыларды ұлықтап,
Батыр бағлан бас иген.
Қол қу сырып алдында,
Тал шыбықтай иілген.
Бұлмешіттісалдырған,
Ақсақ-Темірбабамыз.
Ұстаалдырыпшетелден,
Ерекшеетіпсоқтырған.
Ою-өрнек бояулар,
Ішкі-сыртқы сәні бар.
Қаншама жыл қажымай,
Ыждағатпен салдырған.
Қасында бар қосалқы,
Жер астында бөлмелер.
Дәріс беріп шәкіртке.
Намаз оқып дем алар.
Мұнда тұрған көп бөлме,
Сыр шертеді ғасырдан.
Сыры кетіп сынымен,
Тұрған әсем бұйымдар.
Дуалменен жалғасқан,
Ас ішетін орын бар.
Жайылған кенеп дастарқан,
Үстінде тола ас тұрған.
Қос басты ожаушөміштер,
Қымызшұбатсапырар.
Жал мен жая салынған,
Астау, табақ тартылар.
Жез самаурын сақырлап,
Қыш кесеге шай құяр.
Күбі,келі-келсапты,
Қолдан шапты ұсталар.
Ұлылар киген киімдер,
Бешпет, ішік,бөріктер.
Аналар таққан бұйымдар,
Алқа, сырға, шолпылар.
Қыздарға сән беретін,
Білезік, жүзік өңірлер.
Алтын,күміс асыл тас,
Қолдан соқты шеберлер.
Кәмшат бөрік оқалы,
Қосетек көйлек бүрмелі.
Қынама бел қамзолдар,
Бәрін тіккен ісмерлер.
Батырлар мінген тұлпардың,
Ер тұрманы ерекше.
Ат әбзелдер бөлекше,
Найза, қылыш асынар.
Бетке ұстар қалқаны,
Тобылғы сапты қамшысы.
Үзеңгі, сулық, құйысқан,
Жанына торсық байлатқан.
Киізден тоқым бастырған,
Жібектен жабу жаптырған.
Асыл таспен бедерлеп,
Ноқта,жүген тақтырған.
Кетпен, орақ,соқамен,
Егін егіп,жер жыртқан.
Астық алып еңбекпен,
Сонымен де жан баққан.
Қос дөңгелек арбаны,
Атқа жегіп жол жүрген.
Фабрика, завод жоқ,
Барлық істі меңгерген.
Сан ғасырлар өткен соң,
Тамашалап жүрміз біз.
Жеткенін шет іліміз,
Жыр етіп айтып жүреміз.
Наурызбаева Зүбайра Айдарқұлқызы (Байдан)
Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық университеті, қызметкер
12.05.2024жыл.
Бал бөбек
Балғын бөбек бал бөбек,
Апаңа жаным кел бөбек.
Құшағыма ене ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Ақбесікке салайын,
Жағдайыңды жасайын.
Әлди айтып өзіңді,
Тербетейін күн-айым.
Ақ отауың ақ бесік,
Атадан қалған мұра ғой.
Тәтті-тәттіт үскөріп,
Тал бесікте жата ғой.
Періштелер тербетіп,
Бабаларың қорғасын.
Қимылдамай қолдарың,
Тыныш қана жатасың.
Батыр баба, күйші ата,
Ақы наға, патша да
Тал бесікте тербелген,
Әлдиімен даланың.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Аналар мехнат көп тартқан.
Түшкіріп қалсаң тұмаудан,
Жаны қалмай жүгірген.
Тоғыз ай, он күн көтерген,
Дүниеге әкелген.
Өзің өсіп жеткенше,
Тілеуіңді тілеген.
Анадан артық жан бар ма?
Бәйек болар жаныңа,
Әке сенің тірегің
Керек болса жаныңа,
Құрбан болар жолыңа.
Әди, әлди бөпешім,
Ұйықтай қойшы көкешім.
Ата-анаңс енің жұмыста,
Жылағаның дұрыс па?
Таң нұрындай арайлым,
Қуанып саған қараймын.
Қарақат көзің мөлдіреп,
Жәудіреп маған қарайсың.
Періште бейне, пәк жүрек,
Арайлап атқан ақ таңдай.
Жымиып қарап күлгенің,
Жарқырап күн шыққандай.
Жұпар иісі аңқыған,
Ақтамақтан өбейін.
Сен жүргенде томпаңдап,
Нұрға толды маңайым.
НаурызбаеваЗүбайраАйдарқұлқызы (Байдан)
Әл-Фараби атындағыҚазақҰлттықуниверситеті, қызметкер
18.11.2023 жыл