Қазақстандағы ең білікті университеттен білім алам десеңіз….
Қазақ еліндегі іргелі оқу орындарының бірі, сонау 1934 жылдың 15 қаңтарынан бастап ел мүдесі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Бүгінде ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды. Елбасы отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына ғылыми әлеуетті арттыру мәселесін қойып отыр. Ғылыми әлеуетті дамыту – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Университет құрамында 16 факультет, 68 кафедра, 8 ғылыми-зерттеу институты мен 29 ғылыми орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторлары, 10 академик, 7 Ұлттық ғылым академиясының корроспондент-мүшесі, 14 ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты еңбек етеді. Университетте 26 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар мен докторанттар білім алуда. Сондай-ақ заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің ең ірі 500-ден астам шетелдік жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.
Қара шаңырақ оқу ордасы бүгінгі заман талабына жабдықталған бірден-бір оқу ордаларының бірі. Спорт, мәдениет, қоғамдық шаралар, ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы бойынша алдыңғы қатарда десек қателеспейміз.
Бір жыл ішінде білім ордасы QS WUR жаһандық рейтингі бойынша Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді.
Университеттің білім беру бағдарламаларының 25 пайызы QS by Subject пәндік рейтингінде Топ-500 деңгейінде ұсынылған.
Қазіргі таңда университетіміз әлемдегі ең үздік 100 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңістікте мойындалған еліміздің жетекші университеті ретінде осы маңызды мемлекеттік тапсырманы іске асыруда мақсатты жұмыс атқаруда. Біздің университеттің жақын болашақта бұл белесті бағындыруға ғылыми, оқу-методикалық және кадрлық потенциалы толық жететіндігіне біз – осы университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері толық сенімдіміз.
Тоқсан жылдққа жуық өмір сүру барысында университетте ірі-ірі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Туған университетімізді жеткен үлкен жетістігімен құттықтап, алға қойған барлық міндеттерінің толық жүзеге асуын, халықаралық рейтингісінде топ 100 қатарына кіруіне тілектеспіз!
Жасай бер ҚазҰУ – еліміздің білім беру саласының көшбасшысы!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дың
Тарих факультетініңт.ғ.к., қауым.профессоры Т.Н. Мухажанова,
4 курс студенті Амангелді Сымбат