Ұлағатты ұстаз
Біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғам игілігі үшін ерен еңбек ететін, білім беру ісі мен отандық ғылымның дамуына өзіндік үлесі бар ұлағатты, ардагер ұстаздарды құрметтеп, олардың еңбектерін ардақтап, жас мамандарға үлгі етіп етіп дәріптейтін өнегелі үрдіс қалыптасқан. Біздің университетте ешкімнің де еңбегі елеусіз қалған емес. Еңбек ұжымы, оқытушы-профессорлар құрамы мерекелерде, салтанатты жиындарда сіңірген еңбегі мен атқарған қызметіне, білім беру үдерісіндегі рейтингтік көрсеткішіне қарай марапатталады. Бұндай қошемет пен қолдау жас мамандар үшін де, ардагер ұстаздар үшін де – табысты еңбек етуге құлшыныс арттыратын жақсы уәж. Осы бір ізгілікті дәстүрден біздің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары тыс қалған емес. Әрқашанда факультеттің үздік ондықтар қатарында жүретін ардагер ұстаздарымыздың бірі – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Педогогика Ғылымдар Академиясының мүшесі Айша Карыпжановна.
Айша Карыпжановна еңбексүйгіштігімен, қоғам өміріне белсене араласатын нағыз азаматтық қасиеттерге ие тұлға ретінде еңбек ұжымының, әріптестерінің, шәкірттерінің, замандастарының құрметіе бөленіп, абыройлы қызмет атқаруда. Ұстаздық қызмет – ардақты да қиын жұмыс. Өзінің саналы ғұмырын жас ұрпаққа тәлім беруге арнаған, тарих ғылымына арнаған және отандық тарих ғылымының дамуына сіңірген белсенді еңбегі мен ғылыми ізденістері, білім беру үдерісінде тың жаңа әдістемелерді қолдану шеберлігі Айша Карыпжановнаның озық ойлы, кемел қабілетті жан екенін көрсетеді.
Дана халқымыз адамды мінезіне, адами қасиеттеріне, азаматтық келбетіне қарап бағалаған ғой. Өзі жүрген ортасында ақжарқын, ісіне тиянақты, шаңырағында ардақты да салиқалы отанасы Бегалиева Айша Карыпжановна – әріптестер арасында өз біліктілігімен, кісілігімен сыйлы да абыройлы, шәкірттері алдында білімінің тереңдігімен, кәсіби шеберлігімен, педагогикалық ұстаныммен беделді, ұлағатты ұстаз.
Бегалиева Айша Карыпжановна 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтады. 1977 жылы наурыз айынан 1980 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінің жоғары оқу орындары мұғалімдерінің білім жетілдіру факультетінің деканатында методист қызметін атқарды. Ал 1980 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде қызмет атқарды. Университет қабырғасында жүргенде көптеген қоғамдық жұмыстарға (комсомол комитетінде, кәсіподақ ұйымдарында, көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшесі, спорттық жарыстарға т.б.) белсене араласып, комсомол, кәсіподақ конференция, съездеріне делегат болып сайланды. 1993-1997 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық университетінің аспирантурасында оқып жүріп, 1993-2007 жылдары Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2007-2009 жылдары Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында Қазақстан тарихы пәнінен дәріс берді. Сонымен қатар «Қазақ халқының тарихи этнографиясы деректері» атты тақырыпта ғылыми жұмыспен айналысып жүр.
Жалпы еңбек өтілі – 46 жыл, оның ішінде педагогикалык енбек өтiлі – 30 жыл. Ұстаздық тәжірбиесін және әдістемелік кәсіби біліктілігін арттырып, үнемі ізденіп, тыңбай еңбек етеді. Кәсіби шеберлігі мол оқытушы, салмақты, ұстамды, тиянақты, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды
2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жоғарыоқу орнына дейінгі білім беру факультетінде тарих пәнінің аға оқытушысы болып еңбек етіп келеді.
