Дайындық кезеңін ҰБТ-ға дейін қалай өткізуге болады?
Осы сұрақты әрбір тындаушы өзіне қоятын шығар.ҰБТ туралы барлық сайттарды ақтарып, баспасөздегі мақалалардың бірін қалдырмай оқып, өзімнен бұрын оқып кеткен достарымнан, туысқандарымнан сұрай беретіндер бар әрине. Сол кездерде балаға тындаушыға көмек беріп ойындағы сұрақтарға жауап беріп көмек берген өте жақсы нәтиже беретіні анық.
Жас талапкерлерге айтарым – еш күйзелмеңдер, сабырмен дос болыңдар! Еш қорықпай, қаймықпай, сабақтарыңды ынтамен оқып, өздерің тапсыратын 3-4 пәнге де жақсы қараған дұрыс. Жылда тест сұрақтары жаңартылып, аздап қиындатылатыны болмаса, басқа айтарлықтай ауырлығы жоқ екені сөзсіз құбылыс .
- ҰБТ-ға дайындалумен қатар, күнделікті сабақтарға да тиянақты дайындалу керек. Әсіресе, қоғамдық білім негіздері, құқық, тәрбие сабағы дегендерді мұқият тындап семинар сабақтарына да қатысып отыру абзал.Сабақтарды жақсы оқыса, университеттің І курсына келгенде міндетті түрде өтетін философия, мәдениеттану, тарих сияқты пәндердің бағдарламасын игеруге көмегі көп тиеді екен.
- ҰБТ-ға дайындық барысында тек бір сабаққа ғана, мысалы, әркімнің өзіне қиын соғатын сабағынағана көңіл бере беру тіпті дұрыс емес. Мәселен Одан 20-25 балл алу үшін тек бір пәнді тынбай оқи беріп , басқа сабақтарды да бірте-бірте төмендей басталуы ықтимал ғой,сондықтан төрт пәнге де бірдей уақыт бөлген жөн.
- «Достық», «EdTech», «Достар», «ҰБТ-ға дайындалу бұрышы», т.б. курстарға сеніп, өз бетінше оқымай қоюға болмайды. ешқайда бармай-ақ, өз бетінше дайындалуға да болады.
Бұл жерде ұстаздардың да жан – жақты көмегі керек екені айдан анық дүние сол себепті педагогикадық және психологиялық көмектерді аямай беруді тоқтатпау керек деп ойлаймыз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, егер оқымасаң, алға қойған мақсатыңа жете алмайсың. Қашанда оқи отырып, қинала отырып, оптимистік көзқараста болған жөн деп білеміз.
Биылғы, біздің Әл Фараби атындағы ҚазҰУ ге келіп оқып жаnқан Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жас тындаушыларымызға сәттілік тілейміз!!! Дәл қазіргі уақытта бітірушілер жаппай ҰБТ-ға дайындық үстінде жүр.https://farabi.university.kz
Жоғары Ұлттық университеттерге түсу үшін талапқа сай сұраққа дұрыс, нақты жауап беру керек екені сөзсіз ,ағайын.
Амирханов М.Б. Смағұл М. Ж. Муртаза А. Ш.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының аға оқытушылары Алматы қаласы