ҚАЗҰУ-да шетелдік студенттер көптеп оқиды
ҚазҰУ-ға студенттердi iрiктеуге дайындық шетелдiктердi тiлдiк және жалпы бiлiм беру даярлығы кафедрасында шетелдiк студент-тыңдаушылардың әлеуетiн пайдалану мақсатында белсендi түрде жүргiзiлетiн кәсiптiк бағдарлау жұмысынан басталады, олар тiлдiк (қазақ/орыс) оқудан кейiн жоғары оқу орнына дейiнгi бiлiм беру факультетiнде оқуын жалҚғастырғысы келедi. Осылайша, куратор-эдвайзерлер оқытудың бастапқы және алдыңғы қатарлы деңгейіндегі шетелдік студент-тыңдаушылар үшін түрлі іс-шаралар өткізеді: кураторлық сағаттар, әңгімелер, ҚазҰУ мұражайына экскурсиялар.
Аталған іс-шараларда куратор-эдвайзерлер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де одан әрі оқу перспективалары туралы айтып береді. Қазiргi уақытта ҚазҰУ ғылыми зерттеулермен неғұрлым тереңдете айналысуға бағыт алды. ҚазҰУ тек жоғары оқу орнына ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығына да айналуда. Студенттер бірінші курстан бастап білім алу ғана емес, ғылыми жобаларға, конференцияларға қатысу, өз жұмыстарын жариялау мүмкіндігіне ие болады. Ғылым – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы. Университетте жоғары білікті оқытушылар, академиктер, профессорлар, доценттер, ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс істейді. Мамандықтардың кең таңдалуы әрбір студентке біздің университетке түсуге мүмкіндік береді.
Студенттерде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге түсу ережелері туралы көптеген сұрақтар туындайды. Толығырақ ақпарат алу үшін шетелдік студенттерге университеттің барлық факультеттері туралы ақпаратты қамтитын буклеттерді, постерлерді, слайдтарды зерделеу, сондай-ақ факультеттердің ашық есік күндеріне бару ұсынылады.
Дұрыс таңдау жасау – бұл студенттердің ғана емес, олармен жұмыс істейтін оқытушылардың да алдында тұрған маңызды міндет.
А.С.Казмагамбетова, Б.М.Айтбаевафилология ғылымдарының кандидаттары
және аға оқытушы А.А.Нурахунова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім берудайындығы кафедрасы