Кітапхана және жаңа заман
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасында кітапханашыларға жасалған қолдау, осы саланың жаңа леппен дамуына үлкен септігін тигізуде. Заман талабына сай мамандар даярлау, ақпараттық қоғамның жаңа талабы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде 2009 жылдан бастап кітапхан ісі саласы бойынша мамандар даярлау жүзеге асуда. Бұл бағытта мамандар даярлау қазіргі кезде аталған университетте үш сатыда жүргізіледі. Олар: бакалавр, магистратура, докторантурада«Кітапханалық ақпараттық жүйелер» бағытында жүзеге асады. Аталған мамандықты даярлап отырған ұжымда кітапхана ісін ақпараттандырудың республикадағы алдыңғы қатарлы мамандары мамандары қызмет атқарады. Солардың көш басында кітапхана ісін ақпараттандырудың белгілі маманы Қалима Төлеубайқызы Түйінбаеваның осы ұжымда қызмет атқаруы, бұл бағытқа жаңа леп беруде. Оның бастамасымен университетте республикадағы кітапхана ісі саласының біліктіліктерін арттыру мақсатында қысқы және жазғы мектептер ұйымдастырылып, облыстық, аудандық кітапхана ісінің мамандары кіапхана ісін ақпараттандыру бағытындағы жаңалықтарды меңгеріп отырады, тәжірибе алмасады. Университеттің кітапханасын ақпараттандыруға қосқан үлесі өзінше бір тақырыпқа арқау бола алады. Оның бастамасымен кітапхана ісі саласына аудиторияны рәсімдеуге көмек қолын соған Монғолиядан келген қандасымыз кәсіпкер, Гулжан Мұхамедхан өзінің үлкен үлесін қосты. Қай кезде де меценаттар болған, олар ғылмға, білімге мәдениетке қолдау көрсеткен. Кітапхана ісінің жанашырларының факультетке арнайы аудиторияны жабдықтап беруі, осы салаға деген қоғамның оң пікіренен туындайды. Осы аудиторияда өткен «Кітап әлемінің шырақшысы» тақырыбында дөңгелек үстел осы саланың жанашырлары жиналды. Тарих факултетінің деканы Д.Байгунаков пен Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Р.Мырзабекова осы шараның ұйымдастырылуына өз үлестерін қосты. Ондакітапхана ісінің жанашырлары, кітапханаларды қолдайтын демеушілерге алғыс білдіру мақсатында ашық пікірталас алаңы құрылдыhttps://farabi.university/news/94456. Пікірталас барысында қоғамның дамуындағы, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кітапханалар мен кітапханашылардың рөлі және кітапхана ісі мамандарын даярлаудағы жаңа бағыттар мен міндеттер мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кітапханалардың сапалы білім берудегі рөлі, кітапханалардағы ақпаратқа тең қолжеткізу мәселелері, кітапханашылардың тұрақты қалаларды дамытудағы орны, кітапханашылар қандай жобалар мен бастамаларды жүзеге асыра алатындығы, кітапхналар мен кітапханашы мамандығының беделін көтеру мәселелері талқыланды және мамандар өз ойларымен бөлісті. Қай салада болса да өз ісінің маманы және шебері болу, қоғамды дамытады, біліктілікті арттырады. Осы бағытта талмай қызмет атқарып келе жатқан әріптестерімізге алғысымызды білдіріп, еңбектеріңіздің нәтижесі еліміздің іргесін бекіттірудегі берік кірпіш болып қалана берсін дегіміз келеді!
Әл-Фараби атындаңы Қазақ ұлттық
университетінің доценті Сабденова Г.Е.,
Әл-Фараби атындаңы Қазақ ұлттық
университетінің доценті Телеуова Э.Д.