Ең үздік университет – Әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Озат тәжірибе – ортақ іс
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылы 27-29 қараша күндері «Шет тілдерін оқыту практикасындағы классикалық және жаңа әдістемелер» атты халықаралық ғылыми – әдістемелік семинар Zoom платформасында онлайн өтті. Онлайн семинарға ҚазҰУ мен Қазақстан, Түркия, Азербайжан, Украина, Қырғызстан университеттерінің ғалымдары, әдіскерлері мен оқытушылары, тіл мамандары қатысты.
Бұл семинар қазақ, орыс тілдерін шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңына айналды, негізгі мақсаты: қазақ,орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйретудің жаңа әдістемесімен танысу, өзара озық тәжірибелермен алмасу, тілді оқыту оқулықтарын, заманауи тәсілдерді талқылау,оқытушылардың біліктілігін арттыру болды.
Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Мұндай кәсібилікке бірден бір себеп болатын орта – кафедра. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының білім әлемінде желкен кергеніне де биыл 40 жылдың жүзі болыпты. Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми – әдістемелік базасы дамып, қасиетті қарашаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты.
Бұл кафедра шетелдік жастарды тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты тәрбие сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Ұзақ жылдар бойы кафедрада педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды.
Семинар барысында бүгінгі таңдағы тіл туралы ең өзекті мәселе талданып, тіл үйренушінің тілді шет тілі немесе екінші тіл ретінде меңгеруі мен қолдануында сол үйренген тілдің қалыптасуына арқау болып отырған мәдениетті үйренудің маңыздылығы және тіл үйрету барысында оқылып отырған тілді қолданушы халықтың мәдениетін оқытудың жолдары мен әдіс – тәсілдері, бағыттары жайлы мәселелер талқыланды. Бұл халықаралық семинар кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым – әдіскерлер мен білікті оқытушылардың қазақ, орыс тілдерін шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.
Халықаралық семинар жұмысына Астана қаласынан Ш. Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Lab әдістемелік зертханасының бөлім басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. М Ысқақова, Қырғызстаннан Қырғыз Республикасының ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Маразыков Т. С,ТүркияданХаджи Байрам Вели Анкара университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD М. Мырзабекова, Украинадан Харьков ұлттық авто-жол университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты, тілдерді оқыту кафедрасының меңгерушісі Н. С. Моргунова, Түркия елінен Анкара университетінің Томер орталығының менеджері, филология ғылымдарының кандидаты Караман Севиль Пириева, Әзірбайжаннан Баку мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Севиндж Назимовна Нуриева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – да қазақ, орыс тілдерін екінші тіл ретінде оқыту бағытында бірнеше оқу құралы жарық көрген авторлар, филология ғылымдарының докторы., профессор Ж.А. Нуршаихова,филология ғылымдарының кандидаты., аға оқытушы М.П. Ешимов өз баяндамаларымен қатысып, ж. т. б. әдіскер – ғалымдар, білікті мамандар, оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл шараның ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін қазақ және орыс тілдерінде баяндап ұсынды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Семинар қатысушылары бір-бірімен пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды. Барлық қатысушылар аталған шараның өзектілі екендігін атай отырып, кафедра ұжымының ғылыми – әдістемелік жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. Бұл халықаралық семинар өз мақсатына жетті, барлық қатысушылар үшін пайдалы болды. Аталған мазмұнды шарада қонақтар онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Белсенді және өз іс-тәжірибесімен бөліскен қатысушыларға Сертификаттар және Алғыс хаттар табысталды.
Айгүл Саденова
Филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.,
Бахыт Айтбаева
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау.
