Тәуелсіздік бәрінен қымбат: еліміздің жарқын болашағына жол сілтер басты бағдар
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты бастамасы жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында ұстаздар ұыжымы арасында пікір сайысы (бұл жайында мәліметті https://farabi.university/ сайтынан толығырақ біле аласыздар) ұйымдастырылып, Президентіміздің мақаласында көтерілген мәселелердің маңыздылығы талқыланды. Президент өз мақаласында Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сәт болғанымен, біздің еліміз үшін тәуелсіздік тұғырын тұрақтандырған, ұлттық құндылықтарымызды саралап қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала, азаттықтың отыз жылын тұтас дәуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі. Әрбір онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап, алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күшткріміз құрылған, саяси-экономикалық аренада алыс және таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия, Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы сияқты алпауыт мемлекеттермен, ТМД елдерімен дипломатиялық қатынастар орнатып, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны туралы және бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңыздылығы болғандығын талдап көрсетеді. Елбасының көрегенділігімен қабылданған «Қазақстан -2030» стратегиясы еліміздің Нарықтық экономикаға көшуіне, тағдырдың тәлкегімен, тоталитарлық жүйенің теперешінен әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының атамекеніне қайта оралуына кеңінен жол ашқан Ұлы көштің бастауы болғанын және бұл Ұлы көш жоғалтқанымызды тауып, жоғымызды қайта тапқанғ ұлттық рухымызды көтеріп ел еңсенін тіктеген маңызды белес екенін баяндады. Келесі онжылдықтың тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін нақты да маңызды шара – құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, халқымыздың асыл қазынасы, ата-баба мұратын, аманатын, тарихымызды қастерлейтін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, еліміздің басты экологоиялық мәселелеріне басты назар аударылып, кепкен Арал теңізін қалпына келтіру шарасы қолға алынып, еліміздің экономикасы нығайғанын атап өтті.
Үшінші онжылдықтағы «Қазақстан -2050» стратегиясы, әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол» «100 нақты қадам»секілді көлемді игі шаралардың жүзегесыралаып, рухани жаңғырудың жаңа кезеңі басталған маңызды кезең екендігіне тоқталып, басты бағдарламалар мен жобаларды мақаланың «Бағдар мен белес» атты тарауында нақты атап көрсетті.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған мақаласындағы «Таным мен тағылым» тарауымен таныса отырып, қазақ халқы тәуелсіздік жолында ұзақ та қиын сынақтарды бастан кешіргенін, тәуелсіздік тағдырдың қандай да бір сыйы немесе жағдайға байланысты болған оқиға деген сияқты қате мифологиялық түсініктерге тойтарыс беріп, шындығын айту қажет екенін, әсіресе, жас ұрпаққа тарихты дұрыс түсіндіріп, үйрету керек екенін зиялы қауым ретінде бізге жүктелген міндет екенін сезініп отырмыз.
Біз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұжымы Президенттің Алаш мұраларын, қазақ даласындағы аштықты жан-жақты және жүйелі түрде одан әрі зерттеу қажет деген бастамасын толық қолдаймыз. Қасіретті жылдар тарихын құжаттық деректерге сүйене отырып, объективті түрде жазу керек екенін мойындаймыз. Мұндай күрделі мәселелерді, Президент айтқандай, ғылыми түрде жауапкершілікпен қарау керек.
Президент елдегі экологиялық мәселелерге де тоқталып, адам факторының ролін, әр азаматтың жауапкершілігін атап өтті. Семей ядролық полигонының отыз жылдығы туралы жеке айқындады. Семей полигонын жабу туралы шешімнің тек біздің ел үшін ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы жағымды оқиға болғанын көрсететін арнайы іс-шараларын өткізу керектігін дәйектеді.
Мақалада Каспий конвенциясы туралы да айтылған. Яғни, біз Каспий теңізінің Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттер арасында бөлінуіне қатысты ұзаққа созылған даулы мәселені шештік. Өз мүддемізді қорғау тұрғысынан алып қарағанда бұл біздің мемлекетіміздің үлкен жеңісі екенін атап көрсетті.
