«Шегіртай арасаны – тәнге шипа, жанға рахат»
Бозторғайдың сайраған, жусан мен ерменнің иісі мұрныңызға қатар келіп ояну керемет сезім екен.. Жағасы жайқалған көк майса, төскейі емдік арасан суларына, дәрілік шөптерге толы бұл өлке – Шегіртай арасаны деп аталады. Бұл елімізде зерттелген он арасанының бірі. 1940 жылдары Ресейдің арнайы экспедициясы келіп лабороториялық зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде емдік, дәрілік қуаты мол шипалы арасан деген қортынды шығарған. Нәтижесінде Ресей мен Монғолдың біріккен демалыс орны ашылады да аймағымыздың 12 сұмынындағы саңлақ малшылар мен егіншілер демалатын бірден-бір демалыс орны болдырады. Бұл жерде екі қабатты демалыс үйлері мен сол кездегі замауи орыстың өндірісінен шыққан көрпе-жастық, құрал-жабдықтармен, ас-тағамдармен қамтамасыз етілген екен. Демократиялық қоғам өріс алған тұстарда талан-таражыға түсіп, жұмысы тоқтайды. Кейін қайтадан жанданып, аймақ орталығына дауажайдың басты сауықтыру орталығы ашылады. Қазіргі таңда жаз айларында Шегіртай өлкесінде, басқа уақытта Баян-Өлгий аймағы орталығында іс-қызметтерін тұрақты ұйымдастыруда. Шегіртай арасаны туралы айтар болсақ Дэлүүн сұмын орталығынан 30 шақырым қашықтықта бір таудың беті толған арасан. Адамның 12 мүшесі бар десек осының барлығының өз-өзінің арасаны, демдік тастар мен ванналар орналасқан. Аңыздар желісі бойынша аталмыш арасанға алғаш жаралы арқар аяғын малған деседі. Осыны байқаған аңшылар, сол дәуірде өмір сүрген адамдар осы бір судың киелі екенін ұғынып, «арасан» деген ат берген көрінеді. Шегіртай арасаны Күнгей бетте 1000 метр биіктікте орналасқан. Ал, Шегіртай дауажай сауықтыру орталығы келген адамдарға клиника профессоры, халықтық емдеу саласының жетекші дәрігері Сара Дәмерқызы дәрігери алғашқы сатылы ақыл-кеңестермен бірге қай арасанды ішіп, қай арасанға шомылуға нұсқаулықтар береді. Жатар орны мен үш уақыт ас-тағамы беріледі. Бұл әрине жеке шаруашылық болғандықтан үлкен адам, бала деген екі түрлі тарифпен қонақақы төленеді. Дегенмен аймағымыздағы еңбек қамқорлық даяшылық басқармасымен бірлесе отырып, қарияларды 80 пайыздық жеңілдікке қамтытуға мүмкіндік бар.
Арасан тәнге шипа, жанға рахат. Арасан суларының түрлі ауруларға ем болатыны оның құрамынан. Жер астында жоғары температура мен қатты қысым салдарынан түрлі түзілістер мен химиялық реакциялар туындайды. Міне, осы себепті арасан суы табиғи минералдарға қаныққан, бай келеді. Ал бұл химиялық қосылыстар, органикалық заттар мен газдар жоғары температура (20 градустан жоғары) ықпалында адам ағзасының физиологиялық, артрит, жүйке және тері ауруларынан емделуіне ықпал жасайды.
Шегіртай арасынының суларында әртүрлі элементтер бар болғандықтан оң әсерін беріп, ауруынан сауыққан, шаршауынан айыққан қариялар мен емделушілер өте көп. Қатарынан 7 жыл келген азаматтар да бар. Мәселен кальций, калий және стронций жүрек қан тамырлары мен қант диабетін, бауыр, жүйке, артрит және т.б. ауруларды емдей алады. Күкіртті арасан кератинді жұмсартса, ал натрийі бар көмір қышқыл газды сулар теріге ағарту және жұмсарту әсерін береді. Құрамы жөнінен қарағанда арасандар темір, марганец, мыс, алюминий қатарлы адам ағзасына аса қажетті минералдары бар органикалық сулар, кремнийлі, күкірт сутекті, радонды, йодты, бромды т.б. шипалы арасандар болып салаланады. Бұлар асқазан, жүйке жүйесі, сүйек, буын қабыну, қан тамырлары сықылды көптеген ауруларға шипа. Шегіртай арасанында жоғарыда аталған элементтердің барлығы кездеседі дейді мамандар.
Қарияларымыз бен емделушілерге әрдайым есігіміз ашық дейді аталмыш арасан ұжымы. Арасанға жеңілдікпен келетін қариялар ең әуелі
- бақ әкімінің анықтамасы,
- өтініш және азаматтық куәлігінің көшірмесі,
- банкге 70 мың төгрөг төлеп,
- өз аумағындағы еңбек қамқорлық даяшылық басқармасына апарып арнайы жолдама алады. Осы бойынша 80 пайыздық жеңілдікке қамтыла алады.