Тарихы терең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жыл
Тарихы терең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетне 90 жыл
ҚР Қаулысымен1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп аталды. Халықаралық білім беру талаптарына сәйкес кадрларды даярлау бойынша алғашқы қадам жасала бастады. Екі сатылы жоғары білім жүйесіне көшу «бакалавриат – магистратура» және университет ішінде ҒЗИ және технологиялар паркі ашыла бастады. 2001-2008 жылдар аралығындағы еліміздің басынан талай қиыншылықтар өтсе де, университет әрқашанда әлемдегі өзгерістерге тез бейімделуге, білім беруде ең соңғы жаңашылдықтарды білім беру үдерісіне енгізуге тырысады. 2003 жылдың 16 қыркүйегінде Болонья (Италия) қаласында ҚазҰУ университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің ЖОО-лары арасынан алғашқы болып европалық білім беру кеңістігіне кірді.2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері.Ғылыми мектептердің қызметі мен бағыттары кеңейе бастады. Жастарға дәрісті атақты ғалымдар мен педагогтар оқыды. Іргелі және қолданбалы математика, механика, химия, тарих, түркiтану саласындағы ғылыми мектептердің көбі әлемге таныла бастады.Енді Қазақстанға әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті білікті мамандар қажет. Сол үшін, Қазақ ұлттық университет алдына еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыруға мақсат қойды. Қазіргі таңда, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды белсенді жүзеге асырып отырған, ірі халықаралық деңгейдегі ғылым, білім ордасы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең озығы және беделдісі болып табылады. Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше. ҚазҰУ-дың жаңа 2009-2011 жылдарға арналған даму Стратегиясы қабылданды. Университет өзінің жан-жақты қызметін кең ауқымда жүргізіп, қарқынқынды дамып, жастардың бойында азаматтық, ұлтжандылық сезімдерін, ұрпақтар сабақтастығының дәстүрлі үрдісін қалыптастыруда зор еңбек етуде. Стратегия ЖОО қызметінің жан-жақты жүйелік көрінісіне, «сыртқы орта» – мемлекет, қоғам, еңбек нарығы, Қазақстанның ғылыми-инновациялық жүйесіне негізделген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылып, оқу үдерісі автоматтандырылды. Жаңа жүйе барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін тәжірибелік қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі ұжымдық желі болып табылады. Студенттің қазіргі оқып жүргендегі үлгерімі (шамамен 80%) емтихандағы бағаға қарағанда басымырақ. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида. Семестр бойы еңбектенбеген студент емтиханда жоғары баға алуы мүмкін емес. Ата-аналар баласының үлгерімін қашықтықтан жүйеге кіріп көре алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жаңа деңгейдегі жүйе.Алғашқы Ph.D философия докторлары дайындалып шықты. ҚазҰУ халықаралық деңгейде кадрларды даярлауда Қазақстан мен ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып үшсатылы жүйеге көшті. 2008 жылдың қарашасында франциялық «Bureau Veritas certification» органының аккредитациясынан сәтті өтті. Жаһандық білім беру саласының талдауы негізінде, ҚазҰУ-ды зерттеу университетіне айналдыру ұсынысы түскен болатын. Әлемдегі ең жоғары топ-рейтингтерге енген оқу ордаларының бәрі де зерттеу университеттері болып табылады.2010 жылдан бастап, ҚазҰУ мемлекеттiк саясаттың инновациялық дамытуын жүзеге асыру бойынша әлемдік деңгейдегі зерттеуші университетке айналу ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Пәнаралық байланысты қамтамасыз ету, инновациялық құралған ғылыми жобалаудың тиiмдiлiгiн жоғарылату, университетте қуатты зияткерлiк ортаны құруда корпоративтік ұжымды жұмылдыруды қамтамасыз ететін академиялық ұтқырлық белсенді дамып, мықты кафедралар мен ҒЗИ құрылып, дамып жатыр.2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы тұнғыш университет болып Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасы қабылданды, және белгілі әлемдік QS (Ұлыбритания) және Thomson Reuters (АҚШ) рейтинг агенттіктерінің нәтижелерінің қорытындысы болйынша Орталық Азия университеттері арасында бірінші болып ең танымал жоғары оқу орындарының қатарына енді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының арасында бірінші даму жөніндегі идеологияны, ақпараттық және білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары тарату орталығы болып, ҚазҰУ Рио-де-Жанейро қаласында болған тұрақты даму жөніндегі ғаламдық саммитке қатысты. «Жасыл көпір» жаһандық энергия дамыту стратегиясының идеяларына арналған арнайы бөлім арнап, біздің университет «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір». атты халықаралық консорциум құруды қозғады.