Эстетикалық тұрғыдан дамыған ғана адам жан-жағындағы өзін қоршаған әлемді сезіне алады.Әсемдікті көріп, оны түсінеді, қоршаған ортаға зиянын тигізбеуге тырысады. Озық технологиямыз дамыған мына заманда жастарымызды интернет шырмауынан аластату үшін, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында әртүрлі бағыттағы 20-дан аса клубтар мен үйірмелер, стартаптар жұмыс атқарады. Соның ішінде «Жас шебер»стартабы да бар.Стартаптың мақсаты – бабалар мұрасын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына кішкене де болса үлес қосу.Құрылғанына біршамауақыт болса да біраз жетістіктерімізбар. Жас шеберлермен жасалған бұйымдар көрмелерге шығарылып, кейіннен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қолдан өндірілген бұйымдар сатып алушылар тарапынан қызығушылығын туғызып, арнайы тапсырыстар қабылдап, аз ғана болса да халқымыздың тұрмыстық қажеттілігіне жарап жатыр.Бұл жердегі үйірменің мақсаты әр тыңдаушының өздері қолдан жасаған заттарын болашақта кішігірім капиталға айналдыра алатынына сенім ұялату болып табылады.Жақында ғана ТДМ-9. Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым аясында«Жас шебер» стартабының шеберлері көрме және жәрмеңке ұйымдастырды.Бұл іс-шара мақсаты – университеттегі білім алушы жастарға қолөнерді насихаттау, үйрету, түрлі қолөнер бұйымдарымен таныстыру. Көрмеге келушілер де, көрушілер де көп болды. Көрмеге қойылған әрбір зат көрушілерді қызықтырып, қолөнерге деген құштарлығын арта түсті. Көрмеге қолдан тоқылған балаларға арналған ойыншықтар мен кішкентай қыздарға арналған көйлектер, сөмкелер, үйге киетін сүйретпе түрлері, әшекей бұйымдар, қыл қалам шеберінің қолынан шыққан туындылар қойылды. Көрмеге келушілер стартап шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарға қызығып, сұрақтар қойып, сатып алып жатты. Жас шеберлеріміздің алдағы жоспарлаған жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Тилеужанова Г.Т., Ибрагимова М.Н.,
Амангелді Н., Әуелханқызы М.
ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Ғалым Алма Қыраубаеваның «Жаным садаға» (1995) атты дидактикалық еңбегі, оның ұзақ жылғы ұстаздық тәжірибесінің жемісі. Автор оқушының, білімгердің ұстаз бен қарым-қатынасы қандай болғаны абзал, қатал мұғалім -жақсы мұғалім бе немесе «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» сияқты тақырыптарды сөз ете отырып, халықтық педагогиканың інжу маржандары мен өз өз ой-толғамдарын ортаға салады.
Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне айрықша назар аударады. Алма Қыраубайқызы әрбір шәкірттің психологиясын жете танып, түсіне отырып, сырласа білуге, жүрегіңе жол ашуға әрдайым шәкірттерін білімге, ғылымға деген қызығушылығын арттырып дамытатын еді.
Ұстаз өте қарапайым, жылы жүзді адам. Автор бұл кітабында мұғалім мен шәкірт арасындағы түсініспеушілік қарым-қатынастарын қалай жақсартсақ деген оймен тәрбие барысында халықтық педагогиканың үлгілерін басшылыққа ала отырып, әр сөзін мақал-мәтелдермен баянды етіп, тыңдаушыға әсерлі, жүрекке қонымды етіп жеткізеді.
Мысалы, автордың мына пікірі өте орынды, түсінікті өсиет сөзге айналған. «Әр шәкірттің өз мінезіне қарай бабын таба алмасақ, онда мұғалім емес, сабақ беруші ғана болып қаламыз. Шәкіртін сыйламайтын мұғалім ғана онымен дауласып, ұрысуға барады. «Сыйлы боламын десең, сыйлай біл» деген мақал мұғалімге де арналған. Жан дүниесін білмеген адам мұғалім бола алмайды. Мұғалімде тәуіптің көзі, ақынның жүрегі, суретшінің қиялы болсашы. Жазушы мен мұғалім бірігіп, оқушының жан дүниесін жасап шығарады. Нағыз мұғалімнің еңбегі – суреткердің еңбегі сияқты шығармашылық еңбек».
