Сүйеніш Талғатбекұлы. Әкемнің әтір жағылған жейдесі
Әкемнің әтір жағылған жейдесі
Әкемнің әтір жағылған жейдесі,
Оның ішінде орналасқан даладай кеудесі,
Кеудеде жүрек бар зерікпес,
Қайғы да қуаныш, бәрі бар, о несі?!
Әкемнің әтір жағылған жейдесі,
Иіскемей тұра алмас кейде осы,
Аңқамды кептіріп, зарығым барамын,
Азық боп миыма, қондырған зердесі!
Әкемнің әтір жағылған жейдесі,
Асқар тау балаға дейді осы,
Сағынып жүрсің ба ұлыңды,
Бүгінде түсімде бейнесі!
Әкемнің жейдесі, мен сені кетпеймін иіскемей!!