Ұстаздардан ұлағат….
Мамандық таңдау – болашақты таңдау
Қазіргі таңда мамандық кәсібімізге ғана емес, өміріміздің өзіне айналып бара жатқандай. Себебі кәсіпсіз күн көру қиын. Көп адам мамандықты дұрыс таңдамағанның кесірінен дені дұрыс жұмыс таба алмай, болмаса мамандығы бойынша қызметті алып кете алмай, абыройсыздыққа ұшырап жатады. Әрі-беріден соң, өзі ұнатпайтын салада грант үшін ғана оқитындар, оқығандар жетерлік.Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.
“Мамандық” сөзі латын сөзінен шыққан, “жұрт алдында сөйлеу, жариялау” дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақы төленуінің қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі тудырмайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз, мұндай да жағдайлар кездеседі. Бұндай жағдайда психолог-профконсультант , оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне білім алуға келген қандас бауырларымызға, өз мамандықтарын қателеспей таңдауларына, ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп, әр тыңдаушыға дұрыс бағыт-бағдар беруде.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз дегіміз келеді.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, ЖОО-ға дейінгі білім беру
факультетінің аға оқытушылары:
А.М.Какенова, М.Ш. Тойғанбекова, С.Сағнайқызы
Өскен елім кіндік қаным тамған жерім –ауылым
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, елім ауылым Қазақ елі , киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы«Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Халқымыз барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді.Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, гүлденуде, біз санаулы жылда адам айтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. Ең бастысы – тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.Еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» – халықтың тұрмыс-тіршілігін, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.
Есімің Ай – әлемге тұрақталып,Келіпсің Сарыарқаға жұмақты алып.
Көзіме көрінерсің жас Астана,Есілге қонған аққу сияқтанып, – дегендей, аспанмен таласқан зәулім «Бәйтерегі» бар Астана – бүгінде біз мақтанышымыз. Шетелдіктердің орталық Астанамызға қызыға қарайды Мен – қаныммен, жаныммен, арыммен, барыммен қазақпын қазақ болып туғанымды ерекше бір сезіммен, шексіз де шетсіз ықыласпен мақтан тұтамын. Қазақстан атты құдіретті елім үшін, топырағы киелі жерім үшін, жаңа ашылып келе жатқан қауызы қас-қағым сәтте әп-әдемі гүл шоғына айналған бақытты өміріміз үшін де мақтанамын.Иә, кешегі тәй-тәй басқан еліміз, қазіргі таңда аяғын нық басатын, қадамы алшақ, өз бағытына сенімді, мығым елге айналып отыр.Көгілдір аспан. Күн шайдай ашық. Зәулім көкте қыран құс қанатын тіке кең жайып, қалыптап ұшып жүр. Еліміз – тыныш, халқымыз – бақытты. Басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттердің біздің жерімізден мүлде алшақ болуын біз, келер ұрпақ, халық, баршамыз жаппай – тұрмай тілейміз. Бұл – Қазақстанымның болашақ белестері деп түсінемін.Мен Қазақстанымды Заңғар Көкке теңеймін нұрын сеуіп тұрған күннің көзіне теңеймін: «Жүзі үнемі шырайлы, жылу береді, ең бастысы – мәңгілік». Халыққа арналған жолдаулардағы қасиетті, киелі ойлар мен талаптар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асып, жандануда. Біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «Бірлік болмай, тірлік болмас», -деген даналықтың түп қазығы осында. Бізде елеулі өзгерістер болып, «еңбек майданы» қызу қарқынмен әр сала бойынша ерекше дамуда.Қазақ елініңӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде www.kaznu.kz жастардың өмірі өркендеуде.
Асығып алыс күндерге,Бір белден асып, бір белге,Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,Отаныңды – іргеңдеНе жетсін өмір сүргенде! – деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, мен шетсіз де шексіз, бай, рухани құндылықты нәр тұтқан, киелі, қайсар, қасиетті жерім үшін, ерен елім үшін қызмет етуге бүгінгі күні-ақ дайынмын. Мақсат -міндеттеріміз айқындала түсуде. Қазақ атты елім барда, жастар болашақ ұрпақ жаңа өмір есігін сеніммен ашады, алғашқы қадамды нық басады деп ойлаймын. Әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымыз таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы мен білім мен ғылым нығайып келеді. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін парыз болып саналады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары Буланова С.Т., АмиркановМ.Б.,Смағұл М.Ж.