Шәкірттің сеніп айтқан сырын сыртқа шашпа, бетіне баспа. Әр бала өзінше жұмбақ, өзіңше байлық. Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: Балаңы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – тәртіпті қылу деп ойлаймыз. Мұғалімнің бақыты да – балада, күйініші де – балада.
Автордың бұл кітабын деректі әңгімелерге құрылған адамға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретін дидактикалық еңбек деп бағалаған жөн. Сонымен қатар, мұғалімдерге шәкіртті оқытудың, тәрбиелеудің әдістемелік әдіс-тәсілдерін жан-жақты ашып көрсетеді. Адам бойындағы туа біткен, қалыптасқан асыл қасиеттерді, ұлттық тәрбие мен ұлттық сана-сезім арқылы сіңірсе екен дейді.
Алма Қыраубайқызы «Жаным садаға» атты еңбегінде – өзінің көп жылғы ұстаздық қызметінде, өмірде болған, өзі көзімен көрген шәкірттерінің арасында болған оқиғаларды көркем әсем тілмен баяндай отырып, оқыту мен тәрбиелеудегі тәрбиенің бірнеше үлгілерін ұсына отырып, болашақ жас ұрпақты алдымен отансүйгіштікке, туған жері мен туған елін қадірлеуге, ана тілін құрметтеуге, сөз өнері арқылы сапалы білім мен саналы тәрбие беретін бірден-бір еңбек деп мақтанышпен айта аламыз.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаева –тәжірибелі ұстаз, көне түркі әдеби ескерткіштерін зерттеуші, әдебиеттанушы ғалым. Білім беру беру жүйесіндегі заманауи жаңа инновациялық технологияларды игеру және жас педагог мамандардың бойында рухани ұлттық адамгершілік құндылықтарды дамыту ұстаздың басты қағидасы.
Бар өмірін білім саласына арнаған Алма Қыраубаеваның ұстаздық қызметі, қарапайым қажырлы еңбек жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің шынайы үлгісі болып табылады. Ғалым-ұстаздың білім саласында жасаған ұзақ жылдардағы еңбегін жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне, саналы азамат, парасатты тұлға болып қалыптасуына қосқан зор үлес деп білемін.
Қорыта айтқанда, ғалым, ұлағатты ұстаз Алма Қыраубаеваның өмір белестерінде қажырлы еңбекпен жеткен жетістіктерін мақтанышпен жастарға үлгі-өнеге ретінде насихаттау, бүгінгі жас ұрпақтың ой-санасына сіңіру баршамыздың міндетіміз деп білемін.
Сарбасов Болатхан Серғазыұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңhttps://farabi.university/
профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты
Мужигова Гульназира қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының 1 курс докторантты
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 3) аясында «Спорт – саулық кепілі» атты іс-шара өтті.
Дені сау ұрпақ тәрбиелеу- бүгінгі маңызды міндеттердің бірі. Таза әрі саф ауа мен көрікті табиғат аясына жиі саяхат жасау көтеріңкі көңіл күймен денсаулыққа пайдасы зор. Соның бір көрінісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 3) және аясында «Өлкетану» үйірмесінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 23,24 топ тыңдаушылар арасында «Спорт денсаулықтың кепілі» атты ұранымен Медеу мұз айдынында конькимен мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудан және 800 сатылы баспалдақпен жүгіріп шығу кіші жарыс өткізілді.
Бұл спорттық шараның басты мақсаты болашақ дене шынықтыру пәнінің мамандығына баратын тыңдаушыларға спорт саласына алғашқы қадамы және шетелден келген тыңдаушылардың қоғамға үйренісу, салауатты өмір салтын насихаттап, Медеу әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар, көптеген Отандық кинолардың тарихында қалған, «Азия дауысы»халықаралық ән байқауы жайында талай тарихы іс-шараларға мұрындық болғаны Медеу тарихымен таныстыру, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану іс-шараларға жұмылдыру болып табылады.
