Қазақ Ұлттық университетіне 90 жыл
Осы жылы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 90 жыл толды. Университеттің іргетасы қаланған кезде 25 оқытушы 95 студенті бар шағын оқу орны еді. ҚазҰУ қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орны ретінде мақтанышы. Университтетте ғылымның соңғы жаңалығына сай көптеген факультеттер бар, соның гуманитарлық бағытта жұмыс істейтін түрлеріне тоқталайық:
Шығыстану факультетінде 8 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди және урду, сондай-ақ, екі батыс тілі: ағылшын және француз тілдері оқытылады. Халықаралық қатынастар факультетінің тарихы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы мен құрылу кезеңдерінен бастау алған. Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті 1943 жылы ашылды. Жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында мамандар дайындайды. Филология және әлем тілдері факультеті құрамында алты кафедра болса, соның бесеуі: Қазақ тіл білімі, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері, шетел филологиясы және аударма теориясы кафедралары мамандар дайындайды. Заң факультетінің ірге тасы 1934 ж қаланған. Қазіргі таңда құқықтану және кеден ісі мамандықтары бар. Журналистика факультеті 1934 ж алғаш құрылған факультеттердің бірі. Құрамындағы кафедралар – баспасөз және электронды БАҚ.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетелдіктерге арналған дайындық факультеті негізінде құрылды. Факультет құрамында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы, колледж, бейіндік мектеп, және шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы жұмыс істейді. Философия және саясаттану факультеті 10 мамандық бойынша білікті мамандар дайындайды, Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, үш тілде білім береді. Тарих, археология және этнология факультеті 1948 жылы құрылды. Ол тарих, археология жəне этнология факультеті отандық жəне шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі, ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану, кітапхана ісі саласы бойынша жоғары дəрежелі маман дайындау ісінде ең мықты орталық болып табылады.
Қазіргі кезде университетте 20000 – ға жуық студенттер білім алып, 2500 – ден астам оқытушылар, олардың ішінде: 27 ҰҒА академигі, 6 Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, 400-ден аса профессорлар мен докторлар, 800 ден астам кандидаттар мен доценттер еңбек етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Quacquarelli Symonds (QS,Ұлыбритания), Thomson Reuters (США) агенттіктерінің зерттеулеріне сәйкес, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша әлемдік топ-университеттер рейтингінде.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары
Бекалай Н.Қ., Какенова Ә..,Алиханқызы Г.,Үсенбекова А.Е.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Реметов М.Қ., Әуелханқызы М., Идрисова Г.А.,Үсенбекова.А.Е.
Далалық өркениет тоғыстырған екі ел
Моңғолия мен Қазақстан – Еуразия төсінен орын тепкен екі үлкен ел. Екі ел тарихы, мәдениеті, географиясын қоса алғанда рухани үйлесімде жарасым тауып отырған мемлекеттер. Оның дәлелі, біріншіден, екі елдің арасында ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бай тарихи байланыс бар. Атап айтқанда, тарихтағы маңызды сәттердің бірі XIII ғасырда қазіргі Моңғолия мен Қазақстанның көп бөлігін қамтыған «Ұлы Моңғол хандығының» қалыптасуы болды.Екіншіден, көшпелі өмір салттары ұқсас. Дәстүр бойынша, Моңғолия да, Қазақия да көшпелі өмір салтының дәстүрлі элементтерін сақтаған еркін халық үшін ұлттық орталықтар болып табылады. Жайылымдар, мал шаруашылығы, қолөнері мәдениеті мен экономикасында маңызды рөл атқарады. Мұның барлығы далалық өркениетті айғақтайды. Үшіншіден, ортақ мәдени элементтерін айтар болсақ: екі ел де тіл, музыка, би және ұлттық тағамдары тұрғысынан да дәстүрлі ерекше мәдени элементтерге бай. Дәстүрлі ұлттық аспаптар мен киімдер екі ұлттың мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып табылады. Төртіншіден, этникалық әртүрлілікті айтуға болады. Екі елде де этникалық топтардың әртүрлілігі бар, бұл жергілікті қауымдастықтарға ерекше сипат береді және мәдени қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Бесіншіден, қазіргі серіктес мемлекеттер болып табылады. Бүгінде Моңғолия мен Қазақстан арасында сауда, экономика, энергетика және білім беру сияқты түрлі салаларда стратегиялық әріптестік қатынастар қарқынды дамуда. Бұл осы екі мемлекет арасындағы жақындасуға септігін тигізеді.
Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Моңғолиядан келген 100-ге жуық тыңдаушы оқып жатыр. Білім алушылардың басым бөлігі грант негізінде оқиды. Олардың тәрбиесі, жүріс-тұрысы, оқу үлгерімі өте жоғары. Мақтауға тұрарлық. Қыздары биязы, ұлдары ержүрек болып келеді.
Осы ұқсастықтардың нәтижесінде екі ел де Орталық Азиядағы маңызды өңірлік одақты білдіретін бірегей өзара байланысқа ие. Болашақта екі елдің стратегиялық маңызға ие қарым-қатынасы жандана түседі деп сенеміз.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Реметов М.Қ., Әуелханқызы М., Идрисова Г.А.,Үсенбекова.А.Е.