2012 жылда болган Бали аралында өткен Халықаралық конференция-көрме Қазақ ұлттық университетінің тарихындағы басты оқиғасы болды. Себебі сонда университет QS Stars – «Үш жұлдыз» озық белгісімен марапатталды. Атап өтерлігі, ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші университет болып «QS Жұлдыздарымен» марапатталды. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың жоғары дәрежедегі мамандары университеттің ғылым саласындағы үлкен жетістіктеріне жоғары баға берді.Халықаралық сараптама қорытындысы бойынша ҚазҰУ ғылыми, технологиялық және инновациялық дамуы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында сөзсіз көшбасшы болып табылады.Біздің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Америка Құрама Штаттарының ең үздік университеттер кіретін «Tallores» халықаралық жоғары оқу орындарының қауымдастығының мүше болып қабылданданды. Әлемдегі университеттерінің вебсайттарын талдайтын, және деңгейін анықтайтын Вебометрикс халықаралық агенттігінің натижесіне сәйкес, біздің университет Орталық-Азиялық өңірдің жоғары оқу орындары арасында жетекші орынға ие болды..Әрине Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұлы ойшылы Әл-Фараби «ақылды қала» ілімі негізделген «Аl-Farabi university – smart city» атты бірегей ғылыми-зерттеу және инновациялық жобасы іске асырылып – жаңа университет қалыптастыруға бағытталған еді. Тұрақты дамуға бағытталған,бүгінде университет қызметкерлерін үлкен күш, ынтымақтастық, кәсібилік және ынта арқасында www.kaznu.kzҚазҰУ серпінді және сенімді дамып келеді!
БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық хаб бағдарламасына жетекші бола отырып ҚазҰУ ғылым және білім көшбасшылығын артырып ұлттық рейтингте бірінші орынды иеленді, сондай-ақ ҚазҰУ халықаралық рейтингісінде, тек ТМД-емес, сондай-ақ Шығыс және Орталық Еуропа мемлекеттер арасындағы жеке дара өкілі болды.
Қазіргі таңда университетіміз алдыңғы оқу орны атанып отыр.Барлық іс- шараларға белсенді түрде қатысады. Оқу тәрбие және ғылым саласында да үздіксіз енбек етуде. Биылғыжылы тарихы терең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің торқалы 90 жылдық мерей тойы құтты болсын демекпіз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің
оқытушылары Буланова С.Т,Габитова В.А.
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы жайлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz – жаңа білім, озық идеялар мен технологиялар жинақталатын ірі ғылыми – білім беру мен инновациялық орталық мекені. Университет үшін басты бағдар Ел Президентінің Жолдауында қойылған міндеттер болып табылады: әлемнің үздік жоғары оқу орындарының рейтингісіне кіру, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу. Әлемдік деңгейдегі заманауи университет Орта Азия аймағындағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың жетекші ғылыми-әдістемелік, зерттеу орталығы болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz педагогика кафедрасы негізі 1940 жылы 12 қаңтарда қаланды. Бүгінгі күнге дейін кафедра педагогикалық бейіндегі мамандарды дайындауды жүзеге асырып келеді. Оның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз етер болсақ, тарих-филология факультеті құрамында кафедраның пайда болуынан университеттің педагогикалық мамандықтарын жаппай қамтамасыз етуден бастап, «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының ашылуына және «бакалавриат – магистратура – PhD докторантура» көпдеңгейлі жүйеде білім беру қызметінің кеңеюіне дейінгі ұзақ мерзімді қамтиды.
Кафедра атауындағы өзгерістерге қарамастан, қоғамның қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрлардың шоғырланған орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта кафедрада тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де ғылыми беделі мен танылған қазақстандық жетекші педагог-ғалымдар мен білім беру ісінің үздік мамандары қызмет атқарады.
