Жанармай тапшылығы туындауы мүмкін
Ресейдің Ангарск мұнай өңдеу зауыты жыл сайын тамыз айында 15 күн жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Олай болса, алдағы уақытта зауыт толық бір ай жөндеуден өтеді деп хабарлады. Еліміз жанар, жағармай қажеттілігін осы зауыттан алатындықтан, бір ай бойы жұмысы тоқтаса бензин тапшылығы болуы мүмкін екенін аталмыш сала мамандары ескертуде. Осыған орай, бүгін Парламенттің жалпы отырысында Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Ганбаатар «АИ-92» және дизель отынының жеткізілуі қалыпты деңгейде екенін айтты. Ол: «Жыл сайын Ресейдегі Ангарск зауыты жөндеу жұмыстарына 14 күнге сиыстырып жасап, осы уақытта зауыттың іс-қызметі уақытша тоқтайды. Соның салдарынан жазғы мұнайдан қысқы мұнайға көшкенде тапшылық туындайды. Мұның алдын алу шаралары жүргізілуде. Ресей теміржолдары жүк тасымалдау мәселесіне тап болды. Моңғол жағынан да тасымалдау мәселесінде кедергі бар. Әсіресе, жыл сайын тамыз айында жанармай тапшылығы мәселесі туындайды» -деді. Сала министрінің сөзіне қарағанда, жанар-жағармай тапшылығы болмайтынына кепілдік жоқ. Министр Ганбаатар сессияда жанар-жағармай бағасының 200 төгрөгкке арзандағанын жеткізгенімен, Ресейдің Ангарск мұнай өңдеу зауытында бір ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жетіспеушілік салдарынан жеткізілім бағасы қайтадан көтерілуі мүмкін, екенін атап өтті. Сонда бұл ішкі бөлшек сауда бағасына міндетті түрде әсер етеді, ал импорттаушылар баға айырмашылығынан шығынға ұшырайды. Сондықтан кейбір тау-кен және құрылыс компаниялары жанармай қорын жинап, импорттаушылар олардың бөлшек саудасына шектеу қояды деген қауіп бар.