Қызықты да қиын терминдер
әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Жас биолог» үйірмесі аясында «Қызықты да қиын терминдер» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Бұл іс – шараға дайындық кафедрасында оқитын, ҚХР – нан, Монғолиядан, Ираннан келген, білім алушы қандас тыңдаушылар және университетіміздің биология және шығыстану факультетінің арнайы шақырылған оқытушылары қатысты. Олар болашақта биолог, биотехнолог, эколог және медицина саласы қызметкерлері мамандығын таңдаған жастар және биология пәнін бірі қытай тілінде, бірі парсы тілінде, бірі монғол тілінде оқып келгендіктен біздің елдегі қолданыстағы пәндік терминдерді мүлде түсінбейді және бұрын естімеген. Осы жағдайдың барысында күнделікті сабақ мазмұнын өз дәрежесінде түсіне алмайды. Бұл балаларға тек биологиялық терминдер емес, барлық пәнде қолданылатын латын, грек, т.б. тілдерден енген термидерді түсіну қиындық туғызады Сондықтан, сабақтан тыс үйірме аясында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып, материалдарды толық түсініп, меңгеруіне жағдай жасаймыз.
Дөңгелек үстел барысында биология ғылымының даму тарихы, оның жаратылыстану ғылымдарындағы орны, биология ғылымының көрнекті ғалымдары туралы көптеген мағлұматтар берілді. Сондақтан, дөңгелек үстел барысында университетімізге келер жылы 90-жылдық мерейтойына орай, биологиядан 90 термин алып, оның қазақ тіліндегі мағынасын, қай тілден енгенін талқыладық. Неліктен көптеген терминдерді латын тілінде қолданатыны туралы түсінік берілді. Мысал ретінде тірі организм жасушасының таблицадағы суретін алып, оның құрылысы, органоидтері, олардың зат алмасудағы қызметі туралы толық мағлұмат берілді. Түсінуге жеңіл болу үшін, интернет желісінен жасушаның құрылысын сипаттайтын қытайша, парсыша, монғолша мәтіндермен, органоидтерінің атауларымен салыстырылды. Тыңдаушылар материалды тез ұғыну үшін осыдай әдістерді қолдану тиімді. Болашақта бұл жастар, дүниенің бір кірпіші болып қалауына сенімдімін.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
аға оқытушылар: Үсенбекова .А.Е.,Нурмаханова А.С.,Алиханкызы Г.