Шетелдік студентердің Медеу мұз айдынына саяхаты
Білім, тәлім мен дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесі – қоғамымыздың болашағы сондай-ақ бүгінгі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Таза әрі саф ауа мен көрікті табиғат аясына жиі саяхат жасау көтеріңкі көңіл күймен денсаулыққа пайдасы зор. Соның бір көрінісі 2025 жыл қаңтар айының 7-ші жұлдызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 3) аясында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт мамандығын таңдаған 24-шы шығармашылық топ тыңдаушылар арасында «Спорт денсаулықтың кепілі» атты ұранымен Медеу мұз айдынында конькимен мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудан және 800 сатылы баспалдақпен жүгіріп шығу кіші жарыс өткізілді.
Бұл спорттық шараның басты мақсаты болашақ дене шынықтыру пәнінің мамандығына баратын тыңдаушыларға спорт саласына алғашқы қадамы және шетелден келген тыңдаушылардың қоғамға үйренісу, салауатты өмір салтын насихаттап, Медеу әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар, көптеген Отандық кинолардың тарихында қалған, «Азия дауысы» халықаралық ән байқауы жайында талай тарихы іс-шараларға мұрындық болғаны Медеу тарихымен таныстыру, өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану іс-шараларға жұмылдыру болып табылады.
Медеу мұз айдындағы жарыстың жалғасы Өлкетануға саяхат жасаумен ұласты. Медеудің төбеден көрінген керемет көркем табиғатын тамашалап көңілді демалыстан рухани азық алған шетелдік тыңдаушылар Атамекенге деген сағыныштарын ән мен өз туындыларын арқау етіп жырмен жеткізді.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушысы Мужигова Г.М., Г.Т. Тилеужанова, С.Р. Нұртілеуова