Қазақ елі жаңғыру кезеңінде.
Қазақ даласы қилы тағдырды басынан кешті. Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Сайын дала сол перзенттерін жат көрмеді, құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені болды.1465 жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүру XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес Одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын қазақ ұлты құрайтыны бәрімізге аян.XX ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өрістетті.Ол тарихта «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. «Алаш қозғалысына» ат салысқан азаматтар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ съездерінде «Алаш» партиясын және «Алаш автономиясын» құрды.Өткен ғасырдың соңына қарай Кеңес өкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды, ал 1991жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінін аумағы жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты.Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білеміз…Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр.Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы.Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!Өзіміз, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білеміз. Қазақстан үшін қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді.Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жеткен болатын.Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталғаны да рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткені ғажап емес. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі, барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.Олар – тарих, олар дастан, олар мәңгі жыр-дастан.Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіwww.kaznu.kz
ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің ұжымы және студент жастары Тәуелсіздік күнін баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн деп атап өтуде Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең – жаңару Жаңа Қазақстан болу кезеңі.Тәуелсіз Елім мәңгі жасасын дегім келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің
оқытушылары Буланова С.Т,Адилханова Ж.С,Сапаева Г.Е.
Математика сабағында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
“Білім еске сақтау арқылы емес,
өз ойының күш салуымен
алынғанда ғана білім”
ЛевТолстой
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2015ж -2025 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде білім беру ісіне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлінуде. Елбасы Жолдауындағы ең маңызды көтерілген тақырып, ол білім мәселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін белсене дамытудың керектігін айтады. Осы Жолдауды қолдай отырып оқушыларымызға сапалы білім беру жолында еңбек етеміз деп сенемін.
Бiлiм беру мазмұны – жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесiнiң графигi мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесiн бекiту арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңында оқыту формасын , әдістерін, үлгілерін құруға мүмкіндік берілген. Осы тұрғысында мен өзімнің педагогикалық жұмысымда профессор Ж. А. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының» талаптарын басшылыққа алып, жоспарды сыныптың деңгейіне сай етіп жасауға тырысамын.Ж А.Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясымен » сабақ өткізудің көптеген пайдасы бар. Атап айтсақ, оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады және жеке оқушының математикаға деген қабілеті анықталады. Оқушының деңгейлік тапсырмасының жеңілден күрделіге қарай ойлау қабілеті артып, оқушылар іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.Оқушылар қабілетіне қарай әділ бағаланады. Менің ойымша, ол мұғалімнің оқушыларға сабақта берген теориялық білімдерін практикада тиімді жолдармен жеткізуі, қолдана алуға үйрету. Оқушының математикаға деген ынтасын , қызығушылығын дамытудың бірінші шарты ілімнің практикада қолдануын ашып көрсету. Математикалық материалдарды көбінесе еңбек кірістірілген сабақ түрінде өткізуге немесе жеке практикалық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады. Бұрын жария етілген материалдардың жаңаша сипатталуы оқушыны қызықтырып, сонымен бірге, оларға кәсіптік бағдар береді. Есеп шығару дағдысы мен практикалық тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру мақсатында жұппен немесе жеке жұмыс істеуді ұсынуға болады. Бұл-практикалық тапсырмаларды орындау дағдысын меңгерудің бірінші сатысы. Жаңа тақырып бойынша есеп шығару барысында әрқашан оқушыда сұрақ болуы мүмкін, сондықтан практикалық жұмыстарды жиі өткізіп тұрамын. Әрбір математика оқулығының есептері практикалық маңыздылығына баса назар аударылып, жаттығулар күрделілігіне қарап үш деңгейге бөлінген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіwww.kaznu.kzжоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары жұмыс істемес бұрын алдымызға мақсат қоюымыз деп ойлаймын:Жалпы алгебралық бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру барынша қиын және практикадан айтарлықтай қиыншылықтар кездеседi. Сондықтан барлық оқушылының жоғары дамыған техникасын жеткiлiксiз деңгейдегi жетiстiкпен қалыптастыруға ұмтылғанға қарағанда қарапайым мысалдардың көмегiмен берiк бiлiк пен дағдыларға қол жеткiзуге болады.Күнделікті өмірде, өндірісте кездесетін практикалық мазмұнды қарапайым есептерді шығару ерекше білімді қажет етпейді. Мектеп қабырғасында шығаруға тиісті есептер арнаулы талаптарға, мектепте оқыту мүдделеріне жауап берулері керек деп ойлаймын. Мұндай есептерді пайдалануда есептің мазмұнына, алынған жауабына мұғалімнің берген түсініктемесі оқушының кәсіптік, өмірлік, практикалық ойлауын қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады деп ойлаймын.
