ҚАЗҰУ ұстаздарының үздік мақалалары
Білім мен тәрбие – егіз ұғым
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 4 ) аясында
«Сапалы білім» бағыты.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі екендігін мәлемдейді.Қазіргі кезде оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға тыңдаушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ал тәрбие мәселесі – адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, қоғам тіршілігінен ажырамайтын баға жетпес құндылық. Осы орайда жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушыларыhttps://www.kaznu.kzмен1-топ тыңдаушыларының қатысуымен оқу-тәрбие үрдісіндеөткізілген іс-шараның бірі «Білім мен тәрбие–егіз ұғым».
Білім мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен.Осы іс- шарада тыңдаушылар бүгінгі білім саласындағы зор мүмкіндіктермен жеңілдіктер туралы ойларын ортаға сала отырып, тәрбиеге де, өнерге де, білімге де ұмтылған жақсы үлгі жолдарын бар екендігін насихаттау жолдары айтылды. Сондақытан оқытушы қауымы – білім беруші ғана емес, сонымен қатар тыңдаушыны болашақ өмірге бағыттаушы, тәрбиеші.
Жоғары оқу орнына дейінгі
білім беру факультетінің
оқытушысы Габитова В.А.
Көрісу күні – ынтымақ пен берекенің бастауы!
Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай ел. Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғырлы ел. Қазақ халқының салт-дәстүрлері Қазақстанның барлық өңірлерінде бірдей сақталмаған. Кейбір аймақтарда олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Еліміздің батыс өңірлерінде 14-наурыздан бастап көрісу дәстүрі басталған.БірақПрезиденттің Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен соң барлық Қазақстандықтар көрісу күнін тойлауды дәстүрге айналдыруда.
Көрісу – Батыс Қазақстан аймағында сақталған ежелгі дәстүр. Қыс ызғары кетіп, көктемнің шуағымен бірге келетін бұл дәстүрдің адамзат үшін маңызы зор. Бұл күні ауыл балалары мен жастары үй-үйді аралап, жасы үлкендерге барып қол алысып көріседі, тәтті тағамнан дәм татады, қарттардың батасын алады. Осы күні көшеде, мектепте, қай жерде болсын кездескен ауыл тұрғындары бір-біріне қос қолын ұсынып көріседі. «Бір жасқа шығуыңмен!», «Бір жасқа есеюіңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!», «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» деп құттықтап жатады.
Көрісу күнін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kzфизика-техникалық факультетінің техникалық физика 1-курс магистранты мен техникалық физика мамандығының 1-курс студенттері атап өтті. Шараның – мақсаты әр өңірден келген студенттерге көрісу күнінің маңызын түсіндіру. Бір-біріне реніштері болған болса, осы мереке арқылы өкпе-реніштерін ұмытып, көрісу күнінің маңызын түсіндіру. Әз-Наурыздың бастамасы болып келген бұл күнді ерекше ықыласпен атап өткен студенттер – ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жаңғыруын, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын сезінгендей.Барлық жамандық атаулы ұмытылатын, ел-жұрт болып жақсылыққа қарай мерейлене бет бұратын бұл күннің шын мәнінде шапағаты мол.
Амал – мейірім, береке мен бауырмалдылықтың, ауызбіршіліктің мейрамы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің техникалық физика мамандығының 1-курс магистранты Қамбаш Аружан Әмірбекқызы, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушысы Таженова Маржан Султановна
Абайтану– жастардың рухани азығы
Абай ілімінің қазіргі таңдағы аса өзекті, əлеуметтік мəні зор іргелі мəселелері қарастырылған. Абай ілімі, білу, түсіну, қолдану керек Білу, түсіну, қолдану – Абай ілімінде негізделген танымдық ойлау деңгейлерінің иерархиялық жүйесінің басты құрамдастары. Ықшамдап айтқанда, оны Абай таксономиясы деп атауға болады. Абай таксономиясы мəселелерімен бірлікте, байланыста болуды заман талабына байланысты.«Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» тарауды жазған – Ж.Дəдебаев жұмыстарында басты нəтижелері жинақталып, олардың жаңалығы, ғылыми жəне практикалық маңызы көрсетілген. Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздерінің, ғылымиəдістемелік тетіктерінің логикалық модельдері бірінші тарауға қосымша ретінде ұсынылды.www.kaznu.kz. «Абайдың таксономиясы» деп аталатын екінші тарауда білу, түсіну жəне қолдану үдерісіндегі танымдық ойлау деңгейлерінің иерархиялық жүйесі Абай ілімінің өзегіндегі қағидалар негізінде тарихи, ғылыми-теориялық, əлеуметтік тұрғыда зерттелген.Абай ілімінің қағидалар жүйесіндегі танымдық ойлау деңгейлерінің иерархиясы. «Абай таксономиясы» деп аталатын ілім бар. «Абайға абай болайық» деп аталатын үшінші тарау Абайдың шығармашылығын, ақындық тұлғасын, даналық ойлары мен қағидаларын білу, түсіну жəне бағалау бағытындағы пікірлер туралыжазған – Д.Ысқақұлы. Тарау авторы зерттеу алдына қойылған міндеттерді жоғары методологиялық деңгейде саралаған.(«Абайды білу мен түсінудің дерекнамалық негізі») абайтану ғылымы тарихындағы дерекнамалық негіз және оны зерттеудегі өзекті ұстанымдар жайында жвазылған.Бұл – Абай ілімін білу, түсіну және қолдану жүйесіндегі аса маңызды ғылыми мәселе. Абай ілімі, Абайдың шығармашылық мұрасы бойынша осы күнге дейін ғылыми-теориялық деңгейде шешімінбүгінгі талаптарға сай деңгейде шешімін тапқан.. Абай шығармашылығын оқу мен оқытудың, білу мен түсінудің дидактикалық тетіктерін негіздеуге болады «Абай ілімі: герменевтикалық аспектілері» деп аталатын ғылыми және практикалық маңызы үлкен. Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың теориялық мәселелері пайымдауға да болады.. Абай шығармаларының поэтикалық қырларына назар аударылады, ақынның шығармаларындағы бейнелеу мен бейнелеу өрнектері қабылдау, түсіну, зерделеу мәселелері тұрғысынан анықталады.. Абай өлеңдеріндегі хронотоптың қызметі мен поэтикасын білу, түсіну, бағалау мәселелері пайымдалады. Абай ілімінің поэтикалық кеңістігі оны білу, түсіну жəне қолдану тұрғысында арнайы қарастырылған зерттеулер де бар.Бұл бағыттағы ізденіс жұмыстарын жаңа деңгейде жалғастырудың өзектілігі, практикалық маңызы зор деп білеміз. Келешек ұрпақты оқытуда, Абайтану жұмыстарын жандандырып, Абай ілімін тануға ұғуға және оқуға шақырамыз деп ойлаймын.Абайды тану және зертеу жұмыстары Қазақ елінде www.kaznu.ozжалғасуда,ағайын!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушылары :Буланова С.Т.,
УралбековаҰ.М.,ДауытоваЖ.Қ., СаткеноваЖ.Б.
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР БАСТАУЛАРЫ:
ЖОШЫ ҰЛЫСЫНА 800 ЖЫЛ»
2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында университеттік және факультеттік деңгейде көптеген ғылыми іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Тарих факультетінде өткен «Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастаулары: Жошы ұлысына 800 жыл»атты халықаралық дөңгелек үстел болып табылады.
Дөңгелек үстелге елімізге танымал ғалымдар – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Б. Кәрібаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филол.ғ.д., профессор И. Жеменей, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Мехмед Дервиш Клынычкая, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филол.ғ.к.,Төрәлі Қыдыр, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., доцент Б.М.Сүйерқұл, Қазақстан тарихы кафедрасынан – профессор м.а., т.ғ.к. М.С.Ноғайбаева, профессор м.а., т.ғ.к., Н.А. Тасилова, профессор м.а., PhD Н.Т. Абдимомыновқатысты.
Дөңгелек үстел барысындаҚазақ мемлекеттілігінің бастауы –Жошы ұлысының саяси және мәдени тарихы мәселелері қарастырылып,талқыланды. Ғалымдардың бір тобы өз зерттеу объектілері ретінде Алтын Орда дәуіріндегі сөз тіркестері мен оларға этимологиялық талдауды назарға алған. Алтын Ордадақолданыста болған сөз тіркестерін, олардың қазіргі қазақ тіліндегі атауларда сақталуын зерттеу ортағасырлық Қазақстанның рухани тарихын тереңірек білуге зор мүмкіндік береді. Сонымен қатарфилол.ғ.к., Төреәлі Қыдыр «Алтын Орданың әдеби мұрасы және «нама» жанры» атты тақырыпта баяндама жасап, Алтын Орда кезеңіндежазылған әдеби шығармаларды ұлттық дүниетаным тұрғысынан зерттеудің қажеттілігі туралы айтты.
