Шетел диаспоралары Әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінен білім алуға мүмкіндік бар
Қазақ Ұлттық Университеті – білім және ғылым кешені
ҚР-ның Алматы қаласында орналасқан Қазақ мемлекеттік университетіhttps://www.kaznu.kz1934 ж құрылған болатын. Университетке 1993 жылдың 9 қаңтарынан бастап әлемнің екінші ұстағы атанған әл-Фараби атамыздың аты берілді. Бұл оқу ордасы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының басты жоғарғы оқу орны ретінде мақтанышы және де он алты факультет бар. Әр бір факультеттің ғылым мен білім беру жолында өз даму тарихы бар. Соның бірі – физика – техникалық факультеті. Ол 1934жылы 15 қаңтарда физика – математикалық факультеттің бөлімі ретінде профессор В.Ф.Литвиновтың басшылығымен құрылған. 1959 жылы мамыр айында бөлек, дербес физика факультетіне айналды. Қазіргі таңда факультет бакалавриат бойынша мамандықтар даярлайды, мысалы:
1.5В060400 – физика-4 жыл, күндізгі бөлім;
2.5В060500 – ядролық физика – 5 жыл, күндізгі бөлім;
3.5В072300 – техникалық физика – 4 жыл, күндізгі бөлім;
4.5В061100 – астрономия, 4 жыл, күндізгі бөлім;
5.5В071000 – материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 4 жыл, күндізгі бөлім.
6.5В073200 – стандарттау, сертификаттау және метрология – 4 жыл, күндізгі бөлім;
7.5В071900 – радиотехника, электроника және телекомуникация – 4 жыл күндізгі бөлім.
Факультетте жастардың білімін жалғастыруға мүмкіндіктер қарастырылған, яғни, магистратура бойынша 10 мамандық және докторантура бойынша 8 мамандық бағытында замануи жаңалықтарды қамти отыра білім береді.
Осы оқу жылында университетте 20000 – ға жуық студенттер білім алып, 2500– ден астам оқытушылар, олардың ішінде: 27 ҰҒА академигі, 6 Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, 400-ден аса профессорлар мен докторлар, 800 ден астам кандидаттар мен доценттер еңбек етеді.ҚазҰУ Республикадағы іргелі зерттеу бағдарламалары жалпы мөлшерінің 50% жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халықаралық ғылыми орталық болып табылады. Сонымен қатар, университетте көптеген ғылыми танымдық мұражайлар студенттерге қызмет атқарады. Солардың негізгілері – «ҚазҰУ-не 75 жыл», «Биология факультетінің мұражайы», «Палеолит мұражайы», т.б.
Университеттің жаратылыстану бағытындағы факультеттер жыл бойы ғылыммен айналысып, студенттер мен магистрларды өз салалары бойынша мықты маман етіп шығарады. Университеттің қабырғасында шетелдерден келген қандастарымыз ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде 1 жыл дайындықтан өтіп, білім алады және өз бақтарын сынап, еліміздің түрлі оқу орындарына ҰБТ тапсырып, студент атанып жатыр. Жаратылыстану бағытында оқитын топтарды физика, биология, химия, география, математика факультетеріне саяхат жасатып, факультет оқытушыларымен, студенттерімен кездестіріп пікір алмастырып отыру оқу процесінде жүріп жатады. Сондай – ақ Жас биолог үйірмесінің мүшелері биология факультетіндегі мұражайға саяхат жасап, жер бетінен жойылған Тұран жолбарысының тұлыбын тамашалап, таң қалысыт жатты. Университетімізде барлық факультеттерөз ара тығыз жұмыс жасап, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіп отырады.
ҚазҰУ – ін Қазақстан Республикасының аса ерекше, жетекші жоғарғы оқу орны ретінде мақтан тұтамыз.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары:
Бекалай Н.Қ., Сариева А.К., Үсенбекова А.Е,