«Мұражай – тарихтан сыр шертеді»
«Рухани жаңғыру» атты іс-шараның аясында ТМД 11
Бұл сапарымыздың басты мақсаты: Ұлттық патриотизммен қатар ұлт деп ұрандаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздай ұлы тұлғадан үлгі алумен қатар көне жәдігерлер әлемі мен қазіргі жастар арасындағы құндылықтарынан сусындау осы сапардың негізі болды.
Д.А. Қонаев мұражайы екі экспозициялық залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал Д.А.Қонаевтың «Балалық шағы мен студенттік кездері және еңбек жолының басталуы», екінші экспозициялық зал «Д.А.Қонаев саяси және қоғам қайраткер» тақырыбын қамтиды. Дінмұхамед Ахметұлының қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы жайлы осы деректер мен тарихи мағлұматтар музейде сақтаулы. «Д.А.Қонаевтың мемориалды пәтер-мұражайы» көптеген адамдарға есігін ашып ел мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Сондай-ақ студенттер мен тыңдаушыларға да. Бұл музей Кеңес үкіметінің кезінде Алматыдағы сәулеттілік жағынан ерекше дараланатын үйлердің бірі болатын.
Жалпы мұражай тарихына тоқталар болсақ, 2001 жылы қараша айында Алматы қаласының әкімі, мәдениет басқармасы мен Халықаралық Қонаев қоры және оның президенті Э.А.Қонаевтың көмегімен мұражай ресми түрде ашылған болатын. Мұражайдың тұңғыш директоры болып Б.З.Батталханов тағайындалды. 2002 жылы 12 қаңтарда Д.А.Қонаевтың 90 жылдық мерейтойында «Д.А.Қонаевтың мұражай-үйі» салтанатты түрде ашылды.
Мұражайды саяхаттауға барған қандастар – мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі мен атқарған қызметін. Сондай-ақ, мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі жайлы жақын танысып қайтты. Әсіресе Д.А.Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты тұрғызылғанын, сондай-ақ, Республика сарайы, Спорт және Мәдениет сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық кітапхана, Оқушылар сарайы, Алматы әуежайы, Алматы теміржол вокзалдары салынғаны туралы жақын танысты. Атажұртқа білім алу үшін келген қандастар үшін тұнып тұрған тарих еді.
Бұл сапардың куәсі болған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz/ оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық бөлімінде білім алып жатқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қандас тыңдаушылар мұражайдан кейінгі ұғынған мәліметтері мен Қонаев секілді ұлы тұлғаның жеке өмірінен жан-жақты ақпарат біліскендерін атап өтті. Сапар қорытындысында- қазақ елін Д.Қонаев атамыз сияқты ұлт болашағы үшін ұлы істер жасауды мақсат етті.
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
аға оқытушылар
Габитова В.А., Амирканов М.Б.,
Мажиқызы Н., Тилеужанова Г.Т.