Отырыс барысында Алтын Орда тарихына қатысты шежірелік деректер, саяси өмірдегі әмірлердің рөлі, халықаралық сауда-экономикалық байланыстармәселелері талқыланып, ғалымдар өзіндік тұжырымдарынжасады. Соныменқатар Түркия ғалымдарының Алтын Орданың тарихын зерттеудегі жаңа ұстанымдары мен көзқарастарынаталдау жасалды.
Дөңгелек үстел отырысының соңында ғалымдар Жошы ұлысының және оның құрамдас бөлігі Алтын Орда тарихының өзекті екендігін, сондай-ақ оны пәнаралық байланыста зерттеудің маңыздылығы туралы қорытынды жасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы,
PhD, аға оқытушы М.Д. Байдавлетова, т.ғ.к., қауымд.проф. Н.А. Тасилова, PhD, доцент м.а. Ғ.З. Искакова
АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІГІ ЖАҚСЫ ҰСТАЗДАН
(тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ноянов Еділ Ноянұлының 60 жас мерейтойына арналады)
Жастарғаұлттық тәрбие беріп, тарих нәрімен сусындатып жүрген білікті маман, ұлағатты ұстаз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ноянов Еділ Ноянұлы биыл мерейлі 60 жасқа толып отыр.
Ноянов Еділ Ноянұлы –1964 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Кіші Қамқалы ауылындағы К.Мынбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, 1982-1984 жылдары Ленинград қаласында әскери қызметін өтейді.
1985-1990 жж.С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) тарих факультетінде оқып, оны үздік бітіреді. Оқудан кейінгі еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастап, ол жерде 1990-1993 жж.жұмыс істейді.
1993 ж. қазіргі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарып келеді.Еділ Ноянұлы 1996 ж. «Алматы, Жамбыл облыстары қазақтарының елді мекендері мен тұрғын үйлері (1970-1990 жж.)» аттытақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады.
Еділ Ноянұлы 2001жылдан бері «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы», 2011 жылдан қазірге дейін «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісінің оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін табысты атқарып келеді.Бұл қызметімен қатар ұстаздық міндетін алдыңғы орынға қойған Еділ Ноянұлы «Қазақстанның ежелгі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»және басқа даэлективті және міндетті пәндер бойынша дәрістер оқиды.Оқытушылық қызмет пен ғылымды қатар ұштастыра білген Еділ Ноянұлы 100-ге жуық ғылыми мақалалалардың, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарымен электронды оқу құралдарының авторы және 3 ғылыми монография авторларының құрамында бар.Атап айтатын болсақ, «Орталық Азия көшпелілерінің дәстүрлі өркениетін зерттеу»республикалық ғылыми-зерттеу орталығынан шыққан«Орталық Азия көшпелілері өркениетінің тарихы. Орталық Азия көшпелілері: этнотерриториясы мен мемлекеттілігінің мәселелері» (Алматы, 2016 ж.) монографиясы авторларының бірі. Мұнда Еділ Ноянұлы өзінің ғылыми-зерттеу бағыты – ежелгі дәуірдегі сақ, ғұн тайпаларының тарихын жазған болатын.
Еділ Ноянұлы жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіне үлкен үлес қосып келе жатыр. Ол 2001-2015 жылдар аралығында «Дарын» РҒПО-ғы үздіксіз өткізіп келе жатқан республикалық пәндік және ғылыми жобалар бойынша олимпиаданың төралқа мүшесі болды. Сонымен қатар «әл-Фараби-2009-2016» оқушылар олимпиадасының өткізілуіне белсендіқатысты.
Еділ Ноянұлының жас ұрпаққа берген білімі және университеттің дамуына қосқан еңбегі ескерусіз қалмады. Ол 2014 ж.«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына» арналған төс белгісімен, 2021 ж. «Ерен еңбегі үшін» ҚазҰУ-дың 85 жылдығына арналған төс белгісімен, 2023 ж. «Дарын» РҒПО 25 жылдық мерейтойына арналған төсбелгісімен және әр жылдары бірнеше рет ҚР БжҒМ-нің грамоталарымен марапатталды.
Тарих ғылымы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, қарапайымдылық пен адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуден жалықпаған құрметті ұстазымыз Еділ Ноянұлын 60 жасқа келген мерейлі тойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілейміз!
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
PhD, аға оқытушы М.Д. Байдавлетова,
т.ғ.к., қауымд.проф. Н.А.Тасилова,
PhD, доцент м.а. Искакова Ғ.З.,
аға оқытушы Ибрагимова М.Н.