Медеу мұз айдындағы жарыстың жалғасы Өлкетануға саяхат жасаумен ұласты. Медеудің төбеден көрінген керемет көркем табиғатын тамашалап көңілді демалыстан рухани азық алған шетелдік тыңдаушылар Атамекенге деген сағыныштарын ән мен өз туындыларын арқау етіп жырмен жеткізді.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Исмайлова М.Е., Әуелханқызы М.,
Мужигова Г.М., Ибрагимова М.Н.
Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ тыңдаушылары атанды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУhttps://farabi.university/ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ қазақ диаспорасы (қандас) өкілдеріне және шетелдік тыңдаушыларына тыңдаушыларына ресми түрде Университеттің символдық «Студенттік билеті» саналатын ID картасы табысталды. Айта кетсек, Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 9-шы түрі- Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу болып табылатыны белгілі. Осы орайда университетіміздегі цифрлық қауіпсіздік жоғары деңгейге қойылғаны мәлім. ҚазҰУ жастары университеттің ішкі тәртібіне бағынады. Білім алушылардың қарым- қатынасы мен қауіпсіздігі үшін ID картасы белгіленген. Сондықтан ең бірінші білім алушылардың қауіпсіздіктері үшін жайында толық ақпарат беріліді.
Университет қабырғасында жүрген барлық қызметкерлер, оқытушылар құрамы және студент жастарына ID карта беріледі. Енді тыңдаушылар аталмыш құжат арқылы кітапханаларға тіркеліп, барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларға кіріп-шыға алады. Сонымен қатар ТМД-4 бағыты аясында да университеттің электрондық кітапханасына ID карта арқылы тіркеліп өзіне керек кітаптарын оқуға мүмкіндіктері бары екенін айтылып өтті. Сондай-ақцифрлықҚазақстанбағдарламасыбойыншаелэкономикасыныңдамуқарқынынжеделдетужәнецифрлықтехнологиялардыпайдалануарқылыхалықтыңөмірсүрусапасынжақсартуды, болашақтацифрлықэкономикасынқұруғакөшугежағдайжасаудыкөздейді. Оқужәнежатақханатәртібінқатаңсақтауды,жауапкершіліктіұстанукеректігінескертті. Тыңдаушыларуниверситетқұжатынмақтанышпенәріүлкенжауапкершілікпенқабылалды. Тыңдаушыларғасәттіліктілейміз.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары:Мужигова Г.М.,Амангелді Н., Тилеужанова Г.Т.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
докторанты Нусупбаева С.А.
Қазақтың қос жұлдызы – Әлия мен Мәншүк
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында https://farabi.university/С.Әшімбаев атындағы «Парасат» клубының ұйымдастыруымен «Қазақтың қос жұлдызы – Әлия мен Мәншүк» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын аға оқытушы С.А.Нусупбаева: «Тарихта әділетсіз 38 мемлекет қатысқан 1914-1918 жылдары бірінші және 1939-1945 жылдары 61 мемлекет қатысқан екінші дүние жүзілік соғыстар болды. Қазақстанның жерінде бұл соғыстар болмаса да, Ресейдің құрамында осы соғыстарға қатысқанын білеміз. Бірінші дүние жүзілік соғысқа тек қара жұмысшы ретінде қатысса, екінші дүние жүзілік соғысқа 1 млн 200 мың әскерін жіберіп, оның тек 600 мыңы өз елдеріне оралды. Қазақстанның 497 әскері батыр атағын алса, соның ішінде 97 қазақ, сол 97 қатарында 2 қазақ қызы Әлия мен Мәншүк бар болатын» деп, кіріспе сөзімен бастады. Әлия мен Мәншүктің өмірбаяндарына тоқталып, ерліктерін атап, хаттарынан үзінділер оқылып, видеолар көрсетілді. Клуб мүшелерін өздерімен қатар жастағы қазақтың батыр қыздарының ерліктерімен таныстыру арқылы көздерінен жарқ еткен жалынды көруге болады.
