Қазақ ұлттық университеті ұстаздарының үздік мақалалары
Әдептілік-тәрбие бастауы
Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. «Әдеп» – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этникалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңhttps://farabi.university/ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алып жатқан қандастарға да оқытушылар қауымы әдептілікті, әдемілікті үйретуде.
Әдептілік – адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбиенгің жемісі. Негізі әдептілік сәлемнен басталады.
Сәлемдесу – ізеттіліктің белгісі. Ал ізеттіліктен туатын қағида – әдептілік. Ол адамдар бір-біріне мейірімді екендігін білдіреді. Ата-ана өз балалары үшін, тәртіптілік, ынтымақтастық, адалдық пен адамгершіліктің үлгісі болып табылады. Отбасының тірегі әке мен ана, ал қос шынары атасы мен әжесі. Сондықтан да, осы кісілердің әрбір ісі бала үшін өнеге, өсиет болуы қажет. Ізеттілік пен сыпайылық, әдептілік, әдемілік бәрін адам отбасынан ала алады. Әр бала отбасын сыйлауы, ол адамгершілік қасиет. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы парызы, міндеті, отбасыдағы тәрбие құдіреті осы. Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Әбу Насыр әл-Фараби былай деген екен. «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы». Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын – өнеге, өсиет. Мысалы, Мен қандай болуым керек? Адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды, нағыз адамшыл қасиетті жан болу. Сондықтан да біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаман әдетті жоюымыз керек.
Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік. Біздің халқымыз әркезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған. Өйткені мағынасы, мәні бәрі өмірден алынған. Сонымен, өз ниетің түзу болса, жылы сөз айтсаң, біреуге жақсылық жасасаң қайтып келеді. Біз әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайымда бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Ата-ананың тілегі, баласын «әдепсіз» деп айтпаса екен дейді. Әдептілік – тәрбие белгісі. Жұрт алдында әдептілікті сақтау – мәдениетті болудың басты белгісі. Мәдениетті адам ешқашан дөрекі мінез танытпайды, жат қылық жасамайды. Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамаған жөн: аяқ-киім тазалау, қоқыс тастау, дауыс көтере сөйлеу, кезекке қарамау, бояну мен тарану.
Үлкен адамдардың ортасында ұқыпты киініп жүрген жөн. Қолдарыңды тізеңде, не үстел үстінде ұстаған жөн. Үстел үстінде де өзіңді дұрыс ұстай білген орынды. Дастарқанға қойылған қасық, шанышқыны дұрыс пайдалана білу этикасын қадалаған және көпшілік арасында отырғанда, тамақ ішу тәртібін де сақтаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне білім алуға келген қандас бауырларымызғауниверситетіміздің ұстаздары осы ұлы қасиетті насихаттаудан жалықпайды. Әдеп – ол адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережесі. Олай болса әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн. Әдеп пен әдептілікті әрдайым сақтап жүрейік, ағайын!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
А.М.Какенова, Ж.Т.Ибраимова, Т.М. Буланова, Г.Жұмаділ
Қасиетті қара шаңырағым
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының шетелден келген қазақ диаспара топтарының жетекшілері мен тыңдаушылары бірге, 90 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінhttps://farabi.university/аралап тамашалады. Университет қалашығы территориясында толыққанды білім алуға арналған барлық жағдай жасалған: жаттығу залы, спорт алаңы мен секциялары бар таңғажайып спорт комплексі, медициналық пункт. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Республика бойынша ең жоғарғы студенттік спорт базасымен қамтылған: 5 мың көрерменге арналған трибуналы алаң, екі футбол алаңы, жаздық ойындар алаңы, теннис корттары, спорттық ойындар залы мен күреске, боксқа, ритмикалы және атлетикалы гимнастикаға, үстел теннисіне, бадминтон және мини футболға арналған залдар бар.
Қазақ ұлттық университеті- еліміздің жоғары білім беру саласының үздігі екендігін, сондай-ақ университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, парасатты білім ордасы екендігін, қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланғанын, бүгінде оқу ордасы әлемдік үздік оқу орныдарының үздіктер қатарында, мыңдаған мамандар даярлап отырғаны, университет бар қазақтың мақтанышы екендігі тыңдаушыларға түсіндірілді.
