Қаржаубай Сартқожаұлы 75 жаста
Белгілі түрколог ғалым, аймағымыз тумасы – Қаржаубай Сартқожаұлы 75 жаста.
Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурызда аймағымыз өлкесінде дүниеге келген.
Ғалымның мерейтойына аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы шапан жауып, ат мінгізді. Монғолияда туып, Күлтегіннің тасын сөйлеткен, Тоныкөктің тоңын жібіткен Қаржаубай ағамыздың шығармашылық кеші Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында «Байырғы түркілердің мәдениеті және оның сабақтастығы» деген тақырыпта өтті.
Қаржаубай Сартқожаұлының еңбек жолы туралы айтсақ ол 1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985–1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973–1975 жылдары орта мектепте ұстаз, 1975–1989 жылдары Моңғолия ғылым академиясының Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, 1989–1995 жылдары Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1995–1998 жылдары ААӨҚ-ның төрағасы, 1995–1998 жылдар аралығында Моңғолия ғылым академиясының Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры, 2001 жылдан Қазақ елі Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. 2010 жылдан бастап аталған университеттің Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры. Тарих ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докторы. Халықаралық Шыңғысхан Академиясының академигі, Ататүрік атындағы Халықаралық Түрік тарих құрымының (академиясының) мүшесі. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древнотюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 300 жуық ғылыми мақалалары Москва, Улан-Батор, Пекин, Стамбул, Лондон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жарияланды.
ҚР Премьер-Министрі орынбасарының грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2018 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен сыйланған. Мерейтой құтты болсын!