Шығыс жекпе-жегінің майталманы
ИНДОНЕЗИЯДА КАРАТЭДЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ С.СЕРІКБОЛ ҚАРА БЕЛБЕУДІҢ 3-НШІ ДАНАТАҒЫН АБЫРОЙМЕН ҚОРҒАП КЕЛДІ
– Моңғолияда Каратэ Шинкиокушинкай мықты дамып келе жатқан жекпе-жек өнерінің бірі. Жерлесіміз Серікбол Съезханұлы осы жекпе-жек өнерін аймағымызға және елімізге дамытып, жастарға үйретіп келе жатқан каратэ шеберінің бірі. Ол ең алғаш осы жекпе-жек өнерін Қазақстан елінен үйрене келе аймағымызға 2013 жылдан бастап клубын ашып дамыта бастаған еді. Ол бүгінге дейін еліміздің Каратэ Шинкиокушинкай федерациямен бірігіп, аймағымызда жаттықтырушы болыпжұмыстап келеді.
Баян-Өлгей аймағының «Тарлан» клубының жетекшісі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қара белбеудің 3-дан иегері Серікбол Съезханұлымен сұхбаттасттық.
- Сіздер жақында елімізден Индонезия еліне Азия Каратэ семинарына қатысып, сонда өткен дан тест, яғни мастерлар арасында қара белбеу қорғау шарасына қатысты деп естідік, сол жайында айта кетсеңіз.
- Ең әуелі барлық жерлестеріме және қолдаушыларыма жалынды сәлем жолдаймын. Иә, біз 2024 жылы Қаңтар айының 26-28-і аралығында Индонезия елінің Бату қаласы Маланг демалысжерінде 2024 жылғы Азия Каратэ семинарына мен және жерлесім Мөнгөншагай екеуміз еліміз атынан абыройлы қатысып, каратэден 3-нші дан дәрежесін қорғадық. Бұл іс шара Қазан айынан бастап Азия елдерінің арасынан ұйымдастырылатынсеминар, іс шараны жарияланған болатын. Оған тек қара белбеу, дан қорғайтын каратэшілер жолдамамен ғана қатыса алатын. Біздің федерациядан 2-нші дан иегері С.Мөнгөншагай және мені алдыңғы 2-нші дан қорғаған уақыт көрсеткішін, жарыстардан жеткен жетістіктеріміз бен жеке клуб жұмыстатудағы белсенділігімізгеқарай отырып семинарға қатысу мүмкіндігін берді. Аталмыш семинарға табысты қатысып,ел сенімін ақтап 3-нші данды табысты жоғарғы дәрежеде қорғадық. Жалпы кейбір каратэшілер сондай дан тестде қорғай алмайтын кездер де көп болады. Ал біз үшін табысты, абыройлы қорғауымыз көпжылғы төккен теріміз бен үлкен жетістіктеріміз деп ойлаймын.Сіз жоғарыда айта кеткендей каратэден дан тест, қара белбеуді қорғау дегенді оқырманға қалай түсіндіресіз, оның пайдасы қандай.
- Ең алдымен каратэмен шұғылданатын адам өзіне мақсат қоя білу керек. Оны қара сөзбен айтсам «Каратэмен айналысу- тауға өрмелеумен бірдей, оның басына міндетті түрде жету керек» деп түсініңіз, міне мен осындай мақсатпен жұмыстаймын.Каратэмен кез-келген адам шұғылдана алады. Жас көп әсер етпейді.Каратэде 10-ншы кьюден 1-нші кьюға /дәреже/ дейінқорғауға тиісті көрсеткіш дәрежелері болады. Ең алғаш каратэмен айналысқан адам 10-ншы кьюды 3 айдан соң қорғайды, одан әрі 6 айдан соң 9-ншы кьюды қорғайды деген сияқты, оның бәрінде өз талаптары мен уақыты болады. Осылай 1-нші кьюге дейін ең кемі8-10 жыл айналысып каратэнің барлық техникаларын, каталарын меңгеріп, каратэ ережесін, өз күшін дұрыс меңгеріп, мықты дайындалған соң қара белбеу қорғай алады.