Қорытындылай келе жастарға айтарымыз: Неміс әскерлері Кеңес Одағының жеріне 1941 жылы басып кіргенде Әлия небәрі 16 жаста, Мәншүк 18 жаста болған еді. Сондай жас болғандарына қарамастан жүректеріндегі Отанға деген махаббаттары олардың мәңгілікке тарихта есімдері қалатындай ерлік жасауына алып келді. Мәншүк 1943 жылдың 15қазанда, Әлия 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысын қорғауда қаза тапты.Көздерінің тірі кезінде есімдері шыға бастаған қазақ қыздары бір облыста соғысса да кездесу мүмкіндігі болмаған. Соғыстың аяқталғанына келесі 2025 жылы 80 жыл, Мәншүк Мәметованың туғанына 2022 жылы100 жыл толды, 2025 жылы Әлияның туғанына 100 жыл. Осы айтулы оқиғалар, батырларымыздың ерліктеріұмытылмай мемлекеттік дәрежеде аталып өтсе екен деп тілейміз. Әлия мен Мәншүк апаларымыз Ұлы Отан соғысының батырлары болса, қазіргі жастар сіздер өз білімдеріңізбен Қазақстанның атын әлемге әйгілі ететін бейбіт күннің батырлары болыңыздар!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Ибраимова Ж.Т., Мужигова Г.М., Жұмаділ Г.,
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
докторанты Нусупбаева С.А.
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Шетелдік студент жастарғафакультет туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату-тәтті отбасы болып табылады. Шетелдік студенттер әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушылары туралы алғыс пікірлерін білдіріп отырады. Барлық кезде алған білімдерінің арқасында достық, қуаныш және жалпы өзара түсіністік лебі көрініп тұрады.
Кафедрада студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын кафедраның студенттері университеттің үлкен іс-шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл-Фараби атындағы https://farabi.university/Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсаттары ТДМ», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір» жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар – жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттерінде бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда университет факультеттеріндегі клубтар мен орталықтар белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми-танымдық шаралар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады.
Факультетте өткізілетін іс-шара, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс-шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі.
Студенттер танымдық-мәдени іс-шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс-шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
докторанты Нусупбаева С.А.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Адилханова Ж.С., Дауытова Ж.К.., Ибраимова Ж.Т.
Діни және құқықтық сауаттылықты арттыру: қоғам тұрақтылығының негізі
2024 жылдың 7 қарашасы күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушылары, PhD Ж.Сәрсенбай және А.Жүзбаева, С.Игілікқызының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша «Діни және құқықтық сауаттылықты арттыру: қоғам тұрақтылығының негізі» атты іс-шара өткізілді. Кездесудің қонақтары ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі А. Амреева, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Т.Имаммәди. Іс-шараға қазақ филологиясының 1-курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында студенттерге діни сенім бостандығы мен толеранттылық жөнінде дәріс оқылды. Дәрістің мазмұны ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болып, діннің мәртебесі мен беделі көтеріліп, дінге сенушілердің саны арта бастағандығы сөз етілді. Сонымен бірге терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да тарап кеткені белгілі. 1992 жылдың 15 қаңтарында алғаш рет қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң сонымен бірге, 1995 жылы қабылданған «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар» заңында әр адамның қай дінге сенуге құқығы бар екендігі нақты айтылған. Өкінішке орай осы қабылданған заңнан кейін сан түрлі керағар діни топтар қоғамға тарай бастады. Ол діни топтардың арасында шетелдік миссионерлер де жетерлік еді. Бұнымен қоса діни білім іздеген қазақстандықтар таяу шығыстағы мұсылман мемлекеттеріне кете бастады. Дәл сол кезеңдерде шетелдік діни оқу орындарының қандай бағытта білім беретіндігі ескерілмеді. Бұл уақытта мұсылмандықты, діни догмаларды қатаң ұстанатын мемлекеттерде діни алауыздықтар мен дін атын жамылған лаңкестік әрекеттер қатты жүріп жатты деуге болады. Осындай елдерден діни білім алған қазақ жастары Қазақстан азаматтарының діни ұстанымдарынан өзгеше дәстүрлі емес діни бағыттарға кетіп үлгерген еді. Бұл өз кезегінде ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықтың бұзылуына діни алауыздықтың белең алуына алып келді.
