КӘСІБИ БАҒДАР БАҒЫТЫНДА БІЛІМ АЛУДЫҢ БАСЫМДЫҒЫ
Отанына адал қызмет ету – әрбір адамның қасиетті парызы. Отанын сүйген азамат өз еліне пайдалы қызмет еткісі келеді. Әрине, мектеп түлектерін, талапкерлерді мазалайтын бір өзекті сұрақ бар. Ол – болашақ мамандығын таңдау мәселесі? «Елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Бірақ елімнің болашағы үшін кім болғаным дұрыс», деген сұрақтар оларды мазасын алады. Мамандық таңдау оңай шаруа емес. Себебі мамандық – адамның өмірлік серігі. Мамандық адамның өмірлік таңдауы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kzЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасыныңтыңдаушыларының да алғаш келгенде осы сұрақ толғандырады.Атамекенімде ана тілімде білім алсам деген арманмен келген қандастарды, өз елінде білім алу мақсатында, атажұртқа тартты да тұрды». «Ал үлкен арманның жетегімен Қазақстанға келген, қазір қазақтың қара шаңырағы атанған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңhttps://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алып жүрген отандастар, ҚХР, Өзбекстан, Түркіменстан, Монғолиядан арман қуып келіп жатқан жастар ағылуда.ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары құжаттарды қабылдау барысында отандық білім беру саласындағы сан түрлі мамандықтармен таныстырғанда, әр тыңдаушы өздерінің пікірін өзгертіп, керекті мамандық таңдауға нақты шешімдерін жасайды. Бұл шешім үлкен өмірдегі игі бастамаларды жүзеге асыруға қол жеткізе аласың деген сөз. Дайындық кафедрасында тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша ана тілімізде қарқынды оқыту жүйесімен орта білім алумен қатар, болашақ мамандығы бойынша да бағыт-бағдар алады. Кафедра оқытушылары мен куратор-эдвайзерлер «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мың түрлі мамандық», «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деген тақырыптарды кәсіби-танымдық іс-шаралар өткізеді. Мамандықтарымен терең таныстыру мақсатында болашақ білім ордаларының факультеттеріне, жұмыс орындарына танымдық саяхат сабақтарын ұйымдастырады. Мамандық бойынша кәсіби бағдар бере оқытудың өзіндік басымдығы бар, білім алушылар, болашақ мамандығы туралы қажетті ақпараттар да алады. Кәсіби-танымдық саяхат сабақтары мамандықпен жақын танысуына мүмкіндік береді. Кәсіби-танымдық сабағында осы мамандық иелері бізге өздерінің жұмыстары туралы, бұл мамандық иелерінің келешекте қандай перспективалар күтіп тұрғандығы туралы әңгімелеп берді. Болашақ мамандығының қыры мен сырын жете түсіну арқылы, талапкерлер бұл жұмыстың артықшылықтары мен өзіндік қиындықтары да болатынын түсінеді. Әрине, еңбек жолында ең жетістікке жетелейтін негізгі фактор – кәсіби бағдарлық жүйемен терең білім алу, себебі сапалы білім алған бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман. Өмірден өз жолын тапқан адам – бақытты жан. Кәсіби бағдармен білім беру басымдығы стратегиялық маңызы зор оқу жүйесі болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары:
Сандықбаева Ө.Д., Тойғанбекова М.Ш., Нұртілеуова С.Р