Тыңдаушылар оқу ордасын, үлкен қызғушылықпен, болашақта осы білім ордасында, өздеріде студент атанып, ғылыммен айналыссам деген үмітпен, сеніммен аралап шықты.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
Г.М.Мужигова, Г.Жұмаділ, К.А.Қасымова , С.А.Нусупбаева
Мамандық таңдау – болашақты таңдау
Қазіргі таңда мамандық кәсібімізге ғана емес, өміріміздің өзіне айналып бара жатқандай. Себебі кәсіпсіз күн көру қиын. Көп адам мамандықты дұрыс таңдамағанның кесірінен дені дұрыс жұмыс таба алмай, болмаса мамандығы бойынша қызметті алып кете алмай, абыройсыздыққа ұшырап жатады. Әрі-беріден соң, өзі ұнатпайтын салада грант үшін ғана оқитындар, оқығандар жетерлік.Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.
“Мамандық” сөзі латын сөзінен шыққан, “жұрт алдында сөйлеу, жариялау” дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақы төленуінің қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі тудырмайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз, мұндай да жағдайлар кездеседі. Бұндай жағдайда психолог-профконсультант , оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне білім алуға келген қандас бауырларымызға, өз мамандықтарын қателеспей таңдауларына, ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп, әр тыңдаушыға дұрыс бағыт-бағдар беруде.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз дегіміз келеді.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
С.А.Нусупбаева, А.М.Какенова, Ж.Т.Ибраимова,М.Е.Ерполатқызы
Отан-ұлы ұғым
Отан… осы бір қасиетті ұғымның мағынасы өте тереңде. Еліміздің отан болып қалыптасуы жолында халқымыздың даналығы, ерлігі, қайтпас қайсарлығы жатыр емес пе? Қазақ елі талай қиын қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні әлем таныған, терезесі ешкімге тең келмейтін жеке тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ержүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алуға келіп жатқан қандастар да ата-бабасының жеріне үлкен сезіммен, үлкен үмітпен келіп отыр. Елің үшін мақтан, елің үшін қайғыр» Ғабит Мүсіреповтің ұлағатты сөздерін еске ала отырып, жер бетіндегі әр адамның өз туған жерінен артық жер жоқ екеніне көңіл аударамыз. Туған жеріңе деген махаббатыңды, сүйіспеншілігіңді алғаш дүние есігін ашқан кезіңен- ақ байқауға болады. Кішкентай кезімізден Отан сөзін- біздің сүйікті отбасымыз, айналамызды қоршаған табиғатымыз, адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымыз, жақындарымыз, атамекеніміз деген сөздермен ұштастыра өстік. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы. Отанымыз бізді анамыз сияқты аялап, мәпелеп, өсіріп, бақытты болуымызға барлық жағдай жасады. Отаным менің кең-байтақ, әрі бай ел. Бұл ел, әр түрлі халықтарды бір шаңырақ астына жинап отырған, тату- тәттілікте ғұмыр кешіп жатқан қазақ елі. Қазақстан – бейбітшілік үшін күресетін мемлекет. Біздің еліміз егемендігін бүкіл әлемге паш еткен, бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатқан елдер қатарында. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз да елімізде аз емес.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келіп білім алуға келіп жатқан қандастар да елдің ертеңгі азаматы болу үшін білім алып, болашақтарынан үлкен үміт күттіріп отыр. Отанымыз жарқын болашаққа бастап, әрдайым береке-бірліктің ордасы болуын нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
Т.М. Буланова, Г.М.Мужигова, А.М.Какенова,М.Ш. Тойганбекова
Сәбит Мұқанов атындағы мұражайға саяхат
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының https://farabi.university/шетелден келген қазақ диаспара топтарының жетекшілері мен тыңдаушыларымен бірге, қазан айында, Алматы қаласы Төлебаев көшесінде орналасқан,Сәбит Мұқанов атындағы мұражайға саяхат ұйымдастырды. Тыңдаушылар мұражайды қызығушылықпен, таңданыспен аралап шықты. Тыңдаушылар Сәбит Мұқановтың өмірбаяны, отбасы, шығармашылығы, жеке қызығушылығына қатысты кызықты деректермен танысты, мұражайға қойылған жазушының көзі тірісінде пайдаланған жеке заттарын, алған марапаттарын, сыйлықтарын, жеке отбасылық суреттерін, заттарын көріп тамашалады.