Көптеген жылдар бойы аталмыш кафедра классикалық университеттің ғылыми педагогикалық қоғамдастығының педагогикалық идеяларының жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Бұл педагогикалық проблемалар жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы ретінде кафедраның абырой-беделінің өскенін, сондай-ақ жалпы білім беру және педагогика проблемаларына жұртшылықтың қызығушылығының артқанын, педагогикалық қызметтегі бірегей жетістіктерді және білім беру процесіне инновациялық қатысуды білдіреді.
Шынайы өмірдегі және психологиялық түсініктегі білім көптеген адамдарды белсенділік кеңістігіне тартатын және әртүрлі шығармашылық оғиғаларға жетелейтін маңызды әлеуметтік-мәдени құндылыққа айналатынын бәріміз түсінеміз.
Сонымен бірге педагогикалық мамандықтың әлеуметтік мәртебесі туралы мәселені тағы бір ре ткөтергім келеді.
«Адам факторының» бой көрсете бастаған дағдарысының жылдамдығы, ұрпақтардың өзгеруі, дәлірек айтсақ, «кеңестік идеологиялық сананың» сарқыншақтары бар адамдар ақша табуға көбірек көңіл бөлетін жаңа буын үшін жұмыс орындарын босатады және осыған жалғас басқа факторлар педагогикалық іс-әрекеттің құндылығын жоғалтуға және қоғамдағы оқытушының, яғни ұстаздың мәртебесіне көлеңке түсіруге кері әсерін тигізеді.
Рационализмнің жаңа құндылықтарының үстемдігі жағдайында мұғалімнің өзі, біздің ойымызша, өткен дәуірдің құндылықтарын жоғалтқанға дейін мағынасын ашып көрсете алады. Бір жағынан, мұғалімнің жеке басына соққылар БАҚ-тан, әсіресе интернеттен жасалады. “Ұлы информатор” – интернет педагогтың жекелеген қызметтерін ауыстыруға айналды, бұл ретте ақпаратты иесіздендіру және тіпті бұрмалау оған ешқандай сөгіс әкелмейді, ал педагог білімалушыға беретін тәлім-тәрбие түгілі, әр материал үшін жеке жауаптылықта болады.
Бұл ретте ең алдымен білім алушы зардап шегеді. Интернет алдында сана-сезімі толық қалыптаса қоймаған мектеп оқушысы мен жеке тұлғаға айнала қоймаған студент арнайы мықты педагогикалық қолдау мен көмектен тыс, жаһандық супер БАҚ-пен бетпе-бет қалады. Сондықтан олар әр нәрсенің ара-жігін ажырата алатындай дәреже-деңгейге жетіп, алған білімін, тұлғалылығын, өзіндік ерекшелігін толығымен жұмылдыра алуы керек.
Екінші жағынан, экономика мұғалімнің жеке басынада өз әсерін тигзеді: «бейімделмеген мұғалімдер» түсінікті «нарық заңдары» бойынша өмірдің сыртында қалып қойып жатады. Ал бұл педагогикалық кәсіптің әлеуметтік мәртебесінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайда білім беру процесінің адами капиталы туралы – білім алушының сана-сезімін қалыптастыратын мұғалімнің жеке басы туралы ойлану қажет. Мұнда сіз педагогикалық мамандықтың семантикалық жағына жүгінуіңіз керек.
Егер Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі білім беру үшін дағдарыс жылдарында өзінің жұмыс күшін – мұғалімдерді жоғалтпаса, онда, ең алдымен, алдыңғы социалистік жылдары үгіт-насихат жүйесі олардың кәсіби қызметінің берік семантикалық және этикалық құрылымын құра алды. Яғни мұғалімдердің көпшілігі кәсіптен кетпеді, өйткені ол бұл жұмыста үлкен әлеуметтік қолдау және жеке бас пен тіршілікке қатысты мән-мағына барын біліп-сезінеді.