Ал қазіргі ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға іріткі салу мұндай ағымдардың жетегінде жүрген және кіріп кетіп жатқандары да қаншама.
Өкінішке орай қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарынан және интернет ресурстарынан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Сонымен қатар, қоғамда неотәңіршілдік яғни ислам дініне тіл тигізу арқылы жоққа шығару сол арқылы діни араздықтар мен талас-тартыстардың туындауына алып келетін ақпараттар белең алуда. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі мәлім. Ал қазіргі қоғамдағы ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың мақсаттары мүлдем басқа. Бұл діни ағымдардың астарында еліміздің тыныштығын бұзу, дін аралық алауыздық тудыру сияқты саясиланған мүдде жатқандығы белгілі.
Бүгінгі қоғам діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін жоққа шығармайды. Қазіргі ақпараттың кең дамыған уақытында ақпараттық ресурстарды қолданып халықты дұрыс мәлімет пен қамтамасыз ете алсақ өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, діни сауатты азаматтарымыз көбейіп, мемлекетімізді теріс діни ағымдардан сақтап қаламыз.
Кездесу қонақтары діни-құқықтық мәселелерде заңның рөліне ерекше тоқталып өтті және арнайы діни сауаттылықты арттыру үшін үлестірмелі қағаздар таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында видео-роликтер көрсетілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары
Ж.Сәрсенбай, А.Жүзбаева, С.Игілікова, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының докторантты Г.Мужигова
Заман талабы: сапалы білім беру
Қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады.
Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдік жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше.
Бұл факультет әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім білім беру жолында жаңа технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай жүзеге асуда. Алған білімдерін дамытып отыратын жеке тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ету бағытында жаңа технологияларды қолдануға жол ашуда. Осы тұрғыда ұстаздар шетелдік тыңдаушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында нәтижелі еңбек етуде.
Оқытушылар әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне қазақ және орыс тілдерін меңгертіп, қазақ халқының салт – дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтерілуде.
Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс – шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Шетелдік студенттермен жұмыстың өзі ұдайы ізденісті, шығармашылық көңіл – күйді қажет етеді.
Шетелдік тыңдаушылар әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушыларына, білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және тіл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда зор жетістіктерге жеткеніне қуанып, өз алғыс пікірлерін білдіріп отырады.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Жұмаділ Г.,Дауытова Ж.К., Ибраимова Ж.Т., Адилханова Ж.С.
«Өлкетану» клубы шақырады
«Тәрбиесіз берілген білім, адамзат өмірі үшін қауіпті» деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай, тәрбие мен білімді ұштастыра білім беру жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің мақсаттарының бірі болып табылады. Жыл сайын факультетте атқарылатын тәрбие жұмысы басты орынға қойылған. Тәрбие жұмысын атқаруда факультетіміздегі клубтар мен үйірмелердің алатын орны ерекше. Қазіргі уақытта факультетте жиырмадан аса клубтар мен үйірмелер жұмыс істеуде. Сондай клубтардың бірі тарихы 2009 жылдан бері келе жатқан «Өлкетану» клубы.
«Өлкетану» клубы негізгі ұстанымы шетелдік тыңдаушыларға — «Қазақстанның тарихи және мәдени орындарымен терең таныстыру және толық мағлұмат беру». Қазақстан мемлекеті туралы тарихи және мәдени орындарға, қала сыртындағы табиғаты көркем жерлерге алып бара отырып, оларды тек көрсетіп қоймай, терең тарихына үңілдіріп, жан – жақты мағлұмат беріп, Қазақ елін шетелдіктерге таныстыру, дәріптеу мақсатында құрылды. Үйірменің жұмыс істеу бағыты бойынша оқу жылының ағымында әртүрлі мәдени танымдық шараларды, мемлекеттік тілді, ел тарихымен терең таныстыру сабақтары, кездесулер, мәдени-танымдық саяхат сабақтар, тренингттер өткізіледі. «Өлкетану» клубы Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан ерікті негізде құрылған. Клуб басқа клубтармен университет әкімшілігіне ескерте отырып, өзара тиімді ғылыми және іскери қарым-қатынас жағдайында тығыз байланыста.
