Менің таңдауым – үздік білім ордасы
Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан, жас жетіншек үшін университет таңдау басты мәселе. Өмірде өз жолын қалыптастыруға талпынған түлектерге, сапалы білім ордасын таңдау оңайға соқпайтыны анық.Бұл кезең – қызыққа толы тәтті шақ “студенттік өмір”. Талабы мен қалауына сүйеніп мамандық таңдаған талапкер жоғары оқу орнына түседі. Кешегі мектептегі оқушы ендігі кезекте студент атанады. Міне, дәл осы студенттік шақты көңілді, әрі болашақ үшін пайдалы етіп өткізу үшін және жан жақты тұлға болып қалыптасу үшін жоғары оқу орнының қосар үлесі зор.
Жоғары оқу орны студентті белгілі бір мамандық иесі, қазіргі заманғы қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға және алдағы жауапкершілік пен қиыншылықтарға толы өмірге бейім адам етіп қалыптастыратын тәрбие ошағы болып табылады. Сондықтан, жоғары оқу орнын таңдаған кезде өте мұқият болу қажет. Өмірімде де дәл осындай маңызды таңдау қажеттігі туғады. Соның бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Қазіргі таңда осы киелі білім ордасының студенті болуға және осы таңдауға ешбір өкінбейсің.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті https://www.kaznu.kzкөр жылдан астам тарихы бар, білікті профессорлар мен ұстаздар ұжымы қызмет ететін, шетелдік университеттермен тең дәрежелі серіктестікке ие, Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім нәрімен сусындау үшін келген ең білімді, ең дарынды, озат студенттердің ордасы. Университет қабырғаларында студенттерге сапалы білім беріледі, сондай-ақ суденттерге өздерінің табиғи дарыны мен қабілеттерін шыңдау үшін алуан түрлі мүмкіндіктер бар. Осындай мақсатта, университетте көптеген студенттік ұйымдардың басын қосатын Жастар Ұйымдарының Комитеті жұмыс істейді. Мұнда әрбір студент әртүрлі ұйымдардың жұмысымен және мақсатымен таныс болып өзінің жанына жақын ұйымға мүше бола алады. Университет тарапынан да студенттерге көптеген жағдайлар жасалған. Мұның бірден бір көрінісі – Алматының тау бөктеріндегі студенттік қалашық. ҚазҰУ-нің студенттік қалашығын оның көлемі мен масштабын ескерсек “қала ішіндегі қалашық” деп атасақ та болады. Мұнда студенттер сарайы, оқу корпустары, заманауи кітапхана, оқу корпустары, жатақхана блогы және студенттерге қызмет көрсету орталығы “Керемет” орналасқан. Сонымен қатар, студенттерге қызмет көрсету орталығының бірінші қабаты студенттердің қажеттерін қамтамасыз ету үшін медициналық орталық, кинотеатр, супермаркет, дәріханажабдықталған.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінің оқытушысы
В.А.Габитова
Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы
Қазіргі кезде білім берудің мақсаты – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндің ой- тұлғасы бар, адами-рухани жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беретін қайнар көздері көптеп кездеседі. Соның ішінде жан-жақты, инновациялы, жаңа технологиялар мен әдістерді қолданатын оқу орнын таңдау бітіруші түлектер мен ата-аналар алдында тұрған басты мақсат болып табылады. «Білімді ұрпақ мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы» деген сөз білімнің елді алға жетелейтін нысан ретінде қарастырып отырғанын байқауға болады. Жоғары оқу орны ғылыми әрекетті жүзеге асыра отырып, жоғарғы кәсіби білім беретін оқу ордасы. Міне, соның ішінде жылдар бойы қалыптасқан тарихы бар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://www.kaznu.kz болып табылады. Еліміздегі үздік университеттердің бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған түлектер тапсырады. Бірақ оған: білім деңгейі жоғары, шығармашылық қабілеті дамыған, талпынысы, ізденісі жоғары, бәсекеге қабілетті жастар ғана түсу мүмкіндігіне ие болады. Ол өз кезегінде бітіруші түлектердің жұмыс берушілер, ірі компаниялар арасында сұранысқа ие болуымен тікелей байланысты. Қазіргі жаһандану заманында университеттер интеграцияға бейім болып келеді. Осыған орай студенттер мен магистрант, докторанттар арасында халықаралық академиялық мобильдік қатынастар қарастырлған. Ол дегеніміз студенттеріміз тәжірибе алмасу, білім жинақтау мақсатында шетелге барып, білім алуға мүмкіндігі бар. Бұл білім ордасын көптеген студенттердің таңдауының келесі бір факторы: озық ғылыми кітапхананың орналасуы. Жас ізденімпаз барлық қажет ақпаратты орталықтандырылған кітапханадан таба алады. Қажет оқулықтың бар жоғын білу үшін электронды кітапханаға кіріп, тапсырыс берсе болғаны, сол оқулық бөлімшелерге келіп түседі. Келесі артықшылығы кітапханада интернет желісі орнатылған, демек ақпараттар оқулықтар мен шектеліп қоймай, шетелдік журнал-газет басылымдарын қолдануға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-дегі оқу ерекшелігі: кең ауқымды ғылыми база, жоғары білікті оқытушы құрамы, ғылым мен біліммен айналысуға арналған жоғары мүмкіндік жасалу және жастар үшін тартымды жағы: белсенді де қызықты студенттік өмір.
Бүгінгі күні ҚазҰУ еліміздің ғана емес, Орталық Азия аймағындағы халықаралық деңгейдегі білім беру ордасы болып отыр. Әлемдік білім жүйесінде де өз ұстанымы бар білім ордасы ретінде дамып келеді. Университет қабырғасында ғылыми ізденіске бағытталған жастардың ойлау қабілетін дамытуға, ақпарат пен білім алуына, студенттердің өзін кемелдендіруіне қажетті жағдай мен жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінің оқытушысы
В.А.Габитова
Педагогика – тәрбиенің қайнар көзі
Дүниежүзілік және отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбие-білім беру тәжірибесін тарихи динамикада меңгеру, болашақ мұғалімге оның кәсіби және адамгершілік жағынан жетілуіне көмектесіп, оқушылармен жұмысы кезінде өзіндік шығармашылық стилін табуға ықпал етеді. Бұл ретте педагогика тарихы курсының мамандарды кәсіби дайындаудағы алар орны ерекше болып келеді.Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес педагогика оқу білу барысында студенттер тәрбие теориясы мен тәжірибесінің, мектептік білім берудің, педагогикалық көзқарастың, қалыптасуы мен даму тарихы бойынша айтарлықтай білім алып, әртүрлі заманның және әртүрлі халықтың, соның ішінде өз халқының ағартушылары мен педагогтарының идеяларымен танысады. Студеттерге «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгерту барысында «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» дәрістерін оқытудың, негізгі педагогикалық категорияларды меңгеруге мүмкіншілік береді. Философия, әлеуметтану, қазақстан тарихы, мәдениеттану, психология, сияқты бір-біріне ұқсас пәндер әдіснамалық қызмет атқарып, «Адамзат тарихымдағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» курсын тереңірек меңгеруге ат салысады, сонымем бірге бұл пәндер студенттерге білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдениттану факторларын әсерін нақтырақ білуге жағдай жасайды.
Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болады. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Осы орайда ұлттық тәрбиенің педагогикада маңызы зор және өте ерекше.