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы өзінің көпжылдық тарихында педагогикалық қызметке деген құндылық қатынасын ешқашан жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Әрі педагогтардың соңғы буынының негізгі міндетін жақсы түсінеді, терең сезінеді. Қысқаша тұжырып айтқанда, өздерінің педагогикалы қызметінің мәнін жандандырып қана қоймай, үлкен жеке және кәсіби әлеуетке ие барлық салалар үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды, білімалушылардың жаңа да жас ұрпағын қалыптастыру жолында аянбай еңбек ете береді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Философия және саясаттану факультеті ,
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
аға оқытушылары Рамазанова Самал Әмірғалиқызы;
Қырғызхан Гүлбаршын Азисқызы
Қайырымдылық – асыл қасиет
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қайырымдылық жасау – әр адамның қолынан келетін іс деп білемін. Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Жаныңда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алсаңыз қазақ халқына тән ұлттық қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі деп біліңіз. Жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсете алу адамның адамдық белгісінің қасиеті. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай.
Әл-Фараби атындағы https://www.kaznu.kz Қазақ Ұлттық Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені деп білемін. Жоғарғы оқу орнында оқытушылар мен білім алушыларға барлық жағдайлар жасалған. Шығармашылық және кәсіби тұрғыда дамуға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге демеу беретін ұлы білім беретін ошақ иесі.
Аталмыш оқу орнында оқытушы қызметімен қатар куратор-эдвайзер ретінде көптеген тәрбиелік іс-шараларда ұйымдастырушы ретінде де тәжірибе жинақтаған маман иесі болып табыламыз.
Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау – қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Ата-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
Қазіргі сәтте Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Әуезов ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі қызметіндегі білім алушы Сарсенбай Жанерке Ермекқызы туралы айтып өткім келеді. Жанерке Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің https://www.kaznu.kz «Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті, яғни білім мен қатар активистік өмірін бірге алып жүрген студент. Аталмыш ұйымның жетекшілігімен барлық жастар қайырымдылық іс-шараға бір кісідей атсалысып, демеушілік көрсетіп жүр.
Осыған орай, жаңа оқу жылының алдында оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мақсатында Әуезов ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылар саны анықталып, қайырымдылық шара аясында көмек түрлері белгіленген болатын. Ұйымдастырған іс – шара бағдарламары:
- Алматы облыстық № 1 балалар үйіне көңілді ән кешін ұйымдастырды.
- Мейірім – өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының бүлдіршіндеріне қызықты ойындар өткізді және аниматорларды шақыртқан болатын.
- Жанұя-жетім балаларға арналған мамандандырылған кешендегі балаларды кинотеатрға апарған болатын.
Бұл ұйымның жасаған шаралардың тек кішкене бөлшегі. Тәрбиелік жағынан қарастыратын болсақ, ұйымдағы жастарды жақсы істерге баулуда. Кішкентай бүлдіршіндерге жасаған ең қызықты сәттерінің бірі деп білемін.
Дана халқымыз айтады:«Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» деп, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Философия және саясаттану факультеті ,
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
аға оқытушылары Рамазанова Самал Әмірғалиқызы;
Қырғызхан Гүлбаршын Азисқызы
«Педагогика және психология» мамандығының
4 курс студенттері Сарсенбай Жанерке , Ыбырай Рабея
Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы ҚазҰУ-дың рөлі
БүгіндеӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz әлемнің танымал университеттерінің қатарында.Бұл серпіліс ҚазҰУ-дың әрбір оқытушысы мен студентіне мақтаныш сезімін ұялатады,шын мәнінде,үлкен жетістікке тағы да қадам басуға жетелейді. Университетқұрылымдықтұрғыдан кешендіжаңғыртылды, нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі және жетістіктерді рейтингтік бағалау неғұрлым тиімді және айқын көрініс табуда.Әлемнің жетекші университеттерінің үлгісі бойынша ҚазҰУ-де эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленді, жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бағдарламалар енгізілді.
Жоғары білім беру жүйесіндеболашақ кәсіби мамандарды даярлауеліміздіңэкономикасын, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени құрылымын дамытуға және әлемдік нарықтарға интеграцияланған бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бағытталған сапалы білім мен саналы тәрбиеге негізделсе, қазіргі уақытта еліміздің ғылымын дамыту мақсатында студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту және олардың шығармашылық қабілеттерін, іскерліктерін дамытуға орай университет ауқымды істер атқаруда.