Мен каратэмен денем жеңіл, ширақ және осы өнер өзіме пайдалы болған соң айналысып келемін. Әсіресе адамның жасы ұлғайған сайын каратэнің жаттығулары аса пайдалы, мысалы өз күшіңді сақтауға, артық салмақ пен қозғалысыңды дұрыс реттеумен қатар денеңді ширақ, жеңіл ұстап жүруге көмектеседі.
- Сонда каратэден дан тест, қара белбеуді қалай және қандай талаптармен қорғайды. Оқырман қауымға сол жайында қысқаша тоқтала кетсеңіз.
- Жалпы каратэнің дан бойынша өзіндік талаптары бар. Дан қорғау-өте жауапты іс болғандықтан қара белбеуде төмендегі талаптарды орындау керек.
- Каратэнің негізгі базалық техникасы- кихон (қолмен блок жасау, қорғау және тебістермен соққы түрлері т.б)
- Комбинация техникасы-идо гейко (қозғалыспенәр түрлі жағынан блок жасап көрсету, соққы жасау, тебіс техникаларын орындайды).
- Күш талаптары- физо( жұдырықпен 100 рет мығымдап итеру /суниалт/-қолдың күшін анықтайды, 100 рет орнынан толық отырып тұру-аяқтың күшін анықтайды, 80-100 рет ішпен пресс тарту-кеуде, іштің күшін анықтайды).
- Ката сынағы- (Мастерлік катаның 3-5 түрін жасайды. Ката жасаудағы жеке шеберлігі, қозғалыстың дұрыс қолданылуы, терең тыныс алу техникасынкөрсетеді).
- Жекпе-жек- Кумитэ –(Жоғарғы 4 талаптарды толық орындаған соң ғана жекпе-жекке рұқсат етіледі. Онда тек қуыққап пен аяқ қорғаныс құралын киіп басқа ешбір қорғаныс кимей тек таза қызыл қолмен қара белбеу қорғайтындар арасында 10 түрлі каратэшімен 1 минутпен тоқтаусыз 10 минут жекпе-жек өткізеді).
- Міне, осылай 5 талаптарды толық орындаған адам каратэнің қара белбеуін қорғады деп есептейді. Қара белбеудің жоғарғы данын қорғағанда Жапон өнері болғандықтан жапон мастерлері, шихан (дан көрсеткіші жоғары ұстаз) тікелей өздері қадағалайды. Аталмыш семинарды 6-ншы дан иегері, шихан Ш.Сотодате қадағалап және Азия Каратэ басқарма төрағасы Сужотолар семинарды басқарып, дан тестіс шарасынұйымдастырды.
- Сонда сіз осы жолы 3-нші дан қара белбеу қорғадым дедіңіз, алдында 1-нші және 2-нші данды қайда, қашан қорғадыңыз, оны уақытпен қорғай ма?
– Иә, мен алғаш каратэмен студенттік шағымнан бастап айналыстым. Тұрақты айналысып барлық талаптарды орындапҚара белбеудің 1-нші данын 2017 жылы Астанадағы Әлем чемпионатында қорғадым. 2-нші данды 2 жылдан соң қорғауға тиіс. Оны 2019 жылы Ұланбатырдағы Азия семинарында қорғадым. Ал, 3-нші данды 2-нші даннан соң 3 жылдан соң қорғауға тиіс. Яғни дан қосылған сайын 1 жыл қосып отырады, талабы солай. Міне, осылай 3-нші данды 3 жыл толық өткен соң осы жолы қорғадым. «Каратэ-қара белбеуден басталады»- деген каратэде осындай сөз бар. Сол себепті қара белбеу қорғау әр каратэшінің үлкен жетістігі болып саналады.
- Белбеу қорғауда қандай қиындықтар болады, оны қалай жеңесіз, қалай дайындалдыңыз?
