ҚазҰУ – дегі ғылыми ынтымақтастық
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушылары: Үсенбекова А.Е,
Какенова А.М,
Ахметова Ж.Ш
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ Қазақстан республикасындағы, тіпті Орта Азиядағы әлемге танылған бірден -бір оқу орны. Оның қабырғасынан 1934 жылдан бері қаншама маман иелері қанат қаққан. Қазіргі таңда университет қабығасында білім алып жатқан отандық студенттерден басқа 30 000 – ға жуық шет елден келген студенттер аудитория қабырғасында біліммен сусындауда. Бұл – университеттің шет елдер алдында жоғары беделін айқындай түседі десек, артық айтпағанымыз. Жуырда университетте, Орта Азияда тұңғыш Нейро орталық ашылды. Оның осы саладағы ғылымның дамуына қосар үлесі мол екеніне кәміл сенеміз. Университет еліміздегі білім берумен қатар, ғылым орталығы болып та саналады.
Үстіміздегі жылы университеттегі Жоғары медицина мектебінің хирургия кафедрасы мен Испания, Мадрид қаласы Genesis Care клиникасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Университетіміздің тарапынан аталған меморандумға Медицина және денсаулық сақтау жоғары мектебінің хирургия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Қ.Н. Тәжібаева, Genesis Care клиникасы тарапынан радиациялық онколог дәрігер, Комплутенце университетінің профессоры Майя Джугашвили қол қойды. Меморнадумның мақсаты: онкология, хирургия, сонымен қатар онкогинекология бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кәсіби тәжірибе алмасуға, емдеу мен диагностиканың замауи әдістерін қолдануға бағытталған. Меморандум аясында бірлескен мультидисциплинарлық консилиумдар өткізіліп отырады деп жоспарланған. Қ.Н.Тәжібаева: «Ынтымақтастың барысында интерндер, резиденттер және жас мамандарға білім беруді ұйымдастыру, академиялық бағдарламаларды дамыту, бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, онкологиялық пациенттерге медициналық көмек көрсету, клиникалық жобаларды іске асыру» – деп пікір білдірді. Осы ғылыми бастаманың болашағына кәміл сенеміз.