Осы бағытта, бірегейфакультеттердің бірі«Философия және саясаттану» факультеті еліміздің қоғамдық-әлеуметтік саласына қажетті мамандарды дайындауда орасан зор жетістіктерге жетіп отырған факультеттердің бірі болып саналады. Факультет әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында мамандар дайындайды, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен және Ресей мемлекетінің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Факультеттің кәсіби тұрғыда қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философия, мәдениеттану, дінтану, исламтану, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану ғылымдарының дамуымен сәйкес жүзеге асуда . Студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға, цифрлы қоғамда сапалы жаңа ақпаратты алуға, интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерді бойға жинақтауға, әр студенттің табиғи талантын ашуға, әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйренуіне, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін дамытуларына мүмкіндік тудыруда факультеттегі барлық кафедралар өзара байланыста қызмет етеді. Факультет деканы профессор МейрбаевБекжан Берікбайұлы,факультеттің ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарыАльчимбаеваАйгул Бақытжанқызы, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Өмірбекова Алия Өмірбекқызының басқаруымен атқарылып жатқан істер университетіміздің үздік жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан үнемі жетілдіріліп, дамып отырады.
Атап айтқанда, «Философия және саясаттану» факультетіндегі «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының ғылым мен білімнің өзара сабақтастығында болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың үлгісінде университетіміздің ғылыми-зерттеу бағытындағы қызметі маңызды болып саналады.Кафедраның ғылыми-зерттеушілік потенциалы, білім беру мен оқытудағы жаңашылдық бағыты жоғары деңгейде.Профессор Әлқожаева Нұрсұлу Сейіткерімқызы басқарып отырған кафедрада танымал ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PHD мен жас ғалымдар қызмет атқарады.
Педагогика жәнебілім беру менеджментікафедрасыөзініңкөпжылдықтарихындакәсібиәлеуеткеиежоғарыбіліктіжәнебәсекегеқабілеттімамандар дайындауда,заман талабына сай маман қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуде.Университеттің қарқынды дамуы еліміздің игілігіне қызмет ететін мамандарды дайындаудың үлгісі деп айтсақ та артық болмайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіhttps://www.kaznu.kzболашақ маман иелеріне кәсіби сапалы білім беруде заманауи ғылыми-зерттеулер жүргізуге, жаңашылдықты өндіріске енгізе алатын, таңдаулы оқу орны болып табылады.
Әрінова Б.А. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, пед. ғыл. кандидаты;
Молдасан Қ.Ш. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, пед. ғыл. кандидаты;
Рамазанова С.Ә. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы
ФАРАБИТАНУДЫҢ ҚАЙНАР БАСТАУЛАРЫ
2019 жылы Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Жалпы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы Президент бекіткен арнайы Қаулыға сәйкес басталды. Бұл мереке әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткізілген халықаралық деңгейдегі іс-шарамен басталған еді.
Әл-Фараби бабамыздың 1154 жылдық мерейтойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz90 жылдығымен қатар келгендіңтен сондай – ақ ТДМ – 4, САПАЛЫ БІЛІМ мақсатында Әл – Фараби ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ farabi.universityбабамыздың құрметіне әлеуметтік желілердегі сайтынан «Фарабитану» айдарынұсынғалы отыр.
Әл-Фарабидің 1154 жылдық мерейтойын университетте атап өту арқылы Ұлы даланың – қазақ жерінің күллі түркі дүниесінің киелі бесігі мен көне мекені, өркениеттің салтанат құрған жері екенін әлемге таныту жоспарланып отыр. Сол арқылы Тәуелсіз елімізді, халқымызды насихаттаймыз. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Әл-Фараби мерейтойын негізінен ғылыми, зияткерлік бағытта атап өтіп, жыл бойында халықаралық, республикалық және өңірлік ауқымда тақырыптық арнайы жобалар, ғылыми-ағартушылық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.
