Денсаулық – ең басты құндылық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқып жүрген шетелдік студенттер үшін арнайы «Денсаулық – ең басты құндылық» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл шараға факультеттің оқытушылары мен АҚШ, Испания, Қытай, Түркия, Корея, Жапония, Монғолия және басқа да елдердің шетелдік студенттері қатысты.
Іс-шара барысында сөз алған шетелдік студенттер табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандырып отырған, барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратын, тазалық сақтау туралы ойларын ортаға сала отырып, дүниежүзілік қоғам мәселесіне айналып отырғанын да атап өтті.
Факультеттің оқытушылары баяндамалар жасай отырып, адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігін, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кірісетіні жайында баяндады.
Шетелдік студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл денсаулық тақырыбына арналған іс-шараға шетелдік студенттер белсене қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін көрсете білді.
«Денсаулық – ең басты құндылық» атты тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға үгіттеуге өз үлесін қосты деп санауға болады.
А.Е. Саденова, ГМ. Мужигова, В.А. Габитова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті