Қазақ елі “Отандастар” қорының өкілдері Баян-Өлгий аймағында жұмыстауда
Қазақстанға 2022 жылдың бастапқы 10 айының мәліметі бойынша 15637 этникалық қазақ қоныс аударған. Ең көбі Өзбекстаннан яғни 65,2 пайызын құрап отыр. Ал, Қытайдан келгендер 9,2 пайызын құраса, Ресей 8,8 пайыз, Түркіменстаннан келген қандастар 8 пайызын құраса, Моңғолиядан 4,8 пайыз, басқа елдерден, еуропадан келгендер 4 пайызды құраған. Егер басымдық берген аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарына көшіп барса көші-қон қаржысы, тұратын баспанасының жал ақысы, жұмыспен қамту қатарлы жеңілдіктер көрсетіледі. Қазақстан елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап елімізбен саяси, экономикалық және мәдени қатынасын үзбей жалғастырып келе жатыр. Аймағымызда Отандастар қорының сыртқы қатынастар бөлімінің кеңесшісі Қалыбек Қобыландин мен Қандастарды ақпараттық қолдау департаментінің басқарушы директоры Гүлмира Бекетайқызы келіп жұмыстауда.
Қазақ еліне қоныс аудармақшы азаматтар, сондай-ақ құжат мәселесі бойынша кейбір мәселелерді 1404 халықаралық телефоны, +7(7172)981404 халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген тарифмен, уатсап +77010001404 номерлері арқылы, ағылшын алфавитімен www.erulik.kz сайтынан мәліметтер ала аласыздар.