Болашаққа нық қадам
Қазақ ұлттық университеті тек студенттерді білім нәрімен сусындырмай, өзінің қалашығымен көздің жауын алады. Қазақ ұлттық университетінің қалашығы Қазақстандағы ең күшті, аумағы жағынан көлемді университет қалашықтарының бірі. ҚазҰУ – нің басты сайтынан қарайтын болсақ, ҚазҰУ қалашығы 37 мың шаршы метр жерді алып жатыр және жасыл желектер саны 18 мың құрайды екен.
Ендігі қуанышты жаңалық, осы қалашық алдағы 3 жыл уақыт ішінде өзгеріске ұшырайтыны жоспарланып отыр. Жоспар бойынша қалашық қайта жаңартылып, қалашық аумағында үлкен құрылыс басталады. 2026 жылға дейін жаңа оқу корпустарымен, студенттерге арналған жатаханалар тұрғызылады. Алдағы да қалашық ауданында кем дегенде 500 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жерлер пайда болады. Жоспарланып отырған аймақтың көлемін көзбен елестете алу үшін, оны ірі қалаларымыздағы сауда орталықтарымен салыстырайық. Мысал ретінде ҚазҰУ қалашығының болашақ аумағы Алматыдағы Mega және MegaPark қоса алғандай аумақты қамтитын болады.
Біреулердің көзқарасы бойынша университеттің білім сапасының дамуы үшін университеттің қалашығы әсер етпейді деуі әбден мүмкін. Бірақ бұл мүлде олай емес. Төменде оқырманға ҚазҰУ қалашығының дамуы және жаңа сипат алуы, студенттерге қандай пайда әкелетіні туралы айтылатын болады. https://farabi.university/news/
Біріншіден – оқу корпусы, кітапхана, жатахана, асхана, спорт кешендері, лабораториялар барлығы студенттерге жақын. Ғимараттардың бірі біріне жақын орналасуы студенттердің уақытын үнемдеп, көп оқуға, білім алуға мүмкіндік туғызады
Екіншіден – қалашықтың ерекше атмосферасы. Қалашықтың ішінде жүрген студенттер өзін білім ордасының бөлшегі ретінде сезінеді. Қажет емес нәрселерге көңіл аумай, зейінді тек оқумен дамуға қоюға көмегін тигізеді. Сонымен қатар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Үшіншіден – жаңа орта құруға мүмкіндік. Барлық студенттер қалашықта жүргендіктен жақын достар табу ықтималдылығы жоғары. Жаңа таныстықтар арқылы жаңа топтар, ұйымдар, жобалар жасауға жақсы мүмкіндік. Ал бұл өз кезегінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытады.
Төртіншіден – шетелдік студенттерге жеңілдік. Қалашық шетелдік студенттердің тез ортаға бейімделуіне көмектеседі. Көптеген тілдік клубтар, мәдени шаралар, қолдау орталықтары осы қалашықта орналасады.
Бесіншіден – оқу корпустарының көптігі. Әртүрлі факультеттер бір – бірімен жақын орналасуы, әр факультет студенттерінің бір – бірімен байланыс жасауына мүмкіндік береді. Мысал ретінде тарихшылар мен математиктер.
Алтыншыдан – жаңа жобаларға мүмкіндік. Қалашық мекемелерінде лабораториялар, компаниялармен байланыс орнататын жерлер бар. Осы жерлерге студенттер барып, бағдар мен тәжірибе алып, жаңа жақсы жобалардың бастамасышы атануы мүмкін.
Осындай студенттерге оң әсер беріп, оларды алға қарай дамытуға мүмкіндік тудыратын, қалашықтың пайдалы жақтары бар. Қазақ ұлттық университетінің қазіргі таңдағы қалашығыда студенттерге пайдасын тигізіп жатқанына еш күмән жоқ. Ал алдағы қалашықты жаңарту жоспары іске асқаннан кейін, университеттің білім сапасы қазіргі уақыттан да жақсы болатынына сенемін.
Авторлары: әл – Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті 2 курс магистранты: Катаев Нуржигит
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Көкебаева Г.К
Дүниежүзі тарихы тарихнама деректану кафедрасының доценті Мухажанова Т.Н