Математикалық теория мен практиканы ұштастыруда есептердің атқаратын рөлі зор. Сабақта шығарылатын есептердің әрбірі өтілген тақырып мазмұнын аша алуы, ол тақырыпты қайталауға, оны кәсіптік қолдануға мүмкіндік беруі керек.
Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады.
Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, процент, пропорция және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге көмектеседi. Сабақ-педагогикалық шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орны. Бұл шешуші міндетті жүзеге асыру-ұстаздың шеберлігіне байланысты. Сабақ үстінде ғана ұстаз оқыту,білім беру, тәрбиелеу міндеттерін орындауға бар шеберлігін, күш-қуатын жұмсайды.Оқу материалына қызықты, ойлана жан-жақты даярлаудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік, терең білім беруге мүмкіндік береді. Сабақты өтуге қатысты сабақтың әрбір элементін даярлау, конспектілеу, есептер шығару, сабақтың әрбір бөлігін жетілдіру барысында толықтырулар мен ой елегінен өткізу – өз мұғаліммен оқушылардын ұжымдық көмегін, түсінігін ұштастыра, үйлестіре, сүйене отыра шығармашылыққа жетуге ұмтылдырады.Мысалы оқушыларға мынадай практикалық жұмыс жасатуға болады. «Шеңбердің ұзындығы » деп аталады. Теориялық материалды оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп қана қоймай , оны тәжірибе жүзінде де меңгере білуге жетелейді. Жұмысты ұқыпты, әрі таза,, жылдам орындау керек. Бұл практикалық жұмысқа керек заттар: көрнекіліктер, ою-өрнек суреттері, түрлі-түсті қағаз,қайшы, желім,сызғышткерек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылар С.Т.Буланова.Смағұл М.Ж. УралбековаҰ.М.
«Жобалар әдісі» – білім беру ресурсында
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту» Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру. Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.Жобалармен жұмыс істеу Әль – Фараби атындағы Казақ ұлттық университетініңwww.kaznu.kzЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасыныңстуденттеріне дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері жаксы талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
– тәжірибелік құндылықтары болуы;
– студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;
– онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы; – оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
– өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
– студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
– кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
-студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда): Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология. Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс- әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Аталған әдіс адам жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты тындаушы әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда математиканың қыр- сырын үйренуде өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен тындаушының іс-әрекетін түбегейлі өзгертеді.
Әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары
С.Т.Буланова, Дауытова Ж.Қ , Саткенова Ж.Б.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі педагогикалық өлшеулер аясындағы қолданылып жүрген трендтермен салыстырулар ғана емес, еліміздегі әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктерін есепке алатын жаңа стандарттар мен бағалау механизмдерін құрастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалаудың құрылымы бағалаудың екі түріне негізделген: қалыптастырушы және жиынтық. Білім алушыларды критериалды бағалау жүйесінің құрылымы Қалыптастырушы бағалау – бұл оқу тапсырмаларын, аталған оқу мен таным үдерісінің кезеңін орындау үшін міндетті бағаланатын сыныптағы күнделікті жұмыс барысын бағалау. Бұл оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін білім алушының оқу үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші. Ол оқушының қиыншылығын анықтап, жақсы нәтижеге жету мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Оқушының оқуда жіберген ағымдағы олқылықтарын мұғалімнің, құрдасының ұсыныстарын, қалып қойған немесе қосымша тапсырмаларды ескере отырып, толықтыруға мүмкіндігі болуы қажет.