Қазіргі таңда өткенге салауат, болашаққа аманат дей отыра әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://www.kaznu.kz тәрбие мен оқытудың барлық жоспарланған іс- шараларын жүргізуді қалыптастырған оқу орны болып табылады. Жаңа Қазақстан жаңа белестерді игеруде педагогиканың қосар өте зор және ұлттық тәрбиеге мән берген ғылыми педагогикалық саласында ерекше орын алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің оқытушылары
Буланова С.Т.,Габитова В.А., ИсаеваН.Т,Абдибекова К.Ж.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 90 жыл
Қазақ мемлекеттік университетін ҚР Қаулысымен 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталды. Халықаралық білім беру талаптарына сәйкес кадрларды даярлау бойынша алғашқы қадам жасала бастады. Екі сатылы жоғары білім жүйесіне көшу «бакалавриат – магистратура» және университет ішінде ҒЗИ және технологиялар паркі ашыла бастады.. Сонымен қатар, Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің ЖОО-лары арасынан алғашқы болып европалық білім беру кеңістігіне кірді. Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше. Стратегия ЖОО қызметінің жан-жақты жүйелік көрінісіне, «сыртқы орта» – мемлекет, қоғам, еңбек нарығы, Қазақстанның ғылыми-инновациялық жүйесіне негізделген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылып, оқу үдерісі автоматтандырылған. Жаңа жүйе барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін тәжірибелік қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі ұжымдық желі болып табылды. Студенттің қазіргі оқып жүргендегі үлгерімі (шамамен 80%) емтихандағы бағаға қарағанда басымырақ. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида. Семестр бойы еңбектенбеген студент емтиханда жоғары баға алуы мүмкін емес. Ата-аналар баласының үлгерімін қашықтықтан жүйеге кіріп көре алады. Жаһандық білім беру саласының талдауы негізінде, ҚазҰУ-ды зерттеу университетіне айналдыру ұсынысы жүзеге асты.. Әлемдегі ең жоғары топ-рейтингтерге енген оқу ордаларының бәрі де зерттеу университеттері болып табылады. ҚазҰУ мемлекеттiк саясаттың инновациялық дамытуын жүзеге асыру бойынша әлемдік деңгейдегі зерттеуші университетке айналу ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Пәнаралық байланысты қамтамасыз ету, инновациялық құралған ғылыми жобалаудың тиiмдiлiгiн жоғарылату, университетте қуатты зияткерлiк ортаны құруда корпоративтік ұжымды жұмылдыруды қамтамасыз ететін академиялық ұтқырлық белсенді дамып, мықты кафедралар мен ҒЗИ құрылып, дамып жатыр. «Жасыл көпір» жаһандық энергия дамыту стратегиясының идеяларына арналған арнайы бөлім арнап, біздің университет «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір». атты халықаралық консорциум құруды қозғады.
2012 жылда болган Бали аралында өткен Халықаралық конференция-көрме Қазақ ұлттық университетінің тарихындағы басты оқиғасы болды. Себебі сонда университет QS Stars – «Үш жұлдыз» озық белгісімен марапатталды. Атап өтерлігі, ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші университет болып «QS Жұлдыздарымен» марапатталды. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың жоғары дәрежедегі мамандары университеттің ғылым саласындағы үлкен жетістіктеріне жоғары баға берді.Халықаралық сараптама қорытындысы бойынша ҚазҰУ ғылыми, технологиялық және инновациялық дамуы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады.Біздің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Америка Құрама Штаттарының ең үздік университеттер кіретін «Tallores» халықаралық жоғары оқу орындарының қауымдастығының мүше болып қабылданданды. Әлемдегі университеттерінің вебсайттарын талдайтын, және деңгейін анықтайтын Вебометрикс халықаралық агенттігінің натижесіне сәйкес, біздің университет Орталық-Азиялық өңірдің жоғары оқу орындары арасында жетекші орынға ие болған университет., Тұрақты дамуға бағытталған www.kaznu.kz Бүгінде Университет қызметкерлерін үлкен күш, ынтымақтастық, кәсібилік және ынта арқасында ҚазҰУ серпінді және сенімді дамып келеді.
ҚазҰУ халықаралық рейтингісінде, тек ТМД-емес, сондай-ақ Шығыс және Орталық Еуропа мемлекеттер арасындағы жеке дара өкілі болды.Қазіргі таңда университетіміз алдыңғы оқу орны атанып отыр.Барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысады . Оқу тәрбие және ғылым саласында да үздіксіз енбек етуде . Биылғы торқалы 90 жылдық мерей тойы құтты болсын демекпіз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары
Уралбекова Ұ.М, Дауытова Ж.Қ, Смағұл М.Ж ,.Буланова С.Т.