Монголияда мал басы 90 миллионға жетті
Ауылшаруашылық саласының 2022-2023 жылғы қысқы және көктемгі әзірлік жағдайын жақсарту шаралары туралы үкімет қаулысы «малды қыстан аман шығару және егін жинау әзірлігін қамтамасыз ету» туралы Үкіметбасшысының ресми тапсырмасы қабылдануына орай бүгін еліміз Үкіметбасшысының 1-ші орынбасары мен АТАШЖӨК министрі онлайн мәжіліс өткізді.
Өткен жыл аяғында елімізде 67 млн мал саналса, бүгінгі жағдаймен биылғы жылғы төлді қосқанда мал басы 90 млнға жетіп отыр. Бұл қой басына шаққанда 120 млн қой жайылымда пайдаланып отыр. Еліміз жайылымының қуаты 85 млн қой сыятын болса, бұл қазіргі жағдаймен 35 млн-ға артық деген сөз. Жыл басынан бері малдың жұқпалы аусыл, топалаң қатарлы аурулары Баян-Өлгий, Увс, Өмнөговь, Архангай аймақтарының кейбір сұмындарында белең алды. Аусыл вакцинасы 5 млн сиыр, 32 мың доңыз, 2500 бұғыға егілді. Тамыздың 10-ы күнгі жағдаймен еліміз жайылымының 50 пайызы көктемей қалды. Осының салдарынан батыс аймақтарда малды қыстан аман алып қалу қиындық туғызатын сыңайлы.
Жоғарыдағы мәселелерге байланысты Үкімет жем-шөп қорын мол дайындау, жайылымға сыймаған малды экономикалық айналымға енгізу, ет экспортының жолын ашу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Онлайн мәжілісте мал басынан алынатын салықтан түскен қаржыны аталған мақсаттарға сәйкес жұмсау, барлық деңгейдегі басшыларға міндет етілді.