Сәбит Мұқанов атындағы мұражай жазушының тірі кезінде өзі тұрған үйі, бүгінде жеке мұражайға айналған. Жазушының бар болмысы туралы, жеке басы туралы толық мәлімет беретін, әр бұрышы тарихтан сыр шертетін мұражай. Тыңдаушылар жазушы кезінде кімдермен жақсы байланыста болғанын, қандай сыйлықтар алғанын, қандай атақтар иеленгенін, қандай шығармалар жазғанын, қандай нәрселерді жақсы көргенін, қолы бос кезінде қандай іспен айналысқанын көріп, білді. Жазушы жайында көптеген мәліметтермен танысты.
Бүгінгі мұражайда өткен саяхатымыздан тыңдаушыларымыз үлкен әсер алып қайтты. Болашақта Сәбит аталары сияқты ұлы жазушыдан үлгі алып, үлкен мақсаттарына жету жолында барынша тырысып, ел үшін еңбек ететін, отансүйгіш азаматтар болуға деген талпыныстарының артқаны көздерінен көрініп тұрды. Жастарды еліміздің тарихы мен мәдениетімен терең таныстырып, оларды елжандылыққа тәрбиелейтін осындай шараларды көптеп өткіземіз деген жоспарымыз бар.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
К.А.Қасымова , В.А.Габитова, Г.М.Мужигова,Т.М.Буланова
Шет елден келген жастарды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу
Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ-ның ұстаздар қауымы осы құндылықтарды отанына келген әр бір жастың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеуді басты міндет деп біледі. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұрасын, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр тұлғаны қaлыптастыруға ұстаздар қауымы өз үлестерін жан-жақты қосуда.
Тyғaн тiлiн cүюдeн бacтaлaтын мaxaббaт, eлжaндылықтaн aдaмзaтты шeкciз құpмeттeyгe дeйiн өceдi. Жacынaн тyғaн xaлқының дaнaлығымeн cycындaп, oның өcиeтiнeн нәp aлып, әдeбиeттi cүйiп, coл apқылы ұлтжанды aзaмaт бoлып қалыптасуларына қазақ тілі пәні ұстаздарының еңбегі зор.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз.
Даналық- білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан шет елден келген жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне келген жастар үшін, сол тәлімгерлер – біздің үстаздар қауымы.
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – ұстаз алдындағы үлкен міндет. Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың назарында болды. Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады. Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық міндеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы. Шет елден келген жастарға тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде, бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында.
Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала кезден бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, екіншісі – халқым»-дейді.
Шет елден келген жастарымызды ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
– белсенді қарым-қатынас: оқушы мен оқытушының әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
– индивиттік: оқытушы әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
– өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;
– шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу;
– тыңдаушылардың сана-сезімін қалыптастыру;
– туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
– ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
– шет елден келген жастардың бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.
Адамның өз халқына дегенсүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезімменұласып жату керек. Халықтық әдетғұрып, салтсанасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ата-бабаларымыздың асыл мұрасына деген ұлттых рух, мақтаныш, намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз.
Қорыта айтқанда өзіміз үлгілі болайық құрметті әріптестер, өзімізді мәжбүрлеп болса да жақсы мінезді болуға, жақсы істер істеуге әдеттендірейік. Өзара құрмет, махаббат ішінде, адалдықты, көркем мінез-құлықты сіңіріп өскен жас ілгеріде елге пайдалы азамат болатыны, қоғамнан ойып орын алары сөзсіз.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары
Ж.Т.Ибраимова, М.Ш. Тойганбекова, В.А.Габитова, Г.М.Мужигова