Туберкулез ауруынан сақтанайық /дәрігери кеңес/
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда жыл сайын 10 млн адам аталмыш індетті жұқтырып, 1,6 млн адам көз жұмады. Ал, мүгедектікке ұшырайтындар қаншама?! Бұл індет анықталмай тұрған кезеңде құрт ауруынан көптеген адамдар зиян шегіп, қайтыс болатынды. Ол кезде ресми статистикалық деректер болмағынмен құрт ауруы, көкірек ауруынан дүние салған деген сөздерді халық ауыз әдебиетінен кездестіруге болады. Туберкеулез ауруын алғаш зерттеген адам Немістің ғалымы Роберт Кох 1982 жылы індетті тудырушы бактерияны анықтайды. Осыдан бастап туберкулез ауруымен күресу қажеттілігі туындап, 1996 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Нидерландиялық туберкулез қоры қатарлы ұйымдар бірлесіп Наурыздың 24-ін бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні етіп бекіткен. Қазіргі таңда нәресте туыла салысымен 24 сағат ішінде егілетін вакцина бар. Сондай-ақ туберкулезбен кешенді емдеу әдістері де бар. Бір сөзбен айтқанда бұл жазылатын ауру болып саналады. Ұзақ уақыт бойы тексерілмей ауру асқынса, немесе дәрілерін тұрақты ішпесе, дәрігердің айтқан режимін орындамаған жағдайларда өлім қаупіне әкеліп соғатын жайттар да бар. Еліміз көлемінді жыл сайын орта есеппен 4000 адам туберкулез індетін жұқтырса, осының 200-ден астамы дүние салады. Бұл көрсеткіш онсыз да адам саны аз Монгол халқы үшін үлкен шығын болып есептелінеді. Ал, аймағымызда жылына 40 адам ауырады. Оның дені 16-44 жас аралығындағы азаматтар.
Аурудың жұғу жолдарына тоқталсақ өкпенің және басқа мүшелердің туберкулезі деп екіге бөлінеді. Егер дәрігер науқастың берген қақырықтың зерттеуінен туберкулез таяқшасы бар екенін анықтаса онда жұқпалы түрдегі туберкулез ауруы болғаны.Науқастың денсаулық жағдайына байланысты дәрігер амбулаториялық немесе ауруханада жатқызып емдеуді шешеді. Қайда емделсе де емделуші басқа адамдарға жұқтырмау үшін тұрақты маска тағып, ашық-шашық жерге қақырып, түкіруден аулақ болған жөн. Себебі жұқпалы туберкулез ауруымен ауырған адам жөтелу, сөйлеу, күлу, ән айту, қақырып түкіру кезінде туберкулез таяқшалары ауаға шашылып, сіздің жақын адамдарыңызға және басқа да адамдарға жұқтыру қаупі жоғары болып келеді. Әуелде туберкулез ауруы ыдыс-аяқ, киген киім сияқтылардан жұқпайды. Туберкулез орталығына жатқан науқасты бөлектеп жатқызып, жанұясынан келген жақындары, даяшылық көрсететін дәрігер дәрібикелерден бастап барлығы маска тағуы қажет. Науқас емдеудің алғашқы екі айында туберкулезге қарсы дәріні 2 ай үзбей ішсе, микробтың жұғу шыдамдылығы әлсірейді. Емделуші туберкулезге қарсы дәріні күн сайын дәрігери қызметкердің бақылауында 6-8 ай бойы үзбей ішеді. Бұл емдеу тәсілін «Тура бақылауда қысқа мерзімдік емдеу» немесе ДОТС деп атайды. Келесісі жалғастыру емдеу сатысы. Мұнда туберкулезге қарсы 2-3 түрлі дәріні 4-6 ай уақытымен ішеді. Егер дәрілерді тұрақты ішпесе ауру созылмалы түрге ауысады, тіпті ұлғайып өлім қаупі төнеді.
Аймақтық біріккен аурухананың туберкулез бөлімшесінің аға дәрігері Жанбота Бәкенейқызы.