Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университетіндегі Наурыз: дәстүр мен жаңғырудың жарқын көрінісі
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі. XI ғасырда «Мәлік күнтізбесі» деп аталатын жаңа күнтізбе құрастырылған. Онда жаңа циклдың басталуы 22 наурызға – көктемгі күн мен түннің теңелетінін күніне түседі. Бұл күнтізбе қазір пайдаланып жүрген күнтізбеге қарағанда, әлдеқайда дәлірек. Өйткені, 365 күн бар күнтізбеге қарағанда, жылына 324 күнді құрайтын Мәлік астрономиялық күнтізбесіндегі қателік 0.0002 күн және одан кем.
Қазақтың төл мерекесін өзіне қайта сыйлаған – әйгілі қазақ ақыны Мұхтар Шаханов. Қазақстанда 1926 жылдан бастап Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. Тек 1988 жылы Мұхтар Шаханов коммунистік партияның Орталық Комитетінің бірінші хатшысына хат жазып, сол жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамын қайта тойлана бастады.
Биылғы көктемнің шуақты мерекесі қыздар университетінде ерекше болды, ауа райы жып – жылы, көктемнің лебі сезілді.Университетімізде Наурыз мейрамы әрдайым жаңару мен жақсылықтың бастауы ретінде ерекше аталып өтеді. Наурыз – тек мереке емес, ол – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының көрінісі. Университет қабырғасында өткен шара осы құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Алаң ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп, қазақтың бай мәдениеті кеңінен насихатталды.
Қыздар университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы мерекелік шараға келген қонақтарды қарсы алып, дастарханға шақырды. Мерекелік бағдарлама аясында студенттер, ұстаздар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерден көріністер қойды. Әсіресе, дәстүрлердің сахналануы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар – жастардың белсенді қатысуымен өтті.
Наурыз дастарханы да ерекше сән-салтанатымен көз тартты. Қонақтарға бауырсақ, қымыз, наурыз көже секілді ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақтың қонақжайлылығы айқын сезілді. Бұл мереке студенттердің тек көңіл көтеріп қана қоймай, ұлттық болмысқа деген құрметін арттыруға үлкен ықпал етті. Университет ұжымы үшін Наурыз – бірлік пен татулықтың, достық пен ынтымақтастықтың символына айналды.
Бұл ұлттық мерекеге физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры профессор Г.И.Салгараева, білім беру бағдарламаларының көшбасшылары жоғары деңгейде ұйымдастырып, бұрынғы ардагер ұстаздарымыз қонақ ретінде шақырып, студенттер мен ұстаздар үшін ұмытылмас әсер сыйлады. Өадірлі қонақтар мен білім алушылар мерекелік лебіздерін білдіріп, жоғары оқу орнының жетістіктерін атап өтіп, алдағы даму жолына сәттілік пен табыс тіледі.
Қазақ қызы – нәзіктік пен күштің үйлесімі. Бір рух. Бір мәдениет. Бір тамыр. Қазақы нақыш – біздің болмысымыз.
Қорытындылай келе, Қыздар университетінде өткен Наурыз мерекесі ұлттық мәдениетті жаңғыртып, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін берген маңызды шара болды. Осындай игі дәстүрлер жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
Заурбекова Н.Д.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті,техника ғылымдарының кандидаты
физика кафедрасының қауым.профессоры
Қамбаш А.Ә.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, физика кафедрасының оқытушысы