Бүгінгі талапкер – ертеңгі кәсіби маман
Еліміздің басты білім ордасы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіміз https://www.kaznu.kz 1934 ж ашылған еді. Сол кезеңде 94 студент, 25 оқытушы болған.
Университетке1993 ж ғұлама ғалым, екінші ұстаз Әбунасыр әл-Фараби атамыздың есімі берілді.
Бұл университет қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орны ретінде мақтанышы. Жыл сайын осы университет қабырғасында білім алғысы келетін талапкерлер саны артуда екенін уақыт көрсетіп отыр. Университтетте жаратылыстану бағытында көптеген факультеттер жұмыс істейді, осы факультеттерге тоқтала кетсек:
Биология факультеті 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Құрамында 4 кафедра бар: биоалуантүрлілік және биоресурстар, биотехнология, молекулалық биология және генетика, биофизика және биомедицина, сондай-ақ биоклиника және агробиостанция.
Физика-техникалық факультеті – қазіргі физика-техникалық кластердің орталығы. Факультетте ғылыми-техникалық жобалар саны тұрақты өсіп келеді және де заманға сай жабдықталған жаңа зертханалар құрылуда.
География және табиғатты пайдалану факультеті. Факультетте Колумбиялық Университет (Нью-Йорк, АҚШ), Лиссабон Политехникалық Университеті (Португалия), Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті «Дубна» (Ресей) және басқа да шетелдік университеттермен бірлесе отырып ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, халықаралық «Тұрақты даму жөніндегі» ЮНЕСКО кафедрасы құрылған.
Медицина және денсаулық сақтау факультеті білім беру, ғылыми-әдіснамалық, сараптамалық-консалтингтік, консультативті-диагностикалық және халықаралық алаң болып табылады. Негізгі қызметі – Қазақстанда, Орталық Азияда қоғамдық денсаулық сақтау саласына қажетті мамандарды дайындау.
Механика – математика факультеті 1934 жылы негізі қаланған.Факультет математикадан, механикадан мамандар оқытып шығарады.
Химия және химиялық технология факультеті. Факультет 3 мамандық бойынша бакалавр, 8 мамандық бойынша магистрлар мен PhD докторларын дайындайды
Ақпараттық технологиялар факультеті 2018 жылдың 15 қаңтарында ашылды. Қазақстанда базалық лейтмотивті ақпараттық технологияны өмірдің барлық салаларында қолдану және дамыту болып табылатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында факультетте «Жасандыинтеллект және BigData» кафедрасы ашылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Quacquarelli Symonds (QS,Ұлыбритания), Thomson Reuters (США) агенттіктерінің зерттеулеріне сәйкес, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша әлемдік топ-университеттер рейтингінде 165 дәрежеге енген, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіндегі Орталық Азиядағы тұңғыш университет. Осындай көрсеткіштер ҚазҰУ – ін Қазақстан Республикасының аса ерекше, жетекші жоғарғы оқу орны деп айтуымызға толық мүмкіндік береді және мақтан тұтамыз.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары Үсенбекова А.Е,
Бекалай Н.Қ, Нурмаханова А.С
Бүгінгі талапкер – ертеңгі кәсіби маман
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Бүгінгі талапкер – ертеңгі кәсіби маман» атты тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шарада мамандық туралы ғалымдардың пікірімен және Кәсіби бағдар беру жұмысратымен танысты. Кәсіби бағдар беру жұмысы туралы қазіргі ақпараттық құралдардағы деректер мен әртүрлі қоғамдық пікірлерді саралай отыра, оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеп, талдап, жүзеге асу мүмкіндіктерін қарастырып, ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауы және зерттеу талдау жұмыстары арқылы, отандық жастармен қатар шетел елдерде өмір сүріп жатқан қазақ жастарының менталитетін ескере отырып, оларға Қазақстанда кәсіби білім алудың