Аймағымызда өндірілген сапасы жоғары сұйық сабындар
Аймағымыздағы тағы бір жақсы жаңалық – «Марал Инфинит» компаниясы 2023 жылдан бастап АРУ брендісінің сұйық сабын, қол жуатын сұйық сабын, ыдыс-аяқ жуатын сұйықтық, «Хүйтний оргил» брендісінің тұрмыстық жылу пештеріне қолданылатын тосол, антифриз, көлік жуатын сұйықтықтарды өндіріп нарыққа шығаруда. Бұл өнімдер маманды тұрғыда лабороториялық зерттеулерден өтіп, стандарттық талаптардан шыққан өнім. Арнайы рұқсаттама берілген. Қазіргі таңда аймағымызда сатылып жатқан осы тәріздес өнімдерден 30-40 пайыз арзан. Нарықтағы сұранысына келсек қазіргі таңда аймағымыздың көптеген супермаркет, дүкендерінде, кейбір сұмындарда саудалануда. Алдағы мақсат – нарығын кеңейтіп, астанамыз Улаанбаатар қаласында, сонымен қатар басқа аймақтарда сатылымға шығару. Сондай-ақ, қазір сұйық сабындардың сыртқы қаптарын қытай елінен импорттайды. Алдағы уақытта осы қаптарды өздері өндіруді жоспарлап отыр. Егер бұл жоба жүзеге асса аймағымыздағы сусынның қаптары, керексіз болып қалған барлық пластмассалар қайта өндіріледі. «Марал Инфинит» компаниясында қазіргі таңда 4 жұмысшы бар. Алдағы уақытта өндірісімізді кеңейтсек, толық автоматтандырсақ дейді компания директоры Студент Әбілұлы. Қымбатты оқырмандар қазіргі таңда еліміз тек «тұтынушы мемлекет» деген атаумен әлемге әйгілі. Бүкіл заттарды көршілес екі мемлекеттен тасымалдайды. Біз Моңғолия елінде тұратын әрбір азамат Қытай мен Ресейдің өндірістерін, халқын, жұмысшыларын 100 пайыз қолдап отырмыз деген сөз. Ендеше неге өз еліміздегі өнімдерді тұтынып, сол азаматтарды қолдамасқа. Біз шетелдік өнімдерді тұтыну арқылы бүкіл қаржымыз сол елдерге ағылып жатыр деген сөз. Ал ішкі өнімдерді тұтынып, ішкі өндірістерді қолдасақ ақша айналымы өзімізде қалады. Сондықтан өндірістендіру, басқа да тұтыныс тауарлары мен киім-кешек, азық-түліктерді өз елімізде, өз аймағымызда өндірудің маңызы зор. Ал, «АРУ» брендісінің өнімдеріне келсек өте сапалы, қош иіс аңқыған, денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ. Ендеше өз өнімімізді қолданып, өз өндірісімізді дамытайық.