- Әрине, каратэ бір жағы өнер, бір жағы жекпе-жек спорты болғандықтан қиындықсыз елестету мүмкін емес. Әр каратэші белбеу қорғау үшін бар күшін салады. Көп жағдайда жоғарыда айтқандай ката, кихонды жеке оңай орындағаныңмен жекпе-жек сынағындақарсыласыңнан жарақат, ауыр соққы алу қаупі де болып тұрады. Мысалы, біз 2017 жылы Әлем чемпионатындағы 1-нші дан қорғауда сондай жағдайларкездескен еді. Онда 100 дей каратэші белбеу қорғағанда соның 40 шақтысы қорғай алмай сүрінген болатын. Сол дан тест жекпе-жегі ауыр болған еді.Сол жолымен көп тәжірибе алдым. Спортшы алдымен өз-өзін жеңе білу керек.Осы жолы мен дайындықта 10 км-лік кроссқа жүгірдім,күш жаттығулары, психологиялық жаттығулар мен жекпе-жек дайындығыммен қатар Ұланбатырда орталық клубте бірнеше күн ката, кумитэгедайындығымның нәтижесі көп әсер етті. Ал дан тестжекпе-жегінде Азияның Индонезия, Шри Ланка, Сингапур және Қытай елінің каратэшілерін қиындықсыз жеңіп, жекпе-жекте көбін бет қаратпадық. Бұл да біздің қиындықты жеңуіміз бен тәжірибелі дайындығымыз деп ойлаймын. Енді бір қиындық біз Ұланбатырдан Сеулге ұшып, одан әрі ұшақ ауысып Индонезияның астанасы Жакартаға түсіп, одан әрі қайта Сураваяа қаласына ауысып ұшақпен қайта ұштық, одан әрі қарай ертеңінде Батуға көлікке отыру үшін біраз күн ұйықтамау маған біраз кері әсер етті. Және сол жердің ауа райына бой үйрену үшін адамға біраз уақыт керек. Барған соң жол елдің ас тағамы, ауасы адамның күш қуатына кері әсер етпей қоймайды. Міне осы қиындықтар кездеседі, бірақ бәрін төзіп, жеңе білдік.
- Қорғаған белбеуді қалай куәландырады, оның маңызы қандай?
– Қорғаған белбеуіміз тек Жапонияның Токиодағы Әлемдік каратэ Ұйымы-WKO-ға тіркеп, тек Жапонияда аты-жөні мен дан дәрежесін жазып, қара белбеуді тігіп дайындаған соң иесіне белбеумен қоса сертификатымен табысталады. 1 және 2-нші дан иегерлеріне жалпылай «Семпай» деген атақ берілсе 3-нші және 4-нші дан иегерлеріне «Сенсей» деген атақ беріледі. Яғни Сенсей дәрежесінің маңызы-сол елдегі каратэклубтердегі үйренушілерді басқарумен қатар, 1 және 2-нші дан иегерлеріне нұсқау беретін, үйренушілердің кью дәрежесіне сынақ алатын,бақылаушы болумен қатар Халықаралық жарыстарда төреші бола алады.
- Сіздің шетелге баратын жол қаражатыңызға кімдер көмектесті, жалпы басқадай қолдаушыларыңызға не айтасыз?
– Мен осы жолғы жол қаражатымды өзім көтердім.Сондай-ақ көп жерде ата-анам мен әйелім қолдау көрсетіп, рухани демеп отырады. Ол да мен үшін үлкен көмек, қолдау деп санаймын. Және Монстрой Эра компаниясының директоры Р.Ғажайып ағам қолдау көрсетті. Ол кісіге зор алғысымды білдіремін. Ал мені үнемі жаттығу орнымен қанымдап, қолдап отыратын Аймақтық Дене шынықтыру ұйымына, барлық қолдаушыларыма алғыс білдіремін.
Сұхбаттасқан Ә.Айбота