Аймағымызда 7 адам су апатынан көз жұмған
Биылғы жарты жылдың мәліметімен 60-қа жуық апаттар орын алып, салдарынан 10 адам қаза тапқан. Ал, осының 7-і су апатынан көз жұмған. Қазіргі таңда табиғатқа, тауға, өзен-су жағаларына саяхаттаушылар көп. Сапар-саяхат барысында әр азамат өз басының, отбасы, балаларының қауіпсіздігіне көңіл бөлген жөн. Осы аталған апаттардың қай қайсысы да адамдардың жауапкершілігі жоқтығы салдарынан орын алған.
Сонымен қатар қазіргі таңда аймағымызға келіп кетіп жатқан жүргіншілер өте көп. Сарапшылардың айтуынша Тамыз айында індет күшеюі мүмкін. Сондықтан әр азамат ковид індетінен сақтану қажет. Тағы бір айта кетер мәселе еліміздің 21 аймағында аусыл ауруы белең алғандықтан ауру шыққан ошақтардан мал тасымалдамауды ескертеміз. Егер қандай бір ауру мал әкеліп малыңыз індет жұқтыратын болса, тура сол малдың көзін жою шарасы қарастырылады. Өйткені аталмыш ауру салдарынан ел экономикасы орасан зор зиян шегіп жатыр дейді Азат Зейнелұлы.