Клубтың жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
- клуб қызметіне қажетті ақпараттар жинау және клуб қызметі туралы ақпараттар тарату;
- қайырымдылық шараларды іске асыру;
- жиналыстар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, интеллектуалдық ойындар және басқада көптеген шараларды өткізу;
- студенттерді жат қылықтардан (маскүнемдік, нашақорлық, бұзақылық т.б) сақтандыру;
- Республикамыздағы ынталы шығармашыл жастармен байланыс орнату; Клубтың мүшесі болып, оның Жарғысы мен талаптарын мойындайтын Қазақстан Республикасының кез-келген жоғарғы оқу орындарының студенттері бола алады.
- мүшелікке қабылдау студенттің жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады;
- клубтан шығу үшін төраға атына жазбаша өтініш беріледі.
- клубтан шығу туралы жазбаша өтініш берген клуб мүшесі оның құрамынан шығарылады.
- клуб мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында барынша қолдау көрсетуге;
- клубтың жарғысын орындауға;
- жарғылық мақсаттарды насихаттауға және оған жетуге жеке қолдауын көрсетуге;
- мүшелер арасында өзара құрметті жоғары ұстауға;
- клуб атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болуға.
Биылғы жылы “Өлкетану” клубы өзінің жылдағы міндетінен жаңылған жоқ. Жоспарда бекітілген шаралардың біразын онлайн Zoominstaller қосымшасында өткізсе, Қазақстандағы тыңдаушыларды еліміздің мәдени орындарымен таныстыру басталып кетті. Жылдағыдай тыңдаушылардың саны 80-100 емес, мемлекетіміздегі адамдардың көп шоғырланбау талаптары сақталып, тек 10-15 тыңдаушылардан ғана жиналуда. 1қазаннан бастап сабақтармен қатар “Өлкетану ” клубы да өз жұмысын бастаған, қазіргі уақытқа дейін тыңдаушыларды “Медеу” мұз айдыны, М.Әуезов драма театры, Көктөбе т.б көптеген мәдени орындармен таныстырылды, алдағы уақытта да онлайн режимде бірнеше кездесулер жоспарланып отыр. “Өлкетану” клубы жыл бойы өз жұмысын тоқтатпай жүргізеді. Жылдағыдай тыңдаушылар дәстүрлі оқу формасына оралса, карантин талаптары алынып тасталса Түркістан, Отырар, Тараз, Қазығұртқа секілді Қазақстанның тарихи орындарына саяхат жасалынады. “Өлкетану” клубының мүшелерінің бір-бірімен алмасатын, үйретін білімдері, мәліметтері өте көп. Бұл клубтың мүшелері жыл бойы өздеріне танымдық білім ғана емес, сонымен қатар жаңа достар, жаңа орта табады.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары:. Дауытова Ж.К., Жұмаділ Г.,Адилханова Ж.С., Нусупбаева С.А,
БАБАЛАР САЛҒАН ДӘСТҮР ЖОЛЫ
Алматыдағы мәдени-тарихи ошақтарының бірі мұражайлар екені сөзсіз. Осыған орай Әл-Фараби атындағы https://farabi.university/Қазақ ұлттық университеті, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті,ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Рухани жаңғыру» апталығы, «Өлкетану» клубы және тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-11)аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 23,24, тыңдаушылары мұражайларға саяхатқа шықтық.
