«Эрхэмсэг тэмүүлэлт бүсгүйчүүд» үкіметтік емес ұйымы полиция басқармасымен бірігіп жұмыстауда
Барлық мемлекеттің, адамзат өмір сүріп отырған қоғамның көптеген көлеңкелі тұстары бар. Солардың бірі – отбасы зорлық-зомбылығы. Қоғамдағы әйелін, баласын сабап, денесіне жарақат түсіруді отбасы зоракерлігі деп түсінеміз. Алайда отбасы зоракерлігінің көптеген түрлері әр отбасында кездесіп жатады. Зорлық-зомбылық денесіне жарақат салу, ой-сана және жыныстық зорлау, экономикалық зорлық деген сияқты түрлері көп. Осыларға жеке-жеке тоқталсақ: ең әуелі дене жарақатын салу, денсаулығына зиян келтіру, үйдегі заттарды лақтыру, шаштан жұлу, пышақ мылтық сияқты суық қару қолдану, тіптен адамның өміріне қауіп төндіруді зоракерліктің ең шегіне жеткен түрі деп білеміз. Елімізде 2016 жылы отбасы зорлық-зомбылығына қарсы заң бекітіліп, 2017 жылдан бері отбасы зорлық-зомбылығы туралы қайшылықтар дер кезінде анықталып, азаматтар да бұл туралы заң орындарына көптеп жүгіне бастаған. Өкінішке орай отбасы зорлықтарын жасырып, отбасын сақтау мақсатында құрбан болып отырған әйелдер көп. Бұл үнсіздікті зорлық жасаушы өз мақсатына асырып, қылмысқа дейін барған жағдайлар кездесуде. Өткен жылы зорлық-зомбылық салдарынан құлыптаулы есіктің артында сегіз адам қайтыс болған. Егер маңайыңызда жәбір көріп, жапа шеккен бір адамды көрсеңіз, байқасаңыз міндетті түрде заң органдарына хабарлауыңыз керек. Ал, келесі түрі рухани жақтан зорлық-зомбылық көрсету. Бұған менсінбеу, ат қойып айдар тағу, қорқыту, ұрсу, бопсалау, ізіне түсу, басқа адаммен қарым-қатынасына шектеу қою, өшесу, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр ету қатарлылар жатса, экономикалық зорлық-зомбылыққа келсек ақша жұмсау құқығын шектеу, жұмыссыз қалдыру, экономикалық ақша табатын мүмкіндіктерін шектеу, өзі тапқан ақшасын отбасына жұмсамау, ақшаны басқа құмар ойындары мен арақ-шарапқа жұмсау т.б көптеген себептерді жатқызса, келесісіне жыныстық зорлық жатады.
Зорлық-зомбылыққа қарсы көптеген бейресми ұйым-мекемелер жұмыс жасайды. Соның бірі – «Эрхэмсэг тэмүүлэлт бүсгүйчүүд» үкіметтік емес ұйымының да атқарған ролі зор. Олар әрдайым полиция басқармасының отбасы зорлық-зомбылығымен күрес бөлімімен бірігіп жұмыстайды. Олар әйелдердің басын қосып құқықтық білімдер беріп, зорлық-зомбылықпен қалай күресу қажеттілігі жөнінде білім береді. Сонымен қатар қыздармен, оқушылармен де бірігіп жұмыстайды.
Сондай-ақ аймағымызда зардап шегушілерге көмек көрсететін бір терезе орталығы 2018 жылы пайдаға берілген. Өткен жылы яғни 2019 жылы барлығы 47 отбасы зорлық-зомбылығына қатысты қылмыс-қайшылық бойынша 11 азамат осы орталыққа паналап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жұмыстадық. Ал, жыл шыққаннан бері 3 айғы мәліметпен 30 адамға даяшылық көрсеттік. Ел көлемінде алғашқы үш айғы жағдаймен 8003 қылмыс тіркелген. Өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1902 қылмыспен яғни 19,2 пайызбен, отбасы зорлық-зомбылығына қатысты қылмыс-қайшылық 279 тіркеліп өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 104 қылмыспен яғни 27,2 пайызбен азайған. Отбасы зоракерлігіне қатысты орын алған қылмыс-қайшылықтың 254-і немесе 91 пайызы жеңіл, 25 немесе 9 пайызы ауыр түрдегі қылмыс болып отыр. Сонымен қатар өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 29,1 пайызбен азайған. Осы қатарлы қылмыстардың 48,1 пайызы Улаанбаатар қаласында, 51,9 пайызы жергілікті жерлерде тізімделген. Ал,жыл шыққалы бері ел көлеміндегі полиция ұйымдарына отбасы зорлығына қатысты 30131 қайшылық тексеріліп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1193 немесе 61,6 пайызбен өскен көрсеткіште. Осыдан 2244 қайшылыққа заң бойынша шара қолданылды. Сондай-ақ қайшылық шығарған 50 адамға 6млн 255 мың төгрөгтің айыппұлы салынып, 2194 адам қамауға алынды. Аймақ көлемінде тоқталатын болсақ отбасы зорлық зомбылығына байланысты 35 адам 7-30 қонақ аралығында уақытша қамауға алынып, 776 сағаттық мінез құлыққа қатысты арнайы оқытуларға қамтылды. Отбасы зоракерлігінің ең басты алғы шарты – арақ-шарап қолдану. Кейбір әйелдер қысым көрсе де маманның көмегіне жүгінбейді. Бұл аса үлкен қателік. Зорлық-зомбылыққа ешқашан мойынсұнуға болмайды. Әрі зорлық-зомбылыққа ұшыраушыны кінәлауға болмайды.
«Эрхэмсэг тэмүүлэлт бүсгүйчүүд» үкіметтік емес ұйымының үйлестірушісі Б.Алтанцэцэг