Білімді азамат – Қанжарбайұлы Мырзабекті қолдаңыздар
Еліміздің, аймағымыздың, сұмынымыздың дамысы тікелей білікті басшылардың сайлануына келіп тіреледі. Ал, білікті басшы сайлау үшін халық өкілдері ретінде атын ұсынып жатқан депудаттардың ең білімдісін сайлау маңызды шешім. Сондай білімді, білікті азаматтың бірі – бұл жолғы аймақтық азаматтар өкілдер құрылына атын ұсынып отырған Қанжарбайұлы Мырзабек дер едік. Мырзабек ауылшаруашылығы саласынан доктор дәрежесін қорғаған аса білімді азамат. Қазіргі қоғамда осындай білімді агрономдар мен инженерлер қоғамға аса қажет мамандықтар. Олай дейтініміз еліміздің дамып өркендеуі үшін ауылшаруашылық та жоғары деңгейде өркендеуі қажет. Ал, ауылшаруашылығы яғни мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы арқылы бүкіл халықты сапалы, әрі қолжетімді азық-түлікпен қанымдап, ішкі өнімді арттырып, ауылдағы азаматтардың кірісі мен табысы молайтуға болады. Мырзабек Қанжарбайұлы аймағымызды көгалдандыру, ең жақсы сорттың өнімдерін егу, өнім сапасын арттыру барысында аса ауқымды шаруалар атқарды. Қазіргі аймақ деңгейінде тек құрылыс салу, дайын тауарды әкеліп сату жоғары деңгейде жүзеге асып жатыр. Тіпті барлық білікті азаматтар алыпсатарлыққа ден қойған. Нарық түгелдей соған бағытталған. Ешкім де ағаш егейік деп жүрген жоқ. Біле білген адамға жасыл алқаптың, өз топырағымызда өскен табиғи өнімнің құндылығынан артық несібе жоқ. Короновирус індеті кезінде шекара жабылғанда күйіміз қандай болды? Егер шешім шығару деңгейінде Мырзабектей азамат сайланар болса, аймағымыздың ішкі өнімі артып, таза табиғи өнімді азаматтар тұтынып, тіпті экспортқа шығаруға қадамдар жасалар еді. Өкінішке орай өткен жылдарда осындай білікті азаматтар сайланған жоқ. Кілең өзінің мүддесі мен тендерді бөліп жейтін, өз құлқынынан аспайтын азаматтар ғана сайланып, халықтың әл-ауқаты төмендеп, күн көріс нашарлай бастады. Қазір қоғамда бай және кедей деген екі тап қана бар. Олардың бірі – мемлекетті жеген, халықтың нәпақасын қолды еткен байлар да, екіншісі – жұмыссыздар немесе айлық жалақысын банкінің қарызына төлейтін, бір айлықтан екінші айлықтың арасындағы адамдар. Неге біз түбегейлі өзгеріс жасамаймыз? Неге біз банкінің қарызы мен импортпен келетін қымбат тауарларды тұтынамыз дегенге келсек отандық брендтер мен ішкі өнімді қолдамағаннан туындаған дүниелер. Мырзабек Қанжарбайұлы 1998 жылы Қазақстан мемлекетінің Астана қаласынан Ауыл шаруашалылық университетін агроном мамандығы бойынша, бітіріп келеді де еңбек жолын 1999 жылдан бастайды. Енді қарап отырсақ одан бері 25 жыл өтіпті. Қызметін атқара жүріп әрдайым, өсу, өрлеу, білімін жетілудіру жолында тер төкті. 2010-2012 жылдары Монгол мемлекетінің Ауыл шаруашылық университетін магистр, 2014-2020 жылдар аралығында докторлық ( Ph.D) дәрежеге көтерілді. Аймағымыз өсімдіктері мен ағаштарының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеген бірден-бір азамат. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген қазақ даналығы осындайда айтылса керек. Өткен жылдарда Дэлүүн сұмынынан шыққан ААӨҚ-ның деудадаттары қандай шаруа атқарды? Халыққа қандай жақсылығы тиді? Қандай тың жобалар іске асырды? Өкінішке орай аса ірі шаруалар атқарылған жоқ, халықтың басындағы проблема шешілген жоқ. Ендеше халықтың түбегейлі дұрыс және оңтайлы шешім қабылдайтын сәт те жетті. Мырзабек Қанжарбайұлы сайланар болса өз білімі мен білігін халықтың әл-ауқатын жақсартуға, инфрақұлымын яғни жол, жарық, ауыз су мәселесін шешуге, малшылармен қоян-қолтық жұмыстап, малдан түсетін өнімді арттыруға, шағын және орта өндірістерді қолдауға, сұмын халқын жұмысты болдыруға барынша ат салып жұмыстайтын болады. Ендеше қолдау сізден болсын қымбатты ағайын!