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның биология пәні мұғалімі –
Тустикбаева Куралай Абдикеримовна
Биология сабағын жаратылыстану пәндерімен байланыстыру:
химия және физика
Жаратылыстару ғылымдары оқушыларды мектеп партасынан бастап қатты қызықтырады. Табиғаттың біртұтастығы, ондағы болып жатқан барлық құбылыстардың материяның түрлі қозғалысы екенін түсіндіру үшін және сол құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыста болатынын ұғындыру мақсатында сабақта пәнаралық байланыс аса қажет. Аға буын педагогтар – Каменский Я.А, Ушинский К.Д өз еңбектерінде пәнаралық байланыстың білім беру саласында өзекті мәселе екенін, білім берудің осы әдісі арқылы балаға дүниенің біртұтастығын, оның заңдылықтарын жете түсіндіруге мүмкіндігі беретінін жазған болатын. Пәнаралық байланыс жаратылыстану ғылымдарында әрбір сабақ барысында кездесіп, ұштасып отырады. Қазіргі кездегі оқу бағдарламасының жалпы құрылысы пәнаралық байланысты кешенді түрде іске асыруға мүмкіндік береді, мысалы: Зерттеудің нақты дәлелдері, әдістері, заңдар, нақты теориялар, тарихи мәселелер мен ғылым жолы, білім аспектілерінің тәрбиелік мәні, т.б. Биология пәні мұғалімі пәнаралық байланыс арқылы химия, физика мұғалімдерімен серіктесе отырып оқу – тәрбие жұмыстарының мақсаттарын іске асыра алады. Оқушылар биология пәнін оқу арқылы жетекші дүниетанымдық ілімнің алғышарттарын, оның дамуын, табиғаттағы құбылыстар мен үдерістерді меңгереді, сонымен қатар, әлем туралы, оның қоғамдағы бейнесі туралы біле алады.Биолог мұғалімдер биология сабақтарында жаратылыстану ғылымдарынан физика және химия ғылымдарында көптеген тақырыптарды тығыз байланыстыруға мүмкіндігі көп, мысалы, физика пәні бойынша: электрондық микроскопия, биотокты тіркеу, көздің оптикалық құрылысы,т.б. Ал, химия пәні бойынша мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:су молекуласы, жасушадағы минералды тұздар, жасушадағы органикалық заттар, амин қышқылдары,тыңайтқыштар, витаминдер,нәруыз, нуклеин қышқылдары, ДНҚ, РНҚ, т.б. Мысалы Нәруыз тақырыбын бекіту кезінде биология мен химия пәніндегі берілген мәліметтерді В.Ф.Шаталов әдістері арқылы, кестеге мәліметтерді оқушыларға салыстыра жаздырып сабақты өте қызықты өткізуге болады.
Биологиялық объектілерге физикалық факторлардың – ультрадыбыстар, инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелер, гамма сәулелердің түрлі әсері болатынын түсіндіру бала өмірінде маңызды болып табылады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға, тірі табиғатқа химиялық факторлардың зиянды әсері – гербицидтер, пестицидтер, автокөліктер түтіні, зауыттар қалдықтары, т.б. айтылуы тиіс.
Химиямен, физикамен пәнаралық байланысты пайдалану үшін биология мұғалімі физиканың және химияның жаңа әдіс тәсілдерін және оқу бағдарламасын, оқулығының құрылысын білуі тиіс, сонымен қатар бағдарламадағы жаңа өзгерістер мен талаптарды да дер кезінде оқып – біліп отыруы керек. Мысалы, биологияда «Құстар класы» тақырыбын түсіндіру кезінде мұғалім биологиялық құбылыстарды түсіндіру үшін оқушылардың физикалық білімдерін пайдалана алады. Биологияда құстардың ерекшеліктері беріледі, мысалы қауырсын жабыны, қаңқа құрылысы, ауа қапшықтары, суда жүзетін құстардың денесінің ерекше пішіні, тері астындағы май қабатының болуы, т.б. Оқушы жақсы түсіну үшін құстардың құрылысы мен тіршілігіндегі физика заңдарына қатысты ерекшеліктерін түсіндіру маңызды: Құс қауырсындарының арасында өзінің дене қызуымен жылыған жылы ауа болады. Өкпесіндегі ауа қапшықтары «құстың меншікті салмағын жеңілдетеді». Қауырсын жабыны мен тері астындағы жетілген май қабаты құс денесін салқындаудан сақтайды. Суда жүзетін құстардың қалың қауырсын жабыны, денесіндегі жинақталған май, жақсы дамыған ауа қапшықтары оның дене салмағын айтарлықтай жеңілдетіп, суда жеңіл жүзуіне ықпал етеді. Құстар денесінің жылу алмасуында ауа қапшықтары үлкен роль атқарады – ауа қапшықтарының бетінен ылғал буланып, құс денесі салқындайды. Ұшатын, суда жүзетін жануарлардың тіршілік ортасына байланысты дене құрылысын оқытқанда физика пәнінен– меншікті салмақ пен көлемдік салмақ ұғымдары, Архимед заңы туралы тақырыптармен байланыстыруға болады. Диффузия туралы білімдерін қарапайымдардың тітіркенуі, түрлі жануарлардың иіс сезу мүшелерінің құрылысы, судың және еріген қоректік заттардың жасушаға енуін түсіндіргенде пайдалану ұсынылады.
Оқушыларды жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын оятудың бір әдісіне пәнаралық байланыс және осы пәндердің оқу кабинеттеріне саяхат жасату жақсы нәтижеге жеткізеді. Білімді, озық ойлы, елге жанашыр ұрпақты тәрбиелеу мектептегі партадан, түрлі пән сабақтарынан басталады.
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның биология пәні мұғалімі –
Тустикбаева Куралай Абдикеримовна