Дамаск қаласында жазып шыққан «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты шығармасында ол қала басшыларын «қайырымды» және «надан» деп екіге бөледі. Әрі қарай «қала тұрғындары қай кезде бақытты болады?» деген мәселеге үңіледі. «Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. Сондай-ақ адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керектігін айтты. Әл-Фараби еңбектерінде көтерілген аталмыш мәселелердің бүгінгі таңда да маңызын жоймағаны анық. Қазіргі таңда ҚР 140-қа тарта этноконфессия мүшелері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл жайт Әл-Фараби атамыз жазғандай, мемлекетіміздің ішкі саясатындағы ұлтаралық саясаттың нәтижелілігі, биліктің оң саясаты арқасында жүзеге асып отырғаны сөзсіз.
«Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» бағдарламалары аясында әл-Фараби бабамыздың мұраларын зерттеу, насихаттау, оларды келесі ұрпаққа жеткізуде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Еліміз тәуелсіздік алып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылып жатқан кезде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихымызға терең бойлап, біз мақтанатын, дүние жүзі өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан бабамыздың 1154 жылдық мерейтойын өткізу бәріміз үшін үлкен сын. 27 қараша 2023 жылы ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ тарихшылары «Қазақстантарихы» пәні аясында «Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі. Түркі дәуірінің ғұламасы әл-Фарабидің мерейтойы» тақырыбында семинар өткізіп, бабамыздың меройтойы аясында «Фарабитану» парақшасына жыл бойы материалдар жүктеп отыруға міндеттелді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңhttps://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ farabi.universityұсынған іс-шаралар ұлы бабамыздың шығармашылығын, ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлесін насихаттаудағы үлкен үлес деп санаймыз.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылар:
Сағнайқызы С.,Мужигова Г.М., Егенберді М.Е.
ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ОЯТАТЫН ҚОЙЫЛЫМ
Қарашаңырағымыз аталған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңhttps://www.kaznu.kzоқытушылары мен студенттері театр қойылымдарын тамашалауды игі дәстүрге айналдырған. Осы орайда А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Заң, география, медицина факультетінің студенттеріМ.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драмы театрында қойылған «Ақтастағы Ахико» (авт. М. Омарова, реж. А.Маемиров) қойылымын тамашалады.
Қойылымды көре отырып, ұлты жапон Ахико Тэцуро тағдыры арқылы күллі Алаш арыстарының қасіретін, тарихымыздағы тарихи шындықтың қасіретті кезеңін ақтарғандай әсерде болдық. КарЛАГ тұтқынына айналған Ахмет, Сейфолла, Сәдуақастай арыстарымыздың да азапқа толы қасіретін жүрек сыздатардай етіп, шынайы көрсете білген. Сонымен қатар қиын кезеңде талай өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, бір жапырақ нанымен бөліскен қазақтың төзімділігі мен кеңпейілділігі керемет көрініс тапқан!
Қойылымда Алаш арыстарының қиындыққа толы күндерін театр тілімен суреттеген тұстарыстуденттеріміздің көкіректеріне ұлттық рухты, ұлттық намысты қайта жаңғыртқандай болды. Қоюшы режиссердің Алаш рухын бүгінгі ұрпаққа жеткізудегі негізгі идеясы жүзеге асқандай әсер етті. Студенттеріміз кейіпкерлердің көрген қиындықтары мен азаптарының ауырлығын тұла бойларымен сезінгендей болды. Әсіресе, түрмедегілердің Қасен ақсақалмен көрісу сәті мен Ахметтің өлең кітабын Ахикоға аманаттайтын сәті өте әсерлі шыққан. Тебіренбей көру мүмкін емес…
Рухани дүниенің бәрі өнер арқылы өрбиді. Театр сахнасындағы кез келген қойылым адам жанына тікелей әсер етеді.Ол көрерменді өзіне тартып, өмірден сабақ алуға жетелейді. Қойылым соңында студенттеріміз қойылымның көңілдерін толқытып, көздеріне жас алғызғандарын айтып,алған әсерлерімен бөлісті. Театрдан тарихымыздан сыр шертетін осындай қойылымдар көбірек насихатталып, жалғасын тапса екен деген оймен оралдық..!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Филология факультеті ,
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы,
филология ғылымдарының кандидаты
Рамазанова Шайгүл Әмірғалиқызы,
Аширова Анар Тишыбайқызы,
Рамазанова Самал Әмірғалиқызы