ҚазҰУ – Қазақ елінің білім саласындағы көшбасшысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің білім беру жүйесінің асқар шыңы. Бұл оқу орнының жоғары білікті профессор-оқытушылары, зерттеу орталықтары мен ғылыми жобалары Қазақстанды халықаралық білім аренасында танытатын басты күш болып табылады. ҚазҰУ өзінің жоғары оқу орнына тән ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ студенттеріне тәлім-тәрбие беруде жаңа әдіс-тәсілдер қолданумен ерекшеленеді.
Университеттің халықаралық аренада зор абыройы бар. Оның ғылыми қызметі әлемдік деңгейде танылып, көпұлтты ғылыми қауымдастықпен белсенді жұмыс істейді. ҚазҰУ-дың зертханалары, ғылыми жобалары мен инновациялық бастамалары жоғары деңгейде дамыған, бұл университеттің Қазақстандағы және әлемдегі ең үздік оқу орындарының қатарынан табылуына себеп болып отыр.
ҚазҰУ өзінің білім беру бағдарламалары арқылы Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Әрбір студент университетте алған білімін тек ел ішінде емес, халықаралық деңгейде де іске асыра алады. Университет қазірдің өзінде халықаралық ғылыми қауымдастықтарда бірегей үлесін қалдырып, үздік зерттеу жобалары мен инновациялық идеялар арқылы еліміздің даму жолында маңызды қадамдар жасалып келеді.
ҚазҰУ өзінің 90 жылға жуық тарихында тек білім беріп қана қоймай, мәдениет пен ғылымды дамытуға үлкен үлес қосқан. Студенттер мен оқытушылардың тығыз ынтымақтастығы оқу ордасының шығармашылық орта болып қалыптасуына ықпал етті, осының арқасында университет көптеген халықаралық гранттар мен жобаларды жеңіп алуда. Университеттің ғылыми қызметі мен білім беру саласындағы жетістіктері ұлттық және халықаралық деңгейде жоғары бағалануда.QS World University Rankings және QS Asia University Rankings секілді беделді рейтингтерде жоғары орындар иеленіп, халықаралық деңгейде өзінің сапалы білім беру стандартын дәлелдеді.
2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз тарихында маңызды оқиғаға – 90 жылдық мерейтойы. 1934 жылы негізі қаланған ҚазҰУ еліміздің ең үлкен әрі ең беделді жоғары оқу орны болып, білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның орталығына айналды. Бұл мерейтой университеттің дамуы мен еліміздің білім беру саласына қосқан елеулі үлесін атап өтетін ерекше кезең болып табылады. 90 жылдық тарихында ҚазҰУ көптеген түлектерді даярлап, халықаралық аренада қазақстандық білімнің биік тұғырын бекітіп келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ(https://farabi.university) – бұл тек оқу орны емес, болашаққа жол ашатын бірегей алаң. Университет өзінің студенттеріне терең білім мен ғылымның қыр-сырын үйретіп, оларды әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар етіп қалыптастырады. ҚазҰУ-дан шыққан түлектер еліміздің дамуына зор үлес қосып, білім саласында жаңа бағыттар ашуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрамында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы да ерекше орын алады. Бұл кафедра университетке қабылданар алдында студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік беретін маңызды буын болып табылады. Кафедра студенттердің академиялық даярлығын арттыру, оларға ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу және жоғары оқу орнының талаптарына сәйкес болуға бағытталған арнайы курстар мен тренингтер ұсынады. Бұл жұмыстар арқылы жоғары оқу орнына түсуге дайын болған жастар болашақта университеттің үздік студенттері атанады.
ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушы Айша Бегалиева, аға оқытушы, т.ғ.к. Самал Сағнайқызы