Білім мен мәдениет байланыстарының жаңа деңгейі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Омбы қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалының ресми ашылуы өтті. Бұл оқиға Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжылдық стратегиялық серіктестіктің маңызды қадамы болып табылады.
Жаңа филиалдың ашылуы екі елдің білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын жаңғыртып, халықаралық білім беру кеңістігін нығайтуға ықпал етеді. Бұл қадам Қазақстан мен Ресей арасындағы білім алмасуды күшейтіп, жаңа буын мамандарын даярлауға және олардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.
Филиал негізінде студенттерге сапалы білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу және академиялық алмасу бағдарламалары жүзеге асырылады. Мұнда екі елдің ғалымдары мен оқытушылары бірлесе отырып, ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін шешуге үлес қоса алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалы екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды тереңдетіп, білім беру саласында ұзақмерзімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналады. Бұл бастама Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейін көрсетіп, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.Екі елдің бірлескен күш-жігері болашақта жаңа жетістіктер мен табыстарға жол ашады.
Қорытындылай келе, бұл жобаның жемісті болуын және білім беру саласындағы серіктестіктің одан әрі нығаюын тілейміз!
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Университенің аға оқытушылары
Н. Амангелді, Ж.С. Әділханова