Ұстаздық тәжірибесі мен әдістемелік-кәсіби біліктілігін арттыру жолында тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіп жүреді. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін шетелдік азаматтарға да таныстыру мақсатымен шараларды өткізуге белсене қатысады. Қандас тыңдаушы жастар мен АИР тыңдаушыларына Қазақстан тарихы сабағында сапалы білім беру ісін саналы тәрбиемен ұштастыра жүргізгені және ғылым кеңістігіне қосқан үлесі мен жаңалығы, білім беру саласындағы кәсіби біліктілігі мен жетістіктері үшін университет, қалалық акимат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, Ауғанстан елшілігінің Алғыс хаттарымен және 2014 жылы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 80 жыл» мерекелік медалімен; 2018 жылы Қазақстан педагогикалық ғылым академиясының, «Үздік Ұстаз» жеңімпазы төсбелгісімен;2017 ж. Халықаралық Қазақ Творчестволық Ы.Алтынсарин атындағы медалiмен; 2017 ж. «Еңселі еңбегі үшін» мерекелік төсбелгі медалі; 2018 жылы Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен, 2018 жылы өмірбаяны Білім және ғылым энциклопедиясына “Қазақстан мақтанышы” болып енді, 2021 жылы ҚазҰУ-дың дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісімен марапатталды.
Осы еңбек еткен жылдар ішінде Бегалиева Айша Карыпжанқызы қандастар мен ауған топтары тыңдаушыларына арнап Қазақстан тарихы пәнінен оқу бағдарламаларын, аралық бақылау тест нұсқаулықтарын дайындады. «Қазақстан тарихы пәнін оқытуға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулық», «Қазақстан тарихы» оқу құралы, әлеуметтік-тәрбие ісіне арналған әдістемелік талдама құрал және т.б. сол сияқты 200-ден астам ғылыми-әдістемелік, имидждік еңбектері отандық және шетелдік АҚШ, Ресей, БАЭ, Қытай, Канада, Түркия, Монғолия, Өзбекстан секілді алыс-таяу шетелдердің баспасөз беттерінде және Скопустың базасында индекстелетін импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарда 2 мақаласы жарияланды және 9 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқаулық,2-оқу-әдістемелік оқу құралы, 2-тәрбие ісіне арналған әдістемелік талдама құралдың және 3 монографияның авторы, серіктес авторы. Университетте еңбек еткен жылдары халықаралық деңгейде, республикааясында,университет ішінде өтілген дөңгелек столға, онлайн-конференцияларға қатысушы әрі шараларды ұйымдастырушылардың бірі. Ағымдағы оқу жылы 1) Халық жазушысы Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Шерхан Мұртазаның шығармашылығы әдеби контекст үдерісінде», 2) “Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар; жаhандану тенденциялары” атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясының, 3)студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық конференциясының жоғары деңгейде өтуіне ат салысты, сонымен қатар Өзбекстанда, ҚызҚазПУ өткен халықаралық конференцияларға қатысты және 6 ғылыми мақаласы ҚР БҒСБК бекіткен журналдарда, бір ғылыми мақаласы «Высшее образование в России» журналында, 1 мақаласы ағылшын тілінде және 40-қа жуық оқу-әдістемелік, имидждік мақалалары отандық және Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстанның шетелдік баспасөздерінде, әлеуметтік желілерінде жарық көрді. “Әл-Фараби -2023” Халықаралық Олимпиадасының ұйымдастыру комитетінде жұмыс істеп, ұжымдық тестер жинағын құрастыруға белсенді түрде ат салысқаны үшін «Әл-Фараби-2023”Халықаралық олимпиадасын ұйымдастыруға белсене үлес қосқаны үшін универстеттің Басқарма Төрағасы-ректоры Ж.Қ.Түймебаевтан алғыс хат алды.
Қорыта айтқанда, өзінің өнегелі ұстаздық жолымен, адамгершілік қасиеттерімен Айша Карыпжановна – үлкенге де, кішіге сыйлы жан. Жүзінен мейірім шуағы төгілген Айша апай мұқтаж жандарға қажет етсе, көмегін аямайды. Көмекке зәру, әлеуметтік жақтан аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыларға өз тарапынан стипендия беріп, материалдық көмекпен қатар моральдық қолдауын көрсетіп жүреді. Әрқашанда өзінің ақыл-қайратымен, сабырлылығымен, еңбекқорлылығымен, парасатымен қатар үлгі және ұстаздық ұлағаты, адамдық қасиеті жоғары жан әріптестеріне де, шәкірттеріне де өнеге болған озат та ұлықты ұстаздардың бірі.
Айша Карыпжановна – өмірлік мол тәжірибесін, ұстаздық парасатын, тәрбиелік тәлімін, сергек те зерек әрі зиялы да зерделі ғұмырын, өнегелі өмір жолын еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Сартаев Спатай Алтынбекович