Президент жаңа академиялық тарихты жазуға шақырды. Тарихшылар бұл іске шұғыл кірісу керектігін айтты, өйткені ол тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Президент Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, оны әлемдік тілдерге аудару қажеттігін айтты. Шынында да, қазақ халқының салт-санасын ғана емес, әлем оның тарихын, мемлекеттілігін білу қажет екенін байқадық. Бұрын қысқаша тарих ағылшын тілінде шықса да, оны енді догмалық пайымдамалардан тыс, талапқа сай жазатын уақыт келді.
Біз Президенттің әр халық өзінің ұлттық мүддесі тұрғысынан өз тарихын өзі жазу керек деген ұстанымын қолдаймыз. Әрине, ол ұлттық мүддемен томаға-тұйық шектеліп қалмайтыны сөзсіз, әлемдік тәжірибеден үлгі аламыз, Қазақстан тарихын дүние жүзі ғалымдары қалай зерттеп жатқанын, зерттеу өнімдерін де пайдаланамыз. Президент тарихты саясаткерлер емес, тарихшылар жазу керектігін баса айтты. Шынында да, кәсіби тарихшылар тарихты жазса, біз түрлі аңыз-әпсаналарға тойтарыс жасай аламыз. Осылайша, Президентіміздің тарихымыздың мәртебесін көтергеніне біз қуанып отырмыз.
Қазақ халқының тарихындағы жоңғар шапқыншылығы, ашаршылық, репрессия, екінші дүние жүзілік соғыс сияқты қасіретті оқиғаларды тарихи тұрғыдан терең зерттеу қажеттігін президент Қ.-Ж. Тоқаевтың баса айтқаны да тарихқа ат үсті қарамайтынын дәлелдеді.
Сонымен қатар Президент тарихи және мәдени мұраларды насихаттау бойынша жүргізілген жұмыстарды айта келіп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, осындай еңбектің нәтижесін қарапайым қазақстандықтар көрді ме деген заңды сұрақ қойды. Зерттеу жобалары ғылыми институттар мен орталықтарда қалып қоятыны немесе есеп беріп үшін жасалып жататын тұстары кездесіп қалатыны белгілі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының да, «Халық тарих толқынында» деген бағдарламаның да нәтижелері кең жарияланбай, оқырмандардың қолына әлі күнге дейін тимей жатқаны белгілі.
«Қоғам және құндылық» бөлімінде Президент Қ.-Ж. Тоқаев былай деп көрсетті: «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз».
Біз жастарға білім мен патриоттық тәрбие беруде осы мәселені баса көрсетіп отыруымыз қажет. Тарихты эмоцияға берілмей, саяси мәдениетті сақтай отырып, тәрбие ісінде қолдануымыз қажет.
Қорыта айтқанда, Президентіміздің бастамасы бюрократтық шараларда қалып қоймай, шынайы жүзеге асады деп үміттенеміз. Президент идеясын қолдаймыз, оны жүзеге асыруға ат салысамыз.
. Президентіміздің бұл мақаласы халқымыздың өткені мен бүгініне нақты баға берген, болашағына бағдар беріп, «Жоңғар шапқыншылығы кезінде «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» басынан кешкен, патшалық Ресейдің боданы болған, коммунисттік тоталитарлық жүйенің де «ашаршылық» пен репрессиясын, Ұлы Отан соғысын –талай қиын кезеңін басынан кешкен Тәуелсіздіктің біздің ел үшін маңызы зор екендігін, Тәуелсіздіктің тұғырының берік болуы Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен береке-бірлігінде атап көрсеткен, халқымызды болашақ ұрпағыны жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырған әлеуметтік-тәрбиелік саяси мәні зор мақала болды.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары М.Ш. Тойганбекова, Т.М.Буланова, С.А.Нусупбаева, В.А.Габитова,