Ел көлемінде құтырық ауруының вакцинасы таусылған
Бүгінгі сөз еткелі отқан тақырыбымыз құтырық ауруы жайында болмақ. Еліміз көлемінде құтырық ауруының вакцинасы таусылғаны байланысты азаматтар итке қабылмау, құтырық ауруын жұқтырған мал және кейбір үй жануарларынан, ет қоректі аңдардан аулақ болуын ескертеміз дейді денсаулық басқармасының вакцина жауаптанған маманы Ерқанат Аманжолұлы. Құтырық ауруымен жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде – жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.