Жиынтық бағалау – бұл белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы) аяқтаған кезде, сондай-ақ, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімді меңгерген соң өткізілетін бағалаудың жинақтаушы түрі. Критериалды бағалау Қалыптастырушы бағалауды мұғалім үздіксіз өткізеді, мұғалім мен оқушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етеді және балл, баға қоймай-ақ оқу үрдістерін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы тақырыпты, бөлім/ортақ тақырыптарды, белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқтау бойынша балл, баға қою арқылы өткізіледі. Білім деңгейін анықтау бойынша жиынтық бағалау бастауыш, негізгі, жоғары сыныпты аяқтаған кезде өткізіледі. Әр тоқсан қорытындысы бойынша баға Оқу жылын аяқтау бойынша баға Аттестат үшін қорытынды баға. Жинақтау жүйесі оқушылардың тек жетістіктерін тіркейді, сондықтан білім алуушының өз бетінше оқу-танымдық әрекеттерге, оқу бағдарламасын толық меңгеруге белсенді ынталандырады.
Бағалау стандарттары, әдістері мен құралдары бағалау түрлері мен пәндік спецификаға байланысты ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау білім алушыныңоқу жетістіктері мониторинг, бақылау, бағалау рәсімдері барлық уақытта не, кіммен, қашан бағаланады, тиімді бағалау формалары нені білдіреді деген сұрақтар туындатып келді. «Қара жәшік ішінде» іргелі зерттеуі оқушылардың оқуына қолдау көрсетуде бағалаудың әлеуетті тиімділігін көрсете отырып, білім беру саясатын «оқу нәтижелеріне жету үшін бағалау» халықаралық танымал трендіне бағдарлауға түрткі болды. Бүгінде қалыптастырушы бағалау немесе оқу үшін бағалау тәжірибесі нық бекіді және жетекші елдердің барлық бағалау жүйелерінде дамып келеді .Когнитивті және әлеуметтік-мәдени теория идеяларын біріктіретін әлеуметтік-конструктивизмгенегіздейотырып қалыптастырушы бағалау сыныптағы мәдениетке әсер етті, мұғалімнің пікірі мен көзқарасын өзгертудің негізін қалады. Ол өз алдына, мұғалім мен оқушының серіктестігі мен өзара интерактивті әрекетін көрсетеді. Қалыптастырушы бағалаудың әдістемесі қазақ классигі Мағжан Жұмабаевтың идеяларымен толық сәйкес келеді: «Балада жақсы оқысам молдадан мақтау, сый аламын, жаман болсам молдадан сөз естимін деген ой болмасын.
Мұндай болса, баланың іскерлігі соған жұмсалып, мұғалімнің беріп отырған сабағын білейін деген шын ынтамен тыңдамайды» (1922ж). Бағалау жүйесі оқушыларды білім мен дағдыны алу үдерісінің құндылығына бағытталуы қажет, тек қана баға «үшін» және алған сәтке «дейін» оқу материалын жаттауға емес. Америкалық психолог Альфи Конның ойынша, білім алушының біліміне шын мәнінде қызығушылық танытады.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіwww.kaznu.kzтЖоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде мұғалімдері тындаушыларың білімге деген қызығушылықтарын шыңдайды.Оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни, әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауға қатысты тәжірибесін белгілейді, құрады және нәтижелері үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезінде мұғалімдерге төмендегілерді анықтау ұсынылады.Нені бағалау қажет? Қандай білім мен дағдылар бағалауды және талдауды қажет етеді? Бағалауды қалай өткізу керек? Қандай әдістер қолданылуы мүмкін? Бағалау қорытындысында қандай нәтижеге жетуге болады? Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде мұғалімдерге бақылау қорытындысы бойынша нәтижелерін талдау, мониторинг жасап кері байланыс бойынша тапсырма беру, жазба жұмысын жүргізу ұсынылады. Дәстүрлі түрде мұғалім тындаушыны оқыту мен бағалануына жауапты тұлға ретінде қарастырылады. Көп жағдайда дәріс беруші оқыту ортасын құруға және тиімді еңгізуге ғана жауапты болса, тындаушы осы ортада оқуға және жетістіктерге жетуге жауапты. Оқуда жауапкершілік мұғалімге де, оқушыға да қатысты болғандықтан, екі жақ та нәтижедегі сәттіліктер болуы үшін жоғарғы деңгейде күш жігер салуы қажететеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық аға кафедрасының
оқытушылары Дауытова Ж.Қ , Исаева Н.Т, Абдибекова К.Д.
Шетелдік тыңдаушылармен өткен наурыз мейрамы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндеhttps://www.kaznu.kzӘз-Наурыз мейрамын жоғарғы дәрежеде өткізді. Наурыз мейрамына жоғарғы оқу орнына дейінгі кафедрасының тыңдаушылары да қатысты, би билеп, өлең айтып керемет мейрамның куәгерлері болды.
Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевта Қазақстан халқын наурыз мейрамымен құттықтады, өз сөзінде: “Әз- Наурыз – халық мейрамы. Наурыз мейрамы бауырмалдылық пен жанашырлықтың, сыйластық пен отаншылдық сияқты қасиеттердің бәрі осы ұлттық мерекеде көрініс табатының жеткізді”.
Шетелдік білім алушылар мен басқа мемлекеттерден келген хандастарымыз ұлттық тағам- наурыз көженің дәмін татты. Наурыз көже- ұлттық тағам, ол келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз мейрамдарында әр шаңырақта міндетті түрде дайындалады. Халықтық дәстүр бойынша наурыз көжеге бидай, тары, сұр ет, тұз сиякты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылады.
Қазіргі таңда бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауда, сонымен қатар отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Университет аясында өткізілген наурыз мейрамында ерекше тарту жасалды. Оқу орнының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың тапсырмасымен Өңдірістік қамтамасыз ету департаменті қолдан қазақүй құрастырылып, Ұлыстың ұлы куні Наурыз мейрамында қолдануға берілді. Наурыз мейрамында біздің кафедраның Ауғаныстан, Монғолия, Қытай, Ираннан келген тыңдаушыларымыз керемет әсер алып, өз өңерлерін, ұлттық буйымдарын көрме аясында көрсетті. Қара жорға биі биленіп, Әз-Наурыз туралы әсем әуеңдерін айтты.
Әз – Наурыз аясында құрылған киіз үйге оқу орының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев және басшылық құрамындағы жиын, кафедра декандары мерекеге жайылған дастарханымызға құрметті қонақ ретінде қатысты. Шетелдік білім алушы тығдаушыларға университетіміздің жектен және жүзеге асырылатын жетістіктері жайлы да баяндады, білім алушыларға алға қойған мақсаттарына жетуді, оқуда озат болуды тіледі.
Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы:
Егенберді Меруерт
Қазақ қыздар Педагогикалық университетінің, филология факультетінің
2 курс магистранты: Музапарова Асем
Жобалау әдісі — бұл оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі.
Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар тындаушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр тындаушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Тындаушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді. Бұл әдіс- келешекте оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысып, ақпарат жинау, шыққан нәтижені бейнелеп төсіндіру, өз зерттеу жұмысын қорғау дағдысын қалыптастырады. Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі — бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол тындаушының интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған. Теориялық тұрғыдан жобалау — белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады. Ұстаз тындаушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында ұстаз мен тындаушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады.
Тындаушының зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты , тындаушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте тындаушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды болып табылады. Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы қазақ тілінде сөйлейді. Әр тындаушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді. Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды,мәліметтерді іріктеп алады. Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады. Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.Оқу – жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушы анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді. Тыңдау – оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі – жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында тындаушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Оқыту әрбір жеке тұлғаны мемлекеттік стандартқа сай оқу бағдарламасын басшылыққа алу болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда қолданбалы, таңдау курстарын оқыту болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту – үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде іске асырылуда. Мұндағы алға қойған басты мәселенің бірі- «Білім беру мазмұнын негізгі білімнен сөйлеу дағдысына өзгерту».
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің
оқытушылары Буланова С.Т, МужитоваГ.М, ГабитоваВ.А.