ААӨҚ-ның кезекті VIII реткі отырысы өтуде
Аймақтық АӨҚ-ың кезекті VIII реткі отырысы бүгін жергілікті өзін-өзі басқару ғимаратының мәжіліс залында басталды. Отырыста келесі мәселелер талқыланады. Мұнда:
- Баян-Өлгий аймағының стратегиясын және даму жүйесінің динамикалық моделін таныстыру,
- Аймақтық жер үлестіру бас жоспарын бекіту
- Жер төлемін бекіту
- Жергілікті қорға жер телімдерін алу, жұмсау және оған бақылау қою ережесін бекіту
- Жергілікті өзін-өзі басқару мекемелеріне өкілдер сайлау
- 2022 жылы аймақ аумағындағы ауланатын аңдардың санын әр сұмын бас сайын анықтау.
- Толбо көлін аймақтың арнайы қорғауына алу
- «Жаңа ауыл – Баян-Өлгий» кіші бағдарламасын бекіту
- Жергілікті мүлік есебіндегі шаруашылық құру
- Жол қорының жұмсалуына бақылау қоятын жол кеңесін құру
- Жергiлiктi мүлiктiң бiр бөлiгiн баланстан балансқа өткiзу, актлеу, тарату және негiзгi мүлік есебіне алу мәселелерiн талқылау және шешу.
- 2022 жылға арналған аймақ бюджетіне толықтыру енгізу.
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу аймақтық бағдарламасын бекіту туралы мәселелер талқыланбақ.