Атадан мал қалғанша тал қалсын
Адам баласының өмірге келгендегі мақсаты жай бір күнелту емес, маңызды, мағыналы өмір сүру, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, пайдалы іспен айналысу, бір сөзбен айтқанда артында із қалдыру болса керек. Дәл осындай салиқалы ұлдар мен ибалы келін тәрбиелеп, немерелерін бағып отырған бақытты отбасы Қомшаұлы Тілекберді мен Қажыбайқызы Жайнар туралы сөз қозғамақпыз. Бұл кісілер төрт ұл, төрт келін түсіріп, он шақты немере сүйген, қоғамға 40 жыл еңбек етіп, бүгіндері зейнет демалысындағы азаматтар. Зейнетке шықтық екен деп қол қусырып қарап отырмай 2 гектар жерге шырғанақ егіп, бір гектар жерге тал-терек отырғызып күтіп-баптауда. Еліміз президентінің миллиард ағашының мыңнан астамын Тілекберді мен Жайнар өз қолдарымен отырғызған. 2008 жылдары иен жатқан жерден балаларының атына жер алып, сол жерге қаша тартады. Кейін бұл жерге не істеймін деп ойланып жүргенде Бекет Сұрағанұлы ағамызға кезігіп, ол кісі шырғанақ егуге кеңес береді. Еңбектің жемісі тәтті демекші содан бері шырғанақ егіп, бүгінгі күні бір үлкен қашаның іші толған шырғанақ, дәнді дақылдарға толып, толысып тұр. Жайлау, жасыл бақ, шырылдаған торғайдың үні құлақ тындырады. Ал, осы алқапқа Тілекберді Қомшаұлы мен Жайнар Қажыбайқызы ақ ордаларын тігіп, немерелеріне таза ауа жұтқызып, өздері егіннің жұмысымен шұғылданады. Тек өздері ғана емес бос уақытта келіндері мен балалары көмектеседі. Бұдан тыс жұмысшылар да бар. Сыртынан бақылап қарасаңыз береке мен бірліктің, отбасылық жарасымдылық пен еңбектің қызған ортасын көре аласыз. Тілекберді мырзаның мамандығы экономист. Осы кәсіппен қырық жыл айланысса, жары Қажыбайқызы Жайнар ақ қалатты дәрігер. Денсаулық саласында 40 жыл еңбек еткен. Үкіметімізге көп жылдар бойы жасаған еңбегі бағаланып Тілекберді мырза Шаған мейрамы қарсаңында қызыл ту ордені, ал, Жайнар ханым «Алтан гадас» орденімен марапатталғанды. Әрі шаңырақ көтергендеріне қырық жыл толыпты. Осы қарсаңда ұлдары мен келіндері 40 жылдық күміс тойларын өткізген. Бұл тек бір отбасыны дәріптеу емес. Кейінгі жастарға үлгі. Өйткені отан – отбасынан басталады. 40 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті тіршілік етіп, балаларды оқыту, үй болдыру, немерелерін бағу, оның сыртында отбасылық бизнесті дөңгелету әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл да адамның қысқа өміріндегі Алланың басқа берген бағы. Кейбір жас буындар үшін үлкен мектеп. Жайнар аймағымызға әйгілі ақын Қажыбай Бүкірбайұлының қызы. Бұл кісі зейнет демалысына шыққан соң, бұл жұмыс маған жақсы ермек болды. Немерелерімді қарай жүріп, осы кәсіппен айналысамын. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» дейді.
Отбасылық бизнес «Ақсерке» компаниясы болып құрылып, бірнеше азаматты тұрақты жұмысты болдырып отыр. Соның бірі Ілиясұлы Кендабай деген азамат өз лебізімен бөлісті.
Шырғанақты егу, суару, баптау оп-оңай жұмыс емес. Әсіресе 2 гектарға жуық аумақты қолмен суару нағыз еңбектің нәтижесі деуге болады. Бұл жерге арық келмейді, қол құдықпен суарады. Сонымен қатар осы кәсіп үшін мемлекеттен бірде- бір жоба, қолдаулар алмаған. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші бұл президентіміз бастаған ұлы мақсаттың бір бөлігі. Ендеше аймағымыз тарапынан, Өлгий сұмыны тарапынан қолдаулар болып, арық келетін болса, бұл кісілер бұдан екі есе артық өнім алар едік дегенді тілге тиек етті. Егуін егеміз-ау. Ал бұл өнімнің нарығын табу, яғни бізге ақша болып айналып келгенге дейін өте көп уақыт өтеді. Осы қарсаңда көп жылдар бойы сенімді серіктестік орнатып келген мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне айтар алғысымыз зор дейді Тілекберді мырза. Бір тал ағаш егудің өзі сауапты іс. Біз неге оны көп насиқаттаймыз. Өйткені Моңғол үстірті, әсіресе батыс аймақтар шөлейттенудің шырғалаңын бастан кешуде. Ағаш жерге ылғал беріп, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға, эко жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден бір тіршілік көзі саналады. Осы тұрғыда аталмыш азаматтардың еңбегі ұшан-теңіз. Миллиард ағаш жобасы деп көзбояушылық жасап жүргендермен салыстырғанда, бұл азаматтардың еңбегі ұшан-теңіз.