Жасанды интеллект білім саласында
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны . жеделдету және жасанды интеллектті (ЖИ) кең көлемде енгізу мақсатында қабылдандыЖылдың басында ел басшысының осы жарлығына орай білім саласында ғана емес,жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары тек техникалық немесе ғылыми зерттеу шығармашылық индустрияларда да кеңінен қолданылып келеді. Ғылыми және көркем мәтіндерді құрастыру, редакциялау және мазмұнын жетілдіруде ЖИ жүйелерінің рөлі айрықша маңызға ие болды. Бұл құбылыс қазіргі қоғамның цифрлану кезеңінде жазба мәдениетінің жаңа парадигмасын қалыптастырып отыр. Білім алушылар үшін бұл жақсы мүмкіндік болып отыр. Себебі, ақпарат алуда, кітапхана қорын пайдалануда, жеке жұмыстарды орындауда, аударма саласының дереккөздерін пайдалануда осы бағдарламалардың тиімділігі жоғары болып отыр. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу бағдарламаларында тиімді қолданылуда.Әсіресе, тіл үйренушілерге,аударма саласында, мәтінмен жұмыста бұл өз пайдасын тигізуде. Жасанды интеллект негізіндегі тілдік модельдер адамның когнитивтік және шығармашылық қабілеттерін толықтырушы құрал ретінде қабылдануда. Бұрын мәтін түзу тек автордың тәжірибесіне, білім қоры мен тілдік интуициясына тәуелді болса, бүгінгі таңда ЖИ жүйелері күрделі мәтіндік құрылымдарды талдап, стилистикалық және мазмұндық тұрғыда жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұндай жүйелердің дамуы ғылым мен әдебиеттің өзара байланысын жаңа деңгейге көтерді. ЖИ тек техникалық жетістік емес, мәдени және философиялық құбылысқа айналды. Ол адамның ойлау, сөйлеу және жазу дағдыларына әсер етіп, «мәтінді машинамен бірге жасау» дәуірін бастады. Осы тұрғыдан алғанда, ЖИ адам мен технологияның симбиозын білдіреді — мұнда машина тек орындаушы емес, мазмұн тудырушы серіктеске айналады. ЖИ құралдарының тілдік мүмкіндіктері кеңейген сайын, олар ғылыми стильді сақтай отырып, күрделі идеяларды жүйелі түрде баяндауға, сондай-ақ көркем мәтіндердің эмоционалды құрылымын модельдеуге қабілетті болып отыр. Бұл үрдіс жазу мәдениетінің трансформациясын және шығармашылықтың жаңа формаларын қалыптастырады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар Қазақстанның бәсеке қабілетін арттырып, оның халықаралық аренадағы рөлін күшейтеді. ЖИ мен цифрландыру тек экономикалық салада ғана емес, білім беруде, денсаулық сақтау, инфраструктура және әлеуметтік қызметтерде революциялық өзгерістер әкеледі. Бұл ақылды технологиялар дәуіріне қадам басатын, инновациялардың барлық салаларда енгізілуін жеделдететін стратегиялық бағдарламалар болып отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушылары Ж.С.Адилханова,Т.М.Буланова