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Ғимарат сыртында Әбілхан Қастеевтің тастан қаланған мүсіні тұр. Мұражай іші кең, жарық, жерге ақ мрамор төселген.Екінші қабатқа көтерілген бойда көзге таныс, көңілге ыстық қазақтың ұлттық ер- тұрманы, алдаспан қылыштар, текемет, тұскиіз, кебеже,кесеқап түрлері, сәукеле , қалыңдық көйлегі т.б қойылған. Келесі залдан бастап көркемсурет туындыларының көрмесі басталады. Музейдің қоры өте бай екен. Бұл жерден Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының кескіндеме,графика, сәулет өнерінің баға жетпес жұмыстары бар. Музейдің экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізі мен даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронологияға негізделген. Жан- жағыңнан қоршаған картиналарға қарап, әр уақыттың тыныс- тіршілігіне куә боласың. Өлкетанудың тарихы осындай жәдігерлерге толы екен көрген тыңдаушыларда қуанышты күйде. Атамекенге келген қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдіруде.
Әл-Фараби ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары: Мужигова Г.М., Исмайлова М.Е.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының
докторанты Нусупбаева С.А.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Хумарбек Муса (Моңғолия)
Мұражай – тарих айнасы...
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://farabi.university/ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне биыл жүзден астам қандастар мен шетелдік тыңдаушылар қабылданды. Олардың көбі, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Ирантағы басқа мемлекеттерден келді. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы толассыз келіп жатқан қандастарымызды және шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеуде ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ең бірінші алдына қойған мақсаты, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен таныстырып, теориялық алған білімдерін практикалық жүзінде іске асыру. Сол мақсатта «Өлкетану» үйірмесі аясында Қазақстанның түрлі мәдениет орталықтарына апарып саяхат жасап, тарихи мұражайларды таныстыру пән оқытушыларының міндеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://farabi.university/ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алатын тыңдаушылар жыл сайын қаламыздың көрікті жерлерін, мәдени орындарын тамашалап өздерін рухани азықтандырады. Солардың ішінде орталық мұражайдың орны ерекше. Біздің факультетте шетелден келген қандастарымыз бір жыл оқып, жан-жақты дайындықтан өтеді. Тыңдаушыларды оқу жағынан да, жаңа ортаға әртүрлі жолдармен бейімдеу іс-шаралары қарастырылған. Факультетіміз шетелден келген қандастарымыздың оқуға түсуіне де, қоғамымен араласып кетуіне де бар күштерін салады. Сондай ақ, сабақтан тыс ұйымдастырылған саяхатымызды, тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 3) аясында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан негізін сонау 1925 жылы қалаған 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдары бар орталық мұражайды тамашалаудан бастадық. 1929-1997 жылдары аралығында Қазақстанның астанасы болған Алматы қаласына келген шетелдік турист, студент, жер-жерден келген қонақтар, сонымен бірге арман қуалап оқуға келген жастар болсын барлығы дерлік бұл мұражайға қызығушылықтарын білдіреді.
Айта кетсек бұл мұражайда адамзаттың қалыптасуынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанның өмірінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейтін заттар көздің жауын алады. Қазақ халқының тарихына қызыққан кез-келген адам мұражайға келіп, бір күннің ішінде еліміз жайлы қысқаша түрде мәлімет алуға болады. Біздің тыңдаушыларды орталық мұражайда ең қызықтырғаны өздері жақында ғана Қазақстан тарихынан өткен тақырыптарға қатысты тас, қола, темір, түрік дәуірінің ескерткіштері болды. Алтын адамның макеті, орта ғасырдағы қалалардан табылған құмыра, тостаған, қыштан жасалған су құбырлары ташнау, қазақ үй және оның ішінде қойылған заттардың тарихын мұражай қызметкерлерінің айтуымен ерекше тыңдады. Үлкен мұражайдың барлық бөлімін аралап шыққан тыңдаушылар өздеріне керекті көп мағлұматқа қанық болып, рухани азық алып демалып қайтты.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Әуелханқызы М., Амирканов М.Б.,
Исмайлова М.Е., Тилеужанова Г.Т.