жеке тұлғаға бағытталған білім берудің бейімделген оңтайлы әдісі арқылы әл–Фараби атындағы ҚазҰУ мен отандық өзге де оқу орындарының ғылыми әлеуетін таныту болып табылады. https://www.kaznu.kz әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және мүмкіндігінше отандық өзге оқу орындарында «академиялық дербестік» қағидасы бойынша кәсіби мамандандырылған білім беру жүйесінде материалдық техникалық ресурстардың жаңғыртылуын бақылап талдау жұмыстарын жасап, отандық өзге оқу орындарында мемлекеттік және жекеше түрде серіктестік механизмінің кәсіби бағдар беру жүйесіне енгізілу үдерісіне талдау жұмыстарын жасау өте маңызды жұмыс болып табылады. Отандық жастармен бірге шетелдегі қазақтарды атажұртқа тартудың, олардың елімізге көбірек келуіне мүмкіндіктер туғызудың ең ұтымды жолдарының бірі – оқуға шақыру. Шетелдік қазақ жастарын білім алуға, еңбек етуге шақыруға, оларға кәсіби бағыт-бағдар беру, бейімдеу, ЖОО-на оқуға түсуіне, еңбекке араласуына көмектесуге бағытталған.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінің оқытушылары
Габитова В.А., Сапаров М.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – білім мен тәрбие ошағы
Жаһандану мен ақпараттандырудың қарқынды өсуі жағдайында рухани құндылықтар қоғамда маңызды рөл атқарады. Рухани өмірді зерттеуге деген қызығушылық ғылымның, өнердің, білімнің және адами өмірдің басқа да маңызды аспектілерінің нақты өсуіне байланысты. Қоғамның рухани өмірі әрдайым адамның бойында білім мен тәрбие беру арқылы рухани құбылыстарды, құндылықтарды дарытуға көңіл бөледі. Қазіргі уақытта бәсекелестікке қабілетті, жоғары біліктілік ұғымдарымен қатар, жауапкершілікті, еңбекқор және адал ниетті маман сияқты адамгершілік қасиеттер де маңызды екені анық. https://www.kaznu.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті оқу-тәрбие үдерісі кезінде тыңдаушының оқу-танымдық белсенділігін арттыру, жастардың отанға деген сүйіспеншілігін ояту, халқының тарихын тереңінен тануға, әдеби-көркемдік талғамын дамытуға, қазіргі әлемдегі өркениеттік даму заманында жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру сияқты бағдарда жүзеге асырылатын бастамаларды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылар құрамы жоспарлы оқу бағдарламасынан тыс әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстарға тыңдаушыларды ынталандыруда белсене еңбек атқарады. Оқу жылы басталғалы жоспарлы, дәстүрлі түрде мерейтойлық шаралар аясында тақырыптық тәрбиелік ашық сабақтар, концерттер, челлендждер өткізіліп келеді. Кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар өтті. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім» атты іс-шара ұйымдастырылуда. Оның негізгі идеясы – біздің қол жеткізген тәуелсіздігіміз қазақ халқының өз жері мен ел бірлігін сақтап қалу үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген күресін баяндайтын көрініс. Тыңдаушылар белгілі тарихи тұлғалардың ұмытылмас көркем бейнелері арқылы олардың болашақ ұрпақтарының еркін елде, бостандықта, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруін ғасырлар бойы армандап келгенін әңгімелеп берді. Өткізілген іс-шаралар тыңдаушылардың логикалық ой-жүйесін кеңейтуге, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға, ойлау және шығармашылық қабілетін жетілдіруге, белсенділігін арттыра түсуге, ой-өрісін дамытуға өз үлесін қосары сөзсіз. Қазіргі кезде осындай тәрбиелік сабақтар мен іс-шараларды өткізудің маңыздылығы өз кезегінде болашақта жастарымыздың мәдени, рухани деңгейі жоғары, дарынды және тәуелсіз тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізетініне үміт арттырады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінің оқытушылары
Габитова В.А., Уралбекова У.М., Сапаров М.Б.
«Ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы осы мақсатта ауқымды іс атқарып келеді. Мұнда дәрістен тыс атқарылатын тәрбиелік және қоғамдық іс-шаралары қоғамымызға қосылған ауқымды мәдени бағыттағы істерінің маңызын арттыра түспек. «Тәрбиесіз берген білім-қауіпті» деген Әл-Фарабидің сөзі рас. Шәкірт бар жақсылықты оқу орнының қабырғасында қалайды, таланты ашылады, ортаға бейімделеді, шыңдалады. Халқымыздың ұлттық руханиятын еселеуге, оның дәріптеуге арналған іс-шаралар жастардың рухани дамуына, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына қалыптастыруда шын мәнінде мағыналы, пайдалы деп айта аламыз. Қызықты сайыстар, білім бәсекелері, өнер фестивальдары жыл сайынғы дәстүрлі мерекелерге айналған. Кафедрадағы пәндік бағыттағы клубтар мен үйірмелердің жоспарына сай өткізілген кештер мен тәрбиелік сағаттар тақырып жағынан да, мән-мағынасы жағынан да терең, маңызды. Солардың бірі – «Мұражай тану» клубы әсерлі саяхат ұйымдастырды. Мұражайдың маңызы зор, өйткені мұражайда шығармашылық өнермен және басқа эпоханың адамдарының мәдениетімен таныстырылады. Бұның бәрі тыңдаушының ойлау қабілетін кеңейтеді, өзінің Отанына деген махаббатын оятады. Біздің мұражайда қазақ халқының тұрмысы (киіз үй, көне ыдыстар, бұйымдар,киімдер, әщшекейлер) бар. Мұндағы экспозиялардан қазақ халқының өткен тарихын ғана емес, сонымен қатар қазіргі өмірінде көруге болады. Мұражай фонында қолымен ұстап көруге болатын: фотолар, кітаптар, қару жарақтар, киімдер, ыдыстар, әшекейлер жиналған. Шетелден келген қандас бауырларымызқызығушылықпен тыңдап, сонымен қатар өз елінің тарихын, әдебиетін, ғылымын біліп, танып, өз әсерлерімен бөлісті. Мұражайға тағыда келгісі келетіндерін айтты.Фаультетімізде тек қазақ жастары ғана білім алмайды, мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік азаматтар да білім алып, қазақ тілін үйреніп, қазақтың салт-дәстүрімен танысып, тарихын, мәдениетін игеруде.https://www.kaznu.kzӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып, білім алу кез-келген жастың арманы. Оған дайындық кафедрасының білікті ұстаздары кәсіби білім беріп, жоғары деңгейде оқуға түсуге мұрындық болуда. Білімді жастар еліміздің болашағы. Сондықтан, жастар білімді сапалы алып, ұлттық мәдениетімізді бойына сіңірсе екен дейміз.
Жоғары оқу орнына дейінгі білімберу факультетінің
оқытушысы ГабитоваВ.А.
Ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған халықаралық конференция
2022 жылғы 27 желтоқсанда Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің https://www.kaznu.kz жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің доценті С.А. Сартаевтың жетекшілігімен “әдеби үдеріс контекстіндегі Ш. Мұртазаның шығармашылығы”атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция ұлы жазушы және қоғам қайраткері ШерханМұртазаның 90 жылдығына арналды.
Конференцияның мақсаты: Ш. Мұртазаның әдеби, қоғамдық және саяси қайраткер ретіндегі шығармашылығын талдау.
Халықаралық конференцияның модераторы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беруфакультетінің деканы, ф.ғ. к., қауым.профессоры Суатай С.Қ. болды.
Конференцияда “Егемен Қазақстан” газетінің құрметті тілшісі, журналист, жазушы Гүлзейнеп Садырқызы Ш.Мұртазаның қалыптасуы мен шығармашылығы туралы сөз сөйледі. ҚазҰУ филология факультеті Шетел филологиясы және аударма кафедрасының доценті Сүлейменова Г.С. Әл-Фараби шығармалар: романдар, очерктер мен мақалалар призмасы арқылы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке ерекше назар аудара отырып, ағылшын тілінде сөйледі. Моңғолиядағы Ұлан-Батыр қаласындағы “Баян-Өлгий” телеарнасының тілшісі Алейхан Айбота мен А.К. Бегалиева бірлесіп жазған тақырыбы: Абай мен Ш. Мұртазаның шығармалары негізінде салыстырмалы талдау мен өз философиясын ұсынды.
Конференция онлайн/оффлайн және Zoom аралас форматында өтті, сондықтан Ұлыбритания, Венгрия, Моңғолия, Түркия және Ресей ғалымдары қатысты.
ПОҚ секцияларында және қонақтар ҚР ұлы жазушысы Шерхан Мұртазаның шығармашылығын түрлі бағыттарда талдап, талқылады; Ш.Мұртазаның шығармаларын зерттеу және Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне әсері; Ш. Мұртазаның медиа-кеңістіктегі шығармашылығы; қазақ тілінің қоғамның дамуына, қоғамдағы мәдени-тілдік дәстүрлерді қолдауға әсері тағы басқа қырларынан ашылып конференция талапқа сай дәреже өтіп өз мәресіне жетті.
Барлық шақырылған қонақтар мен профессор-оқытушылар құрамы конференция жоғары деңгейде өтті деген қорытындыға келді, сондықтан ұлы жазушы және қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның бай шығармашылығын зерттеуді жалғастыру және кеңейту қажет.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары:Ж.Т.Бимагамбетова, А.Ш.Муртаза, М.Н.Нургалиева