Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – қоғамның бір бөлігі
Норвегиялық көмек ұйымының мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жобасының аймағымыздағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жалпыға тиімді орта» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл кеңеске білім және ӨСІБасқармасы, қала көркейту қызметі, отбасы бала және жастарды қолдау басқармасының мамандары және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар ұйымының бастығы қатарлы азаматтар қатысты.
«Жалпыға тиімді орта» дегенде барлық жастағы, қалыпты және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүруіне, жүріп тұруына, еңбек етуіне қолайлы орта деген сөз. Өкінішке орай аймағымызда бірде-бір ұйым-мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған баспалдақ, дәретхана, көру қабілеті нашар адамдарға арналған жол жоқ. Еліміз үкіметі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқын қорғау туралы халықаралық конвенциясын негізге ала отырып 2004 жылдан бастап салынатын құрлыстар мен жолдардың стандартын белгілеген. 2016 жылы МҰҚ-дың ақпанның бесі күнгі отырысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқы туралы заң жобасы бекітілген. Осы заңның негізгі мақсаты мүгедектердің қоғамдық қатынастарға қатысуға тең құқықтарына қатысты мемлекеттік ұйымдардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, қатысуы мен принциптерін айқындауға, оларды қамтамасыз етуге, іске асыруға және қорғауға байланысты қатынастарды реттеу болып табылады. Бұдан тыс еліміздің стандарттау, метрология кеңесі 2009 жылы Қарашаның 24 күнгі 51-қаулысымен құрылысты жоспарлаудағы Мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктерін ескеру, ортаның талаптары атты стандарты MNS 6055 : 2009 бекітілсе, 27-і күні сол қаулы бойынша нәзік топтағы азаматтарға арналған жаяу адам жолының стандарты MNS:2009 бекітілген. Алайда осы стандарттардың қай-қайсысы да орындалмаған. Басқа жерді қайдам аймағымыз көлемінде ескі құрылыстарды айтпағанда жаңадан салынған, салынып жатқан құрлыстардың сурет жобасына кірмеген, оны ешкім де ескермеген. Сурет жобасын сызған инженер, оны бекітіп экспертиз жасаған ұйым-мекеме, қабылдап алатын комиссиядан бастап, мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы ескермей, көзге ілмей отырғаны – трагедия. Бұл әрекеттері арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғам болып сыртқа тебу, менсінбейтіндігінің, арнайы топтағы азаматтардың қажеттілігі туралы білімнің жоқтығы деп түсінгеніміз абзал. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар ұйымының бастығы Ерлан Төңкерұлы: «Жаттық баспалдақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жолдар т.б қажеттіліктер тек оларға ғана қатысты емес. Алла бетін аулақ қылсын, дегенмен кімде кім осы топқа кіруі мүмкін. Мысалы жасы келген қариялар, қан қысым шапқан адамдар, көру қабілеті нашарлаған, қандай бір апатқа ұшыраған адамдар деген» сияқты кімде-кім еңбек шыдамынан айрылуы мүмкін. Ал, сондай азаматтардың жүріп тұруына ортамыздан мүмкіндік жасамасақ, олар қалай емін-еркін өмір сүре алады? деген пікірін ортаға салды. Кейбір мектеп балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі түгілі, қалыпты балаларға арналған стандарттық талапқа сай келетін дәретхана жоқ. “Дәретхана” – адамның ең маңызды қажеттіліктерінің бірі дегенді аталмыш жобаның үйлестірушісі Нұргүл Қызметқызы тілге тиек етті. Осыған байланысты «мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта» тақырыбында мектеп балабақшалардың ортасына жүлде жариялаған. Өкінішке орай аймағымызда бірде-бір мектеп, балабақша талаптан шықпаған. Тек екінші толық орта мектебі ғана арнаулы баспалдақты болып саналып, аталмыш жүлде яғни 5 млн төгрөгті жеңіп алған. «Бұл қаржыны дәретхана жөндеуге жұмсадық, асқан ақшамен мектеп ішіне көру қабілеті төмен адамның жолын жасамақпыз. Бұл мектепте 30-ға жуық арнайы топтағы бала білім алады» дейді екінші толық орта мектебінің директоры Отгонтуяа. Көптеген мемлекеттерде БҰҰ-нан бекітілген адам құқы туралы конвеция, әлемдік стандарттарды негізге ала отырып, «жалпыға тиімді орта» қалыптастырған. Тіпті кей елдерде
- Қонақ үй,
- Ресторан,
- Сауда орталықтары,
- Мұражай, көрмелерге дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиімді, олардың емін-еркін жүріп тұруына жағдайлар жасалынған. Қонақ үйлерде тазалық бөлмесі, душ, дәретхана, төсек, электронды баспалдақ, арбаның айналып кіріп шығуына толықтай мүмкіндіктер қарастырылған.
Кеңестің соңында сөз алған аталмыш жоба қызметкері, аудармашы Байболат Нұрсатұлы: «Мүмкіндігі шектеулі балалардың, азаматтардың мәселесін мемлекеттік ұйым-мекемелер, басшылар тек ғана жобаның жұмысы деп түсінбеуі қажет. Біз бір бастама көтерсек, «қаржысын әкел» дейді. Шындығына келгенде бұл басшылардың қозғайтын мәселесі» деп қортындылады ойын. Азаматтардың ой-пікірлерін тыңдап отырғанда, стандарттық талаптар орындалмайтын құрлыстар, балалар білім алатын жерлердегі лас дәретханалар, құлағалы тұрған жатаққаналар барлығы да былыққа батқан қоғамның бей-бейнесіндей. Түйенің түгімен жұтатын шенеуніктердің үйіне барсаңыз хан сарайындай…. Бір кем дүние….
Журналист Айбота Әлейханқызы