ТАРИХИ ТҰЛҒА
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әл-Фараби кітапханасында «Нұртас Оңдасынов» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Тарих және тұлға: зияткерлік және құндылық бағдары» атты ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияға қазақ зиялылары, университет басшылығы, әр факультеттен ОПҚ мен студенттері қатысты.
Нұртас Оңдасыновтың халқына деген сүйіспеншілігі мен сіңірген еңбегі оразан зор болды. Қоғам қайраткері басшылыққа келе сала халық арасындағы сауатсыздыты жоюға кірісіп, 8 жылдық білім алуды міндеттеді. Оңдасыновтың басшылығы соғыс жылдарына тұспа-тұс келді. Сол жылдары Оңдасыновтың басшылығымен Гурьевте тұңғыш мұнай өңдеу зауыты салынды, жаңа темір жолдары төселді. Бір жылдың ішінде 2 миллионнан астам адам қазақ жеріне қоныстанып, оларды ас-сумен, баспанамен, жұмыспен қамтамассыз ету Оңдасынова төрағалық еткен үкіметтің мойнына түсті. Қара металлургияға сұраныс артқан жаңа қаланың атауын «Теміртау» деп Оңдасынов қойған. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысқан.
Нұртас Оңдасыновтың еңбек жолы – маңдай тер мен халқына деген қамқорлыққа толы тарихи жол. Тарихқа толы конференция қатысушылары, өмірі мен еңбек жолын мақтанышпен айтқан конференция қонақтары әсерлі көңіл күйде болды. Бүгінде ел мен жер тізгінін қолға алған басшы азаматтар Оңдасыновтан үлгі аларлықтай болу керек.
Қасымова К.А., Турсынбек А., Исмайлова М.Е.