Дайындық курсында оқыту дифференциациясын қолданудың негізгі ерекшеліктері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы оқыту дифференциациясы білім алушының ақыл-ой қабілетінің деңгейіне қарай оқу жұмысын бағыттай отыра, тыңдаушының денсаулығын сақтауды және білім беру бағдарламалары, сабақтар баланың жеке басының қызығушылығы мен мүддесіне басты назарда ұстай отыра (толығырақ –https://farabi.university/ сайтынан біле аласыздар) ұйымдастыруды көздейді.
Дифференциалдық тәсілді қолдану – білім алушының қатемен жұмысын ұйымдастыру барысында өте қажет үдеріс. Мысалы,
1) материалдарды тез меңгеретіндерге арналған;
2)материалды меңгеру барысында қандайды бір қиындық қатап болатындарға арналған;
3)білімін де ақтаңдақтар бар, оқу материалдарын толық меңгермегендерге, өз біліміне, күшіне сенімд іеместерге арналған дифференциалдық деңгейлік тапсырмалар беру өте тиімді. Тапсырманың 1-нұсқасының мазмұны күрделі емес, деген мен кейде ұстаздың немесе досының көмегіне жүгінуді қажетететін, 3-топқа арналған жаттығу жұмыстары болса, ал 2-нұсқа алған білімін жаңа жағдайда дұрыс пайдалана білуге бағытталады. Тапсырма да өткен материал мен жаңа сабақтар тығыз байланыста ұсынылады. 3-нұсқа білім алушының ақыл-ой қабілетін дамытуға, өз бетінше әрекет етуіне арналған шығармашылық жұмыс болып табылады. Негізінен, тапсырмаларды сабақтың алғашқы жартысында берген ұтымды, себебі сабақ жаңа басталды, тыңдаушылар сабақтан жалыққан жоқ. Тапсырмалар әрбір білім алушының қабілеті мен зейініне сәйкес берілуі қажет. Бағада тапсырмалардың нұсқаларының деңгейіне қарай қойылады. Оқыту дифферциациясы білім алушының оқу машықтарын, дағдыларын, қабілеттерін, білім деңгейін бағалауда жеке критерийлерді ескеруді талап етеді. Әрбір білім алушы – қайталанбайтын жеке тұлға, сондықтан да оқу үдерісінде оқушылардың жеке бас-мүддесін, қызығушылығын ұстаз басты назарда ұстауы қажет.
Қорыта айтқанда, отандық жалпы білім беру жүйесіне әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, оқытудың, орта білім берудің үш бағытын енгізуді ұсынғым келеді. Мысалы, 6-16 жастағылар үшін міндетті он жылдық орта білім, белгілі бір саланы тереңдете оқытатын он бір жылдық арнайы мектеп-гимназиялар, он екі жылдық кәсіби бейіндік мектеп-лицейлер. Себебі бүгінгі оқушы – ертең студент, болашақ маман, еңбеккер. Отандық жалпы орта білім берудің озық үлгісін қалыптастыру – еліміздің әлемдік білім-ғылым кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, рухани жаңғыруымыздың алғы шарттарының бірі, басты қадамы. СондықтандаҰстаздың қасиетті міндеті, асыл парызы – әр бір білім алушының бойындағыдарынын, жеке қасиетін тану, бағалау, оны дамыта білу, олардың бойына оқу-біліммен қатар ізгіліктің дәні неге білу.
Әл-ФарабиатындағыҚазақ
ұлттықуниверситетінің аға оқытушылары:
Бегалиева А.К., Наралиева Р. Т., Тилеужанова Г.Т.