Қаржаубай Сартқожаұлының 3 бірдей кітабының тұсаукесері өтпек
Түркология ғылымына қомақты үлесін қосып, тастағы жазуларды сөйлеткен Еуразия ұлттық университеті жанындағы Түркітану, Алтайтану ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, тілші, тарихшы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы аймағымызға сапарлай келді. Ондағы мақсаты – туған жердегі ағайын туыстың халін білу, амандық саулық сұрасу.
Соңғы жылдары Түркі халықтарына ортақ мәдениетіміз болған көнетүркі жазуы, сын тастағы жазуларға ерекше назар аударылуда. Қаржаубай Сартқожаұлы Ататүрік атындағы тарих академиясының да белді мүшесі. Түркі мемлекеттерінің ғалымдарымен қоян-қолтық жұмыстайды. Бұл жолы аймағымызға келген сапарында ертең яғни айдың 26-күні 14 сағатта аймақтық орталық кітапханада үш түрлі бағытта жазылған зерттеу кітаптарының тұсауы кесілмек. Оқырмандар осы шараға көптеп келіп қатысып, ғалыммен дидарғайып сұхбат өткізуге болады.