Түркі тарихын зерттеуші мажар ғалымы ұлықталды!
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – датүркітанушыИ штуан Қоңыр – Мандокидің80 жылдығына арналған конференция ұйымдастыррылды.
Иштуан Қоңыр Мандоки – XX ғасырдың көрнекті түркологы, еуропалық қыпшақтанудың негізін қалаушы, түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен тілі бойынша бірегей еңбектердің авторы. Қайтыс болғаннан кейін «Қоңыр» есімі биікке көтеріліп, түркі-мажар халықтары арасындағы алтын көпір болды.Қазақтар оны «Қоңыр» деп атады. Бұл атау өткен ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ қоғамында танымал болды.Қоңыр түркі халықтары туралы терең, айқын, нақты білімі бар сирек кездесетін ғалымдар арасында ерекше көзге түсті. Венгрия Ғылым академиясы оны 1993 жылы Постумус сыйлығымен марапаттады. Ол саналы ғұмырын түркі халықтарының тілдік қатынасын, мәдениетін зерттеуге арнады. Қазақ, қырғыз, әзербайжан, моңғолия, өзбек еліне бірнеше іс-сапармен барып, бірнеше қолжазба мұраларын қалдырды. Тіпті қазақ қызына үйленіп, бала сүйді. Ол кісі қазақ даласына, жеріне деген ерекше құштарлық, сезімде болғанын қолжазбаларынан, өлең жолдарынан байқауға болады. Әсіресе Алматы қаласы және Іле Алатуыоны ерекше шабыттандырған. Өмірінің соңғы кезінде де, тезірек Алматыға оралсам, тауға шықсам деген екен.
Негізінен, таулар біз жақындаған сайын одан да жоғары көтеріледі. Бұл тауға ұқсас процесс ұлы ғалымдарға да тән. Ол өзінің ауқымы кең еңбегінің жемісін соңына дейін бөлісе алмаса да, ол «Қоңыр ізі» деп аталатын жолды қалдырды. Венгр халқы мен барлық түркі халықтары ғалым мұраларын дұрыс игеру үшін, ұзақ уақыт бойы зерттейтін болады. Өмірінің соңына дейін мажар мен қазақ елінің ортақ тілі мен мәдениеті қыпшақ екендігін айтыпта, жазып та кеткен ғалым. Қыпшақ тілінің кеңдігін мажар мен қазақтарға аудармашының қажетсіз екенін, онсыз да еркін түсінуге болатынына қайран қалып, тілдің құдіреттілігін түсінген ғалым.
Осы мақсат аясында қара шаңырақ Қазақ Ұлттық университетінде Иштуан Қоңыр – Мандокидің туғанына 80 жыл толуына арналған халықаралық іс – шара өткізілді. Конференцияның кіріспе сөзін университет ректоры ЖансейітҚансейітұлысөз сөйледі. Пленарлық отырыс аясында, Олжас Сүлейменұлы, елшілер, көптеген шетелдік және түркітанушы АҚШ, Мажар ғалымдары, ақын, жазушылар сөз сөйледі. Өз баяндамаларында Мадоки феномені аясында көптеген түйінді ойларын жеткізді. Конференцияға университеттің профессорлық оқытушы құрамы, магистранттар және белгілі қоғам қайраткерлері қатысқан өнегелі, ғылыми мәні зор тамаша шара болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің
қауымдастырылған профессоры т.ғ.к., Т.Н. Мухажанова,
2